- •Өндірістік жүйенің негізгі параметрі мен құрылымы
- •Өндірістік жүйелердің дамуының негізгі бағыттары
- •Объектті адаптивті басқарудың құрылымдық схемасы
- •Икемді өндірістік жүйедегі технологиялық операцияларды автоматизациялау
- •Икемді өндірістік жүйені басқару
- •15Жылжу датчиктері
- •Иногда датчиками движения ошибочно называют акселерометры; в действительности акселерометры не могут почувствовать прямолинейное равномерное движение. Применение
- •16.Бағдарламаланған логикалық контроллерлер
- •18.Бағдарламаланған контроллердің құрылымдық схемасы
- •19.Плк базасындағы мониторинг жүйесі
- •20.Сандық бағдарламалық басқарудың компьютерлік құралы
- •21.Басқару жүйесінің электрлік жетегі
- •22.Электромеханикалық жетек
- •23.Басқарылатын электрлі жетек
- •24.Қадамды электр жетегі
- •25.Гидравликалық жетек
- •27.Жоғыш және фрезалы цикл
- •28.Потенциометрикалық датчик. Сыйымдылық датчиктері
- •33. Электроұшқынды өңдеу
- •Электроискровые станки
- •Схемы электроискровой обработки
- •Электроимпульсная обработка
- •Электроимпульсная установка
- •43. Өнеркәсіпте электрлі-эрозиялық өңдеудің қандай технологиялық сұлбалары қолданылады?
- •44. Магнитті-электрлік тегістеудің маңызы қандай?
- •45.Электролитті сорудың қажетті жылдамдығын қалай анықтайды?
- •46.Өңдеудің біріктірілген әдісі дегеніміз не?
- •47.Анодты-абразивтік өңдеуі сипаттап беріңіз
- •48.Материалдарды өңдеудің физика-химиялық әдістері қалай жүйленеді?
- •50. Плазматрондардың негізгі сұлбалары
- •51. Бос абразивпен өлшемді ультрадыбыстық өңдеу кезіндегі материал қирауының механизмі қандай?
- •52. Жарық сәулесі электрлі-эрозиялық өңдеу үрдісіне қалай әсер етеі?
- •54. Электронды-сәулелік пісірудің негізгі ерекшеліктері неде?
- •55. Магнитті-абразивті жылтырату кезіндегі абразивті кесудің ерекшеліктері неде?
- •56. Металлдарды кесумен өңдеу кезінде плазмалық қыздыруды қандай жағдайда қолданған орынды?
- •57. Өңделетін беттің ауданы мен дайындамаға электрод-аспабын енгізу тереңдігі ээө үрдісінің өнімділігіне қандай әсер береді?
- •58.Электродтарда (эхө) кернеуді қалай таңдайды?
- •59.Магнитті-стрикция әсері неде?
- •60.Ультрадыбстық өңдеу үрдісінің технологиялық көрсеткіштеріне металдың анодты еруі қалай әсер етеді?
- •61. Мұнай және газ саласының техникалық негізгі даму бағыт
- •62. Пакерлер.Олардың тағайындалуы, жұмыс істеу принципі.
- •63. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысының құралы.
- •64. Арнайы мақсаттағы қашаулар.Олардың тағайындалуы,классификациясы және жұмыс жасау принципі.
- •65. Винттік (көлемдік) ұңғымалы қозғалтқыштармен ұңғымаларды бұрғылау негізі
- •66. Газ және мұнай кен орындары жайлы түсінік және оларды жобалаудың экономикалық негізі
- •67. Экономикалық негізделген насосты жабдықтың таңдауы және штангілі қондырғының жұмыс істеу.
- •68. Бұрғылаудың классификациялық тәсілдері
- •70. Бұрғылау насостары
- •71.Ұңғыманың құрылысы
- •72. Ұңғыманы жуу
- •73.Мұнай және газ кен орындары
- •74.Роликті конусты қашаулар(Шарошкалы қашаулар)
- •75.Алмазды қашаулар
- •76.Қаңғалақты(Қалақшалы) қашау(долота)
- •77.Мұнай – газды өңдіру. Мұнай – газды өңдіру режимі мен кезеңі.
- •Сенімділіктің үздіксіз,төзімділік,жөңдеуге жарамдылық, сақтаулылық және комплекстік көрсеткіштері.
- •Кездейсоқ шаманың мұнай кәсіпшілік жабдықтарының сенімділігіне сәйкестігі. Негізгі сипаттамалары.
- •84. Істен шығуы, классификациясы. Мұнай кәсіпшілік машиналарының және жабдықтарының істен шығуы.
- •85. Жабдықтың сенімділігін негізгі критерилерімен бағалау Оценка надежности оборудования по основным критериям
- •86. Сенімділік көрсеткіштерін кездейсоқ шама бойынша бөлу заңдылығы.
- •87. Бұрғылау жабдықтарының тісті және тізбекті берілістерге жүктеу режимінің ерекшеліктері мен сенімділікті есептеу көрсеткіштері.
- •88. Жабдықтың сенімділігін арттыру әдістері.
- •90. Сенімділік көрсеткіштерін бақылау әдістері. Сенімділікке сынау жоспары.
