Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

91. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдықи саясаты

Халықаралық арақатынастардың ерекше аясы болып терроризм және экстремизм табылады. Бәріміз білетіндей, аталған екі құбылыс белгілі-бір мемлекеттің аумағында орын алғанымен, бүкіл әлемді масасыздандыратын мәселеге айналды. Себебі бұл оқиғалар дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделеріне қайшы тұрып, олардың бейбіт, тыныш және ынтымақтастық өмірін қауіпті жағдайға тірейді. Алайда, көптеген ғалымдар, бұл мәселелерді әлемдік қатынастардың жаһандануымен байланыстырады. Қазіргі заман өзінің күрделі қатынастарының қиындай түсуімен және рухани құндылықтарға кері көңілмен қараудың тенденциясымен түсіндірілетін адам және қоғам, қоғам және мемлекет, мемлекет және әлемдік қауымдастық арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.

Мұндай жағдайда әлемдік қауымдастықтың терроризм және экстремизммен күресудегі әсерлі әреккеттер болып мемлекет тарапынан кепілденген адамдардың оған бірігіп қарсы шығуы табылады. Біз білетіндей, террордың нәтижесінде адам құқықтары мен бостандықтары жексұрын, қатігез және көргенсіз нысанда бұзылады. Ал мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде орнығуы әбден дұрыс бағыттың дәлелі.мемлекеттер бұл мәселені шешу жолында мынадый бағытты ұстануы жөн – ұлтаралық және мемлекетаралық келісім.

Тұрақтанған жағдайда Қазақстан экстремизм және терроризмге қарсы тұруға байланысты халықаралық ынтымақтастық жүйесіне белсенді түрде енуде.

Қазақстан Республикасы ланкестік оқиғалардың ошақтарынан тыс аймақтарда орналасқанымен, ланкестер күштеріне қарсы тұру іс –қимылдарының белсенді қатысушылары болып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет бола тұра, әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып табылады да, терроризмді сынаумен қатар, онымен күресуде белсенді шаралар қабылдады.

Жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың саяси қайшылықтары кезінде аталмыш мәселе ерекше маңызға ие және оны шешу жолдары Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің саяси-құқықтық құрылымының ұлттық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылуы керек.

93-ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014ж 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы»атты сойлеген сөзінің негізгі идеяларын анықта

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру бойынша аймақтық семинар – кеңес

   2015 жылы 11 наурызда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру бойынша аймақтық семинар – кеңес өтті.

   Елбасының осы еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру мақсатымен семинардың өзекті мәселелері бойынша «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамының филиалы  Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры С.З. Байхонова, сол сияқты белгілі ғалымдар тарих ғылымдарының докторлары С.К. Игібаев, А.С. Алексеенко, саясаттану ғылымдарының кандидаты Л.В. Столярова, тарих ғылымдарының кандидаттары Р.К. Айдарбаева, Ж.С. Аубакирова., Ж.Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп –гимназия-интернаттың директоры М.З. Иксанов, тарих пәнінің мұғалімдері С.А. Кудабаева, З.Т. Сеилгазиналар сөз сөйледі.

   Сол сияқты семинар-кеңестің жұмысына 200-дей тарих, казақ, орыс тілдерінің мұғалімдері, облыстың, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, аудандардың білім беру басқармасының органдарының жетекшілері және білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

   Семинар барысы облыстың мектептері және аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттерімен он-лайн режимінде көрсетіліп, оның жұмысына 50 жуық облыстың білім беру обьектілері қосылды.

 Аймақтық семинар – кеңестің жұмысы тарих ғылымындағы жалпы әдіснамалық көзқарастар және зерттеу әдістерінен басталды.  Қазіргі Қазақстанның тарих ғылымы жаңа өлшемдермен – дербес қазақстандық ғылыми-тарихи және тарихнамалық кеңістікте дамып келе жатқандықтан тарих ғылымының әдіснамасына терең талдау жасау қажеттілігі туындап отыр. Семинар – кеңестің үйлестірушісі: «Осы жағдайларда егеменді Қазақстанның тарихнамасының жаңа кезеңінің сапалы ерекшеліктерін тауып, ой елегінен өткізу үшін  әдіснама тарихи танымның белгілі саласы, маңызды құралы болып табылады» - деп атап өтті.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет, «Қазіргі әлемде халықтың тағдырын анықтайтын канондардың бірі, ұрпақтар және құндылықтар сабақтастығы болып табылады, тәуелсіздік-бұл еңбек. Мектеп оқушылары және студенттердің ғылымда жететін еңбегі. Барлық мамандықтағы адамдардың ұлттық байлыққа көбейтілетін еңбегі. Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ұлы бірлігі, тарихы және мәдениеті, барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілге және этникалық тілдердерге құрметі».  2015 жылы Қазақстан халқы төрт маңызды мерейтойлық оқиғаны – Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығын, ҚР Конституциясының және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын атап өтеді.

Семинар кеңеске қатысушылардың сөздерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік дамуы үшін бұл ірі тарихи оқиғалардың маңызы, азаматтық әлемдегі құндылықтардың қалыптасуы,  қоғамдық келісімді нығайту жайлы қарастырылып, әсіресе тарих пәні мұғалімінің рөлі, оның тарих пәні сабақтарында өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизмді және толеранттық мәдениетті қалыптастырудағы жауапкершілігі атап көрсетілді.

   Аймақтық семинар-кеңес ҚР Білім беру және ғылым министрі А. Саринжиповтың 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» сөйлеген сөзінің мәтінін, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, ҚР Конституциясының және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған материалдарды  Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті оқулықтарына және оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізу  жөніндегі бұйрығын іске асыру шеңберінде өтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]