Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3) Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр Ал-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, м.Қашғари, ж.Баласағұни, м.Х.Дулати, қ.Жалайыри)

Әл-Фараби еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді 

XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл-Фарабидың елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме» , «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері» , «Астрология», «Китаб әл-мусики әл-кабир» секілді әрқайсысы бір-бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар.Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл-Фарабидың қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.Көптеген көшелерге Әл-Фараби есімі берілген.Оның еңбектері қазіргі кезде түрлі ғылым салаларында қолданылады. Әл-Фараби бейнесі Қазақстанның ақшасында да бейнеленген.

Қожа Ахмет Йасауи еңбектерінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы))

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан келе жатқан мұсылманшылықтың алтын бесігі болып табылады.Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га . Сегіз қырлы кесене, шығыс моншасы бар.Қорық : мұражай құрамына кіретін жиырмаға жуық археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Йасауи ескерткіші Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді қыштан соғылған ғимарат.

Ахмет Йасауи ғимаратының тағы бір ерекшелігі: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу іспетті.Қабырғаның қалыңдығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Үйдің қаңқасы түрліше қиыстырылғандоға немесе күмбез тәрізді элементтерден құралады. Бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында дамыған және сақталған. Қазақстанда Ахмет Йасауи атында кошелер және оқу орны бар.

Махмұд Қашғари еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. 

Қазіргі Қазақстанда Қашғаридың қалдырған еңбегі өте жоғары бағаланады. Ғалымның бұл кітабы ерте ортағасырлық түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық және т.б атауларды қамтыған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары айтылады. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Махмұд Қашғаридың түсіндірме сөздігі «Диуани лұғат-ат-түрік» бұл бүкіл түркі халықтарының тілтану энциклопедиясы іспетті. Мұнда алты мыңнан астам түркі сөздері мен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар.

Баласағұн еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі- «Құтты білік» «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл- бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғам дық-саяси , әлеуметтік бітімі қанық моральдық-этикалық рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние.Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдардың дәстүрлі бірлігі «мен мұңдалап» тұрады.Баласағұн еңбектері арқылы біз тарихымызды білдік. Ол түркі халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы жайлы құнды деректер қалдырып кеткен.Кейбір ғылыми мекемелерге оның есімі берілген.

Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Бабырдың айтуы бойынша Дулатидың бойында энциклопедиялық білім болған.Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортаснда жүрді.Мұхамед Хайдар Дулати Моғолстан , Орта Азия бөлігінің тарихын жете білген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған дәстүрлі «Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жеті рет ұйымдастырылып өткізілді. Көрнекті ғалым тарихшы М.Х.Дулатиға арналған «І Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы 1997 жылы 13-15 наурызда өтті. Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жалпы саны 77 баяндама келіп түсті және оның нәтижесінде конференция материалдарының жинағы жарияланды.

Қадырғали Жалайыри еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған.

"Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол тұстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы. Екіншіден, Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет). "Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан.