- •Технологиялық карта 2
- •Технологиялық карта 4
- •Технологиялық карта 6
- •Технологиялық карта 8
- •Технологиялық карта 10
- •Технологиялық карта 12
- •Технологиялық карта 14
- •Технологиялық карта 16
- •Технологиялық карта 18
- •Технологиялық карта 20
- •Технологиялық карта 22
- •Технологиялық картасы 24
- •Технологиялық картасы № 26.
- •Технологиялық картасы27
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы
- •Технологиялық картасы № 26
- •Технологиялық картасы 28
- •Технологиялық картасы № 30.
- •Технологиялық картасы 32
- •Технологиялық картасы 34
- •Технологиялық картасы 36
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс- әрекетінің технологиялық картасы № 27.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс- әрекетінің технологиялық картасы № 29.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 39.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 41.
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
- •«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Секіру» ойыны.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 51.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны.
- •«Тақия тастамақ » ұлттық ойыны.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •1.Бала:
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 61.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 67.
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс- әрекетінің технологиялық картасы № 29.
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Жатып орындайтын жаттығулар.
Мақсаты: 1. Жатып орындалатын жаттығулармен таныстыру.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдықты, ептілікті дамыту.
3.Үш метрден он метрге дейін қайталамалы (челночный) жүгіруге жаттықтыру; іші толтырылған допты аттап жүруге жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: іші толтырылған доптар.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1. Бір қатар сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. 2. Тыныс алу жаттығуларын орындау. 3. Музыканың сүйемелдеуімен жылдам жүру. |
Терең тыныс алып, дем шығару. Музыканың әуеніне сай баяу, жылдам жүру |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
1. Жатып орындалатын жаттығулар 1-кезең: Б.қ.: шалқадан жату. Диафрагма көмегімен (кеуде мен іштің ортасында бұлшық етті қозгап) баяу тыныс алу. Б.қ.: алдыңғы жаттығудағыдай қалып. Аяқты велосипед тепкендай қозғалысқа келтіру. Б.қ.: аяқтарды бүгіп, шалқадан жату. Тізені оңға қарай қозғалту, б.қ. келу. Дәл солай сол жаққа орындау. Б.қ.: аяқтарды бүгіп, шалқадан жату. Тізенің арасын ашу, тізені біріктіру. Б.қ.: аяқтарды бүгіп, шалқадан жату. Аяқты жоғары көтеру, түсіру. Б.қ.: шалқадан жату. Диафрагма көмегімен (кеуде мен іштің ортасында бұлшық етті қозғап) баяу тыныс алу. Б.қ.: аяқтарын бүгіп, шалқадан жату. Аяқтарын түзу жоғары көтеріп, алға, артқа қозғау. Б.қ. келу. Б.қ.: аяқтарын бүгіп, шалқадан жату. Саусақтары мен башпайларын жұму, ашу. Б.қ.: аяқтарын бүгіп, шалқадан жату. Дем тартып, дем шығару. 3-4 рет қайталау. 2.10 метр жерді қайталамалы жүгіріспен жүгіріп өту. 3.Іші толтырылған доптарды аттап өту (доптар бірдей қашықтықта екі-екіден қойылған, қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүру). 2-кезең: Б.қ.: аяқты бүгіп, шалқадан жату. Диафрагма көмегімен (кеуде мен іштің ортасында бүлшық етті қозғап) баяу тыныс алу. Б.қ.: аяқты бүгіп, шалқадан жату. Тізені оңға қарай бүру. Дәл солай сол жаққа орындау. Б.қ.: оң жақ бүйірмен жату. Сол аяқты артқа қарай созу. Одан кейін оны бүгу және оң аяқтың алдына қою, б.қ. келу. Б.қ.: сол жақ бүйірмен жату. Дәл солай оң аяқпен жасалады. Б.қ.: тұру, төрт аяқтап тұру. Диафрагма көмегімен тыныс алу. |
Барлық жаттығуларда қарқын баяу болады. Барлық жаттығулар 3-4 рет қайталанады. Жаттығуларды педагогтің нұсқауы бойынша орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Бір қатар сапқа тұру. Үйге тапсырма беру. Еденде созылып жатқан жіптің үстімен жүру.
|
Сабақта есте сақталған жаттығуларды үйде бірнеше рет қайталау. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: жатып орындалатын жаттығуларды; түсінеді: тепе-теңдік сақтап жүру кезінде орындалатын шарттарды;
қолданады: үш метрден он метрге дейін қайталамалы жүгіру және іші толтырылған допты аттап жүру дағдыларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы:Еңбектеу және өрмелеу.
