- •Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.
- •2) Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының тарихи эволюциясы
- •3) Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр Ал-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, м.Қашғари, ж.Баласағұни, м.Х.Дулати, қ.Жалайыри)
- •4) Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы
- •5) Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі
- •6) Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы
- •7 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •8) Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •9)Абылай саяси және мемлекеттік қайраткер
- •10)Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •7. Қазақ хандығының құрылуы 14-15ғғ. Қахақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі
- •8.Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
- •10.Ішкі ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі,экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау
- •11. 1905 1907 Жж революцияның қазақстандағы қоғамдық саяси өмірге ықпалы
- •12. Уалихановтың ,Құнанбаевтың,Алтынсаринның ағартушылық қызметі
- •13.Қазақтардың ресейдегі бірінші және екінші думаға қатысуы
- •14. Ұлт зиялыларының қалыптасуы,құрамы,қоғамдық қызметі: Бөкейханов,Досмұхамедов,Байтұрсынов,Тынышбаев,Құдайбердіұлы
- •15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары
- •16.Ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі қазақ газеті айқап журналы
- •17.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Ұлт азаттық көтеріліс
- •18.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстан ықпалы
- •19. 1917-1920 Жж Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •20. 1917Ж шілдедегі Жалпықазақ съезі мен оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Парияның бағдармаласы
- •21. Қазақстандағы 1917-1940жж мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
- •22.Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттік қалыптасу эволюциясы
- •23 Юнеско шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі
- •24.Қазан төңкерісі мен Қазақстанның саяси өмірі.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
- •25. Қоқан автономиясының құрылуы. М. Шоқайдың қызметі
- •26. Қазақ Аксрның құрылуы, оның құрамыга қазақ жерлерінің бірігуі. Қырғыз акср ның территориялық аймағының жоғарыдан белгіленуі
- •ТарихыӨңдеу
- •ШекарасыӨңдеу
- •Ауданы және ХалқыӨңдеу
- •Қазревком мүшелеріӨңдеу
- •27. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
- •28.Кіші қазан идеясы жəне оның қатерлі мазмұны.
- •29. Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар
- •30.Ұжымдастыру түрлері, əдістері, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •31. Ашаршылық 1930шы жылдағы демографияға əсері
- •32. Соғысқа дейінгі қазақ/ң қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937-38 жж. Жаппай қуғын сүргін
- •1938 – 1940 Жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- •Ел басшыларыӨңдеу
- •33) 1930-40 Жж. Қазақстанға күштеп көшіру ксро-ның əкімщіл-əміршіл саясаты екендігін дəлелде
- •35) Ұлы отан соғысының басталуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.
- •36) Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқияарлық ерліктері
- •37) Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар
- •38) Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы.
- •39. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
- •44. 1946-1953 Жж. Саяси өмір
- •45. И.Слатиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Партияның хх съезі. Н.Хрущевтің жылымылығы жылдарындағы Қазақстан
- •47. 1945-1965 Қазақстан білімі, ғылымы мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
- •48. Хх ғ. 70-80 жж. Басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылысының кенңінен өріс алуы және салдары.
- •51.Қазақстандағы қайта құру саясаты
- •52. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары
- •53.Кеңес одағының ыдырауы.Тмд-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.
- •54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.
- •56.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны(1949-1991)
- •57.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еібегінің маңызы.
- •59.1993Ж 28 қаңтарда қабылданған қр Конституциясының тарихи маңызын ашып көрсетіңіз.
- •60. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр конституциясын қабылдау
- •61. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы «Қазақстан 2030»
- •62. Назарбаевтың « Нұрлы жолы- Қазақстандық даму жолы» негізгі құндылығы және бірегейлігі
- •63. 2008 Жылғы 6 ақпандағы қр президентінің қазақстан халқына «Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының негізгі идеяларын түсінліріңіз
- •64. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегңндегі негізгі идеяларды ашыңыз
- •65 Астана қаласының Қазақстан Республикасындағы орны мен рөлін ашыңыз
- •66. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қр президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- •67.Н.Назарбаевтын «Қазақстандық жол» еңбегіндегі негізгі идеяны ашыңыз
- •68.Қазақстан Президенті н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол»мақаласы
- •69.Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы
- •70.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары
- •71.2011 Жылгы 28 ақпандағы қ.Р Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».
- •72.»Қазақстан-2020»стратегиялық жоспарының басымдықтары»
- •73.Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •74.''Нұрлы жол-болашаққа жол''жаңа экономикалық саясаты
- •75.1999-2001Жж қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттереі
- •76.Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызын ашыңыз
- •77.2005-2010 Жылдардағы қр -ның білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •78.Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •79.Қакзақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның
- •80.''Нұрлы көш'' бағдарламасының негізгі мазмұнын ашыңыз
- •81.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.Қазіргі білім беру моделі.
- •82.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі
- •83.Қр тілдер туралы заңы
- •84.Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы;Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам»мақаласы
- •86.Президен жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
- •87.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
- •88. Президент н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
- •89. 2004 Жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңы
- •91. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдықи саясаты
- •94 Жаңа Қазақстан-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала мұрагері екендігін дәлелдеңіз
- •95.Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұнын ашыңыз.
- •96.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша айту дәстүрінің ,шежіренің ,жазбаша тарихнаманың:м.Х.Дулатидың, қ.Қ.Жалаирдің аса көрнекті еңбектерін ашыңыз
- •Тарихи Рашиди
- •Жылнамалар жинағы[өңдеу]
- •97.Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтының орнын ашып көрсетіңіз
- •99.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде қазақ хандғының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және қазақ хандығынң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздегіз
- •101.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама
65 Астана қаласының Қазақстан Республикасындағы орны мен рөлін ашыңыз
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр
Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді. Астана қаласының аумағ ыҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный , Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағ ыауылдардың және Цилиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды. Бүгінде Астана -71014 га (1998 ж. -25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы- 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты. Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны - 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Өзін-өзі басқаруы
Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.
Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:
әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.
Экономикасы
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.
Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.
Мәдениет және қоғам
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.
Спорт
Барыс (хоккей клубы)
Қаланың назар аударарлық орындары
Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше.
АHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"қ-HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
БHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA_(%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82)"әйтерек — Астананың басты символы.
Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.
Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.
Ү
