Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

33) 1930-40 Жж. Қазақстанға күштеп көшіру ксро-ның əкімщіл-əміршіл саясаты екендігін дəлелде

1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, УкраинаданБелоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.

Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 19371938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.

Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 19391940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 19401941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 19401941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 19401941 жылдары 200 мыңдай поляк АқмолаАқтөбеҚостанайПавлодарСолтүстік ҚазақстанТалдықорғанЖамбылАлматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.

Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 19351936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.

1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білімтілмәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.

70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, АтырауҚарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.

КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. ТүрікменстанӘзірбайжанГрузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.

Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.

30—40-жылдардағы халықтардепортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.

Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.

Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.

Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.

34)

Еесектер арасында сауатсыздықты жою



Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.

1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.

Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.

1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.

Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.

1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)

халыққа білім беру ісі

1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.

1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.

20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді

2) Әдебиет пен өнер онкүндігі (Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндіктері), мәдени-көркем шара. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ әдебиеті мен енерін әлемдік деңгейге көтерген және барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мәскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр»опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының әңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. ЖабаевК. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз»Ғ. Мүсіреповтің«Қазақ солдаты»Ғ. Мұстафиннің«Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай» романының 1-2-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезов өзінің осы әдеби онкүндіктен алған әсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Әуезов 1936 және 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп:

«Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»[1]

деп жоғары бағалады.[2]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]