Мақсаты: 1. Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әрбір балаға гимнастикалық таяқша,
көз байлайтын материал, педагогтің таңдауына қарай алынған құралдар. Билингвальдық компонент:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1.Педагогтің командасы бойынша екі қатарлы тізбекпен жүріп, жаттығулар орындау. 2.Шашырап жүгіру. Екпінмен жүгіру. |
Қолды екі жаққа созып, білезігін айналдырып жүру, қолды жоғары көтеріп жүру, т.б. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
Гимнастикалық таяқшамен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс, таяқшаны төмен ұстау. - таяқшаны алға созу; - оң қолды төмен түсіріп, сол қолдағы таяқшаны тігінен ұстап, жоғары көтеру; - таяқшаны алдыға созып ұстау; 4 - сол қолды төмен түсіріп, таяқшаны оң қолға ауыстырып, таяқшаны жоғары көтеру; 5 - таяқшаны алдыға созып ұстау; 6 - бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: аяқтың арасын ашып тұру екі қолды шынтақтан бүгіп, таяқшаны кеуде тұста ұстау. 1-2 - алға иілу, еденге қолды тигізу; 3-4 - бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: негізгі тұрыс, таяқша еденде жатады. 1 - оң аяқпен таяқшаны аттап, алға бір адым жасау; 2 - сол аяқты оның қасына алып келу; 3- оң аяқпен таяқшаны аттап, артқа бір адым жасау; 4. сол аяқпен артқа бір адым жасау. Б.қ.: тізерлеп тұру, таяқшаның екі шетінен ұстап, жауырынға қойып тұру. 1.- таяқшаны жоғары көтеру; 2.- оңға еңкею; 3 - түзу тұрып, таяқшаны жоғары көтеру; 4 - бастапқы қалып. Дәл солай сол жақпен орындалады. 2. Негізгі жаттығулар: (Педагог 4-6 жаттығуды өзі таңдайды) -3-4 м қашықтықты басымен допты итеріп, еңбектеп өту; -қаз-қатар түрған заттардың арасымен еңбектеп өту; -2-3 м қашықтықты артқа қарай еңбектеп жүру; -көлбеу қойылған тақтайшаға жорғалап шығу және одан сырғып түсу; -көлбеу қойылган тақтайшаға өрмелеп шығып, одан соң гимнастикалық қабырғаға өту; -көлбеу қойылған баспалдақпен өрмелеу. Жаттығуларды орындау барысында педагогтің айтқанын мұқият тыңдау 3. «Кім шақырғанын анықта!» ойыны. Шарты: балалар дөңгелене тұрады. Ортаға бір баланың көзін байлап шығарады. Балалардың біреуі баланың атын атайды, көзі байланған бала өзінің атын кім атағанын дауысынан тану керек. |
Жаттығуларды 4-5 рет қайталау
Ойын барысында тыныштық сақтап, бар зейіндерін салып ойнайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Әрбір жасалған үш адымнан кейін қол шапалқтап жүру |
Бір тізбекпен және жұп болып жүреді. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін;
түсінеді: ойын шартын;
қолданады: еңбектеу және өрмелеу дағдыларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс- әрекетінің технологиялық картасы № 31.
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Орындықта жасалатын жаттығулар.
