Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

29. Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар

Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

30.Ұжымдастыру түрлері, əдістері, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.

Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.

Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.

Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды. С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстанбаев, Ж.Мыңбаев, С.Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.

Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдардың басында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кезекті іс-əрекеттері ауылшаруашылық саласында «Ауылдағы партияның саясаты – бай-кулактарды тап ретінде жою жəне ұжымдастыру» деген ұранмен басталды. Көшпелі шаруашылық-мəдени қызметтің күрделі түрі ретінде, өзінің əлеуметтік ұйымдастырылуымен жəне көпдеңгейлі жүйелілік байланыстар кешенімен отырықшылық негізіндегі кеңестендіру үдерісіне дайын болмады. Соған қарамастан, астық дайындау науқанын көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді тартып алу арқылы іске асыру ұсынылды. 1931 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазөлкелік комитеті мал шаруашылықты аудандарға міндеттер жүктеді: «ұжымдастыруды барынша жеделдету» жəне ТОЗ-ды айналып өтіп, қазақ ауылына колхоз құрылысының негізгі түрі ретіндегі ауыл шаруашылығы артелдерін енгізу. Колхоз құрылысын құрудағы қысым көрсету, қауіп төндіру, үркітіп-қорқыту, тəркілеу əдістерін қолдану «едəуір» нəтижелерін берді. Егер 1930 жылы республика бойынша колхоздар саны 7 мыңды құраса, оның 2 мыңнан астамы жайылымдық жерлерге орналасты. 1931 жылдың 1 маусымына қарай мал өсіретін шаруа қожалықтарында оның жалпы санының 44,1 пайызы ұжымдастырылды. Осылайша, жаппай күштеп отырықшыландыру үдерісі Қазақстанның халық шаруашылығын бұзу арқылы өндірісті ұйымдастыру қағидаларын (жайылымдарға қысым жасау, жайылымдардың қаңырап бос қалуы, қуаңшылықтың кеңінен өрістеуі) түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұрағаттық құжаттар 1929–1934 жылдардағы ашаршылық пен сталиндік ұжымдастыру арасындағы сабақтастықты дəлелдейтін бұлтартпас айғақ. Дəл оның КСРО-да белең алуы 1932–1933 жылдардағы азық-түлік дағдарысын шарықтау шегіне жеткізді. 1929 жылдың аяғы мен 1930 жылдың басындағы жаппай ұжымдастыру кезінде аймақтардағы ашаршылық жəне оның салдарынан өлім-жітімнің көбейгені тіркелген. Оған 1929 жылы ауылдық жерлерде күштеп астық дайындау себепші болды. Олар елді индустрияландыруды жүзеге асыруға негіздер іздеген сталиндік басшылық бағытының тікелей нəтижесі еді. Ауыл шаруашылығы саласындағы большевиктік тəжірибе сəтсіз аяқталды, идеялық басшылары болса оның қайғылы салдары үшін бүкіл жауапкершілікті кеңестік биліктен ең көп жапа шегіп, ұрып-соғу мен қуғынға ұшыраған шаруалардың мойнына арта салды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]