Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары

Байтұрсынов Дулатов

 XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтарды ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретіндеЖ.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмүхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар«Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрдедемократиялық реформалар арқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты.

Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезіміндамыту ісін олар тоқтатқан жоқ. Өйткені олар халықтың болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады.

Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саяси және құқтықфилософия төңірегінде өрбімек.

XX ғ.   ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынүлы (1873-1937 жж.) кейпі бүкіл сол кездегі ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқулықтың көлеміне байланысты, осы Ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманның сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.

Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйкыда жатқан» халықты ояту керек, ол үшін басқа амал болмаса, оны «маса» сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.

Мұндай жағдайда халыктың бостандыққа жетуі - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстанның автономиялықдәрежесіне, өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жетіп, халықты ағарту, мәдениетті жанарту арқылы көптен бері созылған халықтың ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжарлықтан құтқару мақсатын койды.

А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық үрдістідамыту, адам құқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрінзаңды жетілдіру арқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: олрулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына түседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті.

А.Байтұрсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз кұқтарының қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтыңоянуына, саяси-құқтық санасының өсуіне өзінің пайдасын тигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, экстенсивтік шаруашылық формаларын интенсивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап тұрған көп өндіріс орындары осы ойды дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жұмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!

Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы теңқұқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде күңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.

Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің қайнар көзін ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрді. Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесіне жан аямай, ізгі ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.

Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентификация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оған барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.

Сонымен қатар ол екінші қауіпті да көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдің қойған Талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалудыавтаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті) бағыттан көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра бағалауы.

Өткен заман келмеске кетті, оны қайтару мүмкін емес, сондықтан алға кеткен халықтардың жетістіктерін игеріп, болашаққа қарай жігерлі де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-6.). Сонымен қатар бұл үрдіс халықтың өз болмысын жоғалтып, мәңгүрттікке жол салмауы керек. Ол үшін тек қана өз руханиятынасәйкес келетін (ал оның өзі - Абай мен Шәкәрім көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы іске асуы керек. Сонда ғана ол өз жемісін бермек. Қандай ғажап ойлар!

Бүгінгі таңда XX ғ. басында өмір сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы - халықтың бостандығы мен егемендігі - іске асты. Олардың айтқан көп гуманистік-демократиялық идеялары бірте-бірте өмірге енуде. Президенттің халық алдына қойған «Қазақстан-2030» бағдарламасы 30-шы жылдардағы ұлттық интеллигенцияның қойған өзекті мәселелерін қамтып, оларды әрі қарай дамытты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]