Мақсаты: 1. Орындықта отырып орындалатын жаттығу түрлерін үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Допты қабырғаға лақтырып, ыршыған допты қайта қағып алу біліктерін үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бір балаға арналған орындық, доптар.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1.Орындықтар арасымен жүру; 2.Орындықтар арасымен жүгіру. Педагогтің командасы бо- йынша қолға жаттығу жасап, екі қатарлы сапта жүру. |
Бір қатар тізбекпен жүру. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
-қолды екі жаққа созу, демалу, қолдарды түсіріп, дем шығару; -қолды екі жаққа созу, тізені ұстап түрып дем алу, екі тізені бір-біріне тақау; -қолды шынтақтан бүгу; қолды белге қою; -қолды белге қойып, екі жаққа иілу;
Допты қабырғаға лақтырып, ыршыған допты қайта қағып алу |
Дем алу және терең дем шығару. Жаттығулар педагогтен орындалады. Жаттығуларды 5-6 рет қайталау. Жаттығулардың бәрін педагогтің көмегімен орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Шашырап жүру |
Ысқырық бойынша бағытты өзгерту. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: орындықта отырып орындалатын жаттығу түрлерін;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды;
қолданады: допты қабырғаға лақтырып, ыршыған допты қайта қағып алу дағдыларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Тепе теңдік сақтау жаттығулары
Мақсаты: 1. Тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру.
2. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3. Кішкентай шығыршықпен орындалатын жаттығуларды үйрету; гимнастикалық қабырғамен өрмелеуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әрбір балаға бір шығыршықтан, қалған құралдарды педагог өзі таңдайды.
Билингвальдық компонент:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру. |
Музыка әуеніне сай жүреді, жүгіреді. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
1. Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды алға созып, шығыршықтың екі шетінен ұстап тұру. 1-2 - оң жаққа бұрылу; 3-4 - бастапқы қалыпқа оралу; 5-6 - сол жаққа бұрылу; 7-8 - б.қ. келу. Б.қ.: негізгі тұрыс, шығыршықтың екі шетінен ұстап тұру. 1 - отыру, шығыршықты жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: аяқтар иық деңгейінде қойылған, шығыршықты оң қолмен ұстап, төмен түсіріп тұру.
Дәл солай екінші қолмен орындау. Б.қ.: аяқтар иық деңгейінде қойылған, шығыршықты оң қолмен ұстап, төмен түсіріп тұру. 1 - сол аяқты тізеден бүгіп жоғары көтеру, оның астынан шығыршықты екінші қолмен алу; 2 - аяқты түсіру, бастапқы қалыпқа оралу. Дәл солай оң аяқпен орындалады. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды алға созып, шығыршықтың екі шетінен ұстап тұру. 1 - қолдарды алдыға қарай тік созу; 2 - иіліп шығыршықты еденге тигізу; 3 - түзеліп, алға созып, тігінен ұстау; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: негізгі тұрыс, шығыршықты жоғары көтеріп тұру. 1 - оң аяқты оң жаққа жылжытып қою; 2 - сол аяқты оның қасына қою; 3 - сол аяқты сол жаққа жылжытып қою; 4 - оның қасына оң аяқты қою. Б.қ.: шығыршық еденде жатады. Шығыршықты айнала оңға және солға 3-4 рет секіру. Тепе-теңдікті сақтауға берілген жаттығулар
5-6 жаттығуды өзі таңдайды).
2.Еденнен 20-25 см көтерілген білте тақтайша немесе керіліп тартылған жіп арқылы аттауға жаттықтыру. 2.бөлім: (педагог жаттығуды өз қалауы бойынша таңдайды) -көзді жұмып секіріп, айналып болған соң тоқтап, қарлығаш болып қону; -құм салынған қапшықты екі тізенің ортасына қысып ұстап, алға секіру; іші толтырылған үлкен доптың үстіне шығып, тепе- теңдікті сақтап тұру. -гимнастикалық орындыққа көлденең отырып, қолмен арт жаққа сүйеніп, жамбасты көтеру және түсіру. «Пойыз» ойыны.
|
Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Жаттығулар өз бетінше орындалады.
Осы жаттығулардың бәрін орындау барысында педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап, тепе-теңдікті сақтап жүру керек. Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
«Кім мықты?» ойыны |
Балалар бір аяқтарымен тұрады. Кім көп тұрса, сол жеңімпаз атанады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: тепе-теңдік сақтау жаттығуларын:
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды;
қолданады: кішкентай шығыршықпен орындалатын жаттығуларды.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 33.
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным. Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Көлденең керілген жіптің немесе көлденең қойылған таяқтың астынан өту.
Мақсаты: 1. Балаларға бір заттың астынан өтуді үйрету.
2.Мәнерлігін дамыту.
