Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.02 Кб
Скачать

Технологиялық карта 16

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Допты домалату

Мақсаты: Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру түрлерін үйрету. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту. Допты бір-біріне домалату дағдыларын бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың санына қарай доптар, бағдар алу үшін жіптер мен таяқшалар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye,Таяқша-палки-sticks

Доп-мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру.

Балалар бір қатарға тұрып, педагог тапсырманы түсіндіреді. Барлығы бір сапқа бір-бірден, шамамен залдың төрттен бір бөлігінде жүріп келеді, одан кейін нұсқаушының «серуендеп келейік» деген белгісіне қарай доптың арасымен бүкіл зал ішімен жүреді. Доп арасымен жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру екі рет өткізіледі.

Доппен орындау ЖДЖ:

Б.қ: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Допты жоғары қарай көтеру, жоғары қарау, төмен түсіру, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.:аяқтары иық деңгейінде, доп екі қолында- кеуде тұсында. Еңкею, допты еденге тигізу, тік тұру, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Отыру, допты алға созу. Тұру, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: отыру, допты алдында ұстау. Допты өз айналасында оңға (солға) қарай домалату.

Б.қ.: аяқтары сәл ғана ашылған, қолдары белінде, доп еденде. Доп айналасында орында тұрып кезекпен жүріп, секіру.

Педагог балаларды екі шағын топқа бөледі. Бір топ допты орнына қояды, ал екінші топта доп балалардың қолында қалады.

Допты бір-бірінің қақпасына домалату (балалар арасы 1,5-2 м қашықтықта).

Доға астынан еңбектеп өту (биіктігі 50 см).

«Торғайлар мен мысық» қимыл –қозғалыс ойыны.

Доға астынан еңбектеп өту (биіктігі 50 см).

«Торғайлар мен мысық» қимыл-қозғалыс ойыны.

Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.

Жаттығуларды 4-6 рет қайталау.

Педагог доғаларды қойып шығады, балалар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы өзіне жұп келетіндей етіп орналасады. Педагог кімнің қақпасына кім допты дөңгелететінін естеріне салады. Доғадан қашықтық таяқшамен немесе жіппен белгіленеді. Жаттығуды баламен жұптасып көрсету керек. «Домалатыңдар!» белгі бойынша балалар домалатады. Жаттығу 6-8 рет қайталайды.

Балалар екі сапқа тұрады және бірінің артынан бірі доғаның астынан еңбектеп өтеді. Бұл екі рет қайталанады.

Рефлексиялық түзетушілік

Бір қатар тізбекпен бір-бірден жүру

Балалар арақашықтықты сақтайды. (1 қатар)..

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: алдыңғы техналогиялық картадан үйренген баскетбол ойынының;.

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: доп лақтыру және екі қолмен қағып алу дағдыларын.