72. Ұңғыманы жуу
Ұңғыларды бұрғылағанда жыныс талқандаушы аспаптар ұңғы түбіндегі тау жыныстарын талқандайды. Осының әсерінен ұңғы забойында бұрғылау ұнтақтары (шлам) пайда болады. Егерде мұндай ұнтақтарды дер кезінде ұңғыдан жер бетіне көтермесе, олар көбейіп ұңғыны тереңдетуге кедергі жасайды, ал кейбір жағдайда апатқа әкеліп соқтырады. Сонымен қатар жынысталқандаушы аспаптардың кескіш ұштары бұрғылау процесі жүріп жатқан кезде тау жыныстарымен үйкелісу салдарынан қызады, сондықтан оларды салқындату қажет. Осы айтылған жұмыстарды орындау үшін ұңғыларды бұрғылап жатқан кезде оларды үздіксіз жуып немесе үрлеп тазалап тұру керек. Сонымен ұңғыны жуу немесе үрлеу деп ұңғының түбіндегі Ұңғыларды жуу әдістері тура, кері, құрастырылған және ұңғының түбінің маңындағы жергілікті жуу болып төртке бөлінеді. Ұңғыларды тура әдіспен жуғанда ( 40а- сурет), жуу сұйығының ағыны жуу насосы арқылы айдағыш түтікке беріледі де, одан әрі сальник арқылы бұрғы құбырлар тізбегінің ішімен өтіп, ұңғының түбіне жетіп ондағы талқандалған тау жыныстарын ұңғы қабырғалары мен бұрғы тізбегінің арасындағы сақиналы саңылаумен жоғары көтереді. Ұңғыларды кері әдіспен жуғанда ( 40 б - сурет), жуу сұйығы насостың күшімен бұрғылау тізбегі мен ұңғы қабырғалары аралығындағы сақина тәрізді саңылау арқылы ұңғының түбіне жетіп, талқандалған тау жыныстарын
Өндірісте тура жуу әдісі өте жиі қолданылады. Өйткені бұл әдіс кері жууға қарағанда ұңғының қабырғасының құлауына кедергі жасайды, содан соң жуу сұйығын ұңғыға жіберу үшін оның сағасын бекітудің және герметизацияның қажеті жоқ. Тура жуудың бір кемшілігі бұл әдіс ұсақталған, жарықшақтары көп және ерігіш тау жыныстарында керн шығымын өте төмендетіп жібереді. Сондықтан керн шығымын көбейту үшін кері және қосарлас жуу әдістері қолданылады.Қосарлас жуу әдісінде ( 40 в - сурет) жуу сұйығы колонкалық құбырға дейін тура әдіспен жіберіліп, одан кейін яғни ұңғы түбіне жақын аумақта кері әдісті пайдаланады. Ол үшін эжекторлы немесе эрлифті снарядтар, пакерлер және батырылмалы насостар қолданылады.
Ұңғы түбі маңындағы бұрғы сұйығының шыр айналысын туғызатын бұрғылау әдісі, яғни жергілікті жуу әдісі насоссыз бұрғылау кезінде жиі қолданылады. Ол үшін жуу сұйығы ретінде ұңғы ішіндегі жер асты суларын немесе арнайы жоғарыдан құйылған жуу сұйығын пайдаланады. Ұнғы түбінде жуу сұйығының тұйық шырайналма қозғалысы болу үшін арнайы нососсыз бұрғылауға арналған аспаптар қолданылады. Ұңғыны жуудың қандай түрі болса да жуу сұйығының шыр айналымына, тау жыныстарының физико -механикалык қасиеттері, мұнай мен газ және жер асты суларының мөлшері, ағу жылдамдығы, қысымы, температурасы, және т.б. жағдайлары өте үлкен әсер етеді. Мысалы, мұнай мен су атқылаушы ұңғыларда жуу сұйығының шыр айналымы толығымен бұзылады, ал жоғары температуралы ұңғыларды бұрғылағанда, жуу сұйығы тек қана өз қасиеттерін жойып қоймай, әсіресе жуу
Жуу агенттерінің түрлері, атқаратын міндеттері және оларды қолдану аймақтары. Тау жыныстарының физико-механикалық ерекшеліктеріне және бұрғыланатын ұңғылардың мақсаттарына байланысты өндірісте әр түрлі жуу сұйықтары қолданылады, олардың негізі ретінде:
а) су;
б) сулы ерітінділер;
в) сулы дисперстік жүйе негізінде:
- саз балшық, бор, сапрофель, торф және құрастырылған ертінділер,
- сұйық дисперсиялық фазалар (эмульсиялар),
- ұнтақталған тау жыныстарынан пайда болатын жуу сұйықтары (табиғи
жуу сұйықтары),
г) негізі көмірсутекті дисперстік жүйе;
д) қысылған ауа мен газ.
е) полимерлер.
Қазіргі кезде ең көп тараған жуу агенттерінің қатарына су және балшық ерітінділері жатады.
Жуу агенттерінің атқаратын негізгі міндеттері. Жуу агенттері негізінен төмендегі міндеттерді атқарады:
1. Ұнтақталған тау жыныстарын ұңғы түбінен жер бетіне көтереді.
2. Тау жыныстарын талқандаушы коронкалар мен қашаулардың кескіш ұштарын бұрғылау кезінде салқындатады.
3. Опырылғыш, осал немесе ерігіш тау жыныстарын бұрғылағанда ұңғылардың қабырғаларын бекітіп, оларды құлаудан және сырғудан сақтайды.
4. Мұнай мен газ немесе бірнеше сұлы қабаттарды бірінен – бірін уақытша ажыратады.
5. Тау жыныстарын қосымша талқандайды (гидромониторлы әсер).
6. Бұрғылау құбырларының сыртын "майлап", құбырлармен ұңғы қабырғасы арасындағы үйкеліс күшін және қажалуын азайтады.
7. Ұңғыға түсірілетін түптік машиналардың (трубобур, пневмосоққыш, гидросоққыш т.с.с), механизмдерін іске қосып жұмыс істеткізеді.
8. Барлама ұңғыларды гидротасымалдау тәсілімен бұрғылағанда тау жынысының үлгісін (кернді) жер бетіне көтереді және де басқа міндеттер атқарады.