3.Икемділіктерін дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: доп, лента, екі баған, таяқша.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1-ойын: «Пішіндер». Педагог барынша ыңғайлы пішіндерді таңдайды. |
Шарты: бір қатар тізбекте жүру, шашырап жүру және жүгіру. Белгі бойынша барлығы тоқтап, белгілі бір пішінді салып тұра қалады.. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
Заттарсыз орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою. 1 - қолды басқа қою, оң аяқ басын артқа қою; 2 - бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды белге қою. 1 - қолды екі жаққа созу; 2 - алға иілу; 3 - тіктелу, қолдарды екі жаққа созу; 4 - бастапқы қалып. Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды желке- ге қойып тұру. 1 - оңға және солға бұрылу, қолды екі жаққа созу; 2 - бастапқы қалып. Б.қ.: тізерлеп тұру, қолды екі жаққа қою. 1-2 - оң жақпен отыру, қолды алға созу, бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: артқа қолмен тіреліп, еденде отыру. 1 - оң аяқты бүкпей жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою. 1-ден 8-ге дейін екі аяқпен секіру, сол аяқты алға созып секіру, оң аяқты артқа жіберіп секіру.
Шарты: балалар шеңбер бойы дөңгелене тұрады. Ортаға бір бала шығады. Педагог допты кез келген бір балаға береді. Ол оны арт жағынан келесі балаға, осылайша бір-біріне жылдам береді. Ортадағы бала доптың кімде екенін тауып айтуы керек.
«Өз үйіңді тап!» ойыны. Шарты: жүргізуші сайланады. Қалған балалар алдын ала өздеріне орын таңдайды. Ол олардың «үйі» болмақ. Олар зал ішінде музыка әуенімен секіреді, жүреді, жүгіреді. Педагогтің белгісі бойынша әр бала өз үйіне жүгіреді. Жүргізуші кез келген бір баланың үйіне кіріп алады. Үйсіз қалған бала жүргізуші болады.
5.Көлденең керіліп тартылған жіп немесе таспаның астынан аяқты жартылай бүгіп өту |
Жаттығуларды 6-8 рет қайталау. Жаттығуларды жүргізуші көрсеткеннен кейін орындайды.
Ойын бірнеше рет ойналады. Балалардың ішінен бірнеше бала жүргізуші болады. Арқаларын таяқшаға немесе жіпке тигізбей өтуге тырысу керек. Бұл ойында шапшаңдық сияқты қасиеті дамытылады.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Бір қырымен жүру (оңға және солға). |
Қолды екі жанға созу. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: көлденең керілген жіптің немесе қойылған таяқтың астынан өтуді;
түсінеді: икемділіктерін дамытатын жаттығуларды;
қолданады: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Қыс келді (далада өтеді).
Мақсаты: 1. Далада орындалатын жаттығу түрлерін үйрету.
2. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3. Керіліп тартылған жіптердің астынан өтуге жаттықтыру; екі қолмен допты лақтырып, оны қағып алуға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әрбір балаға берілетін доп, баған, жіп, шаналар.
Билингвальдық компонент:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Балабақша айналасына серуендету, «Қыс» тақырыбына әңгіме өткізу. 1-бөлім - Балалар, міне, өлкемізге қыс келді. Біз орманға барамыз. Орманға апаратын соқпақ жол тар, сондықтан біріміздің артымызға біріміз тұрып, бір тізбекпен жүреміз. Мен «қарлы боран» дегенде сендер бұрылып, «у-у-у» дейсіңдер де, әрі қарай жүре бересіңдер. Біз алаңқайға шықтық. Тоңып кеттік. Кәне, бәріміз дөңгелене тұрып, жылыну үшін жаттығулар жасайық. |
Балалар бірінің артынан бірі тұрады. Балалар бірінің артынан бірі жүреді. Дөңгелене шеңбер жасап тұрады. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:а) «Жылынып жатырмыз» жаттығуы: екі аяқты сәл алшақтау қойып, қолды екі жаққа созу. Қолды шынтақтан бүгіп, бір уақытта оң қолмен сол иықты, сол қолмен оң иықты құшақтап: «Ох» деп айту. Қолды екі жаққа созу. 2-3 қайталаудан кейін қолды төмен түсіру. ә) «Ағаштар тербеледі» жаттығуы: аяқты иық деңгейінде қойып, қолды көтеріп түру. Денемен оңға және солға иілу (әр жаққа 3-4 реттен). б) «Қарлы боран» жаттығуы: аяқты иық деңгейінде қойып, қолды артта ұстап тұру. Төмен иіліп, қолды сол өкшеге тигізу. Жаттығуды орындау барысында «У-у-у» деген дыбыс шығару, бастапқы қалыпқа оралу. в) «Аяқты жылыт» жаттығуы: шалқадан жатып, қолды екі жанға қою. Бір уақытта аяқты жоғары көтеру, қолды еденнен алмай басты көтеру, аяқты үрлеу, бастапқы қалыпқа оралу.
- Балалар, тағы да жүреміз, жол кең, кімнің қасына тұрғыларың келеді, тұра беріңдер, - деп педагог балаларды өздерінің қалаулары бойынша бірнеше топқа бөледі. Педагог оларды еденнен біріншісі - 25-30 см биіктікте, ал екіншісі бірінші жіптің дәл үстінде - 75-80 см биіктікте керіліп тартылган екі жіптің жанына алып келеді.
«Қар кесектері» жаттығуы: балаларды екі-екіден бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып, допты екі қолмен лақтыруды көрсетеді. |
Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Жаттығулар педагог көрсеткеннен кейін орындалады.
Балалар екі-екіден бірінші жіптің астынан, сонан соң екінші жіптің астынан денелерін тигізбей өтеді. Жіптердің астынан бір бүйірмен өтуге тырысады. Балалар: «Қолымыз жаурады» деген сөзді айтып, қолдарын шапалақтап, допты екі қолмен алып, екінші балаға лақтырады. Екінші бала допты қағып алып, оны қайтадан жерге қойып, шапалақ ұрып, сонан соң допты қайтадан лақтырады.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Бір қатар сапқа тұру, бұрылып, тізбек жасап жүру. |
|
Күтілетін нәтиже:
орындайды: далада орындалатын жаттығу түрлерін;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: керіліп тартылған жіптердің астынан өту және екі қолмен допты лақтырып, оны қағып алу дағдылаларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 35.
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Далада шанамен сырғанау.
Мақсаты:
1. Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Шанамен сырғанауға жаттықтыру; қарды жұмарлап лақтыруға жаттықтыру; жүгіруді жүрумен, жүруді жүгірумен алмастыруға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 3 волейбол добы, 4 шана, жалауша.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Шеңбер бойы тұру. -Шеңберді айнала жүру. Қарды жұмарлап, қар кесектерін жасап, оларды лақтырып жүгіру. Қауіпсіздік ережесін сақтайды. |
Шеңбер бойы айнала қозғалып жүріп, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
. Қозғалыста орындалатын ЖДЖ: -әрбір адым басқан сайын қолдарын жоғары көтеру және бір уақытта артқа жіберу; -дәл солай, тек алға иіліп жүру; -қолды екі жаққа созып, алдыға 4 рет, артқа 4 реттен айналдырып жүру; -тізені жоғары көтеріп жүру; -жүгіруді жүрумен, жүруді жүгірумен алмастыру. -«Қармен дәл тигіз» қимыл- қозғалыс ойыны. Шарты: балаларды екі топқа бөліп, 5-10 м қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрғызады. Алаңның ортасына сызық сызылады да, үш волейбол добы қойылады. Осы доптарды қар кесектерімен атқылайды. Үш допты да орнынан жылжытқан команда жеңіске жетеді. -Шанамен жарыеу. Шарты: 45-60 м арақашықтықты үшке бөліп, әр бөлінген жердің шекарасына үш бірдей жалауша қойылады. Бірінші топтың біреуі шанаға отырады. Педагогтің белгісі бойынша ойыншылар отырған баланы бірінші жалаушаға дейін сүйреп барады да, сол жерде екінші бала шанаға отырады, оны екінші жалаушаға дейін сүйрейді де, үшінші баланы шанаға отырғызып, оны үшінші жалаушаға дейін, яғни мәреге дейін сүйреп барады. Мәреге бірінші болып жеткен үштік жеңіске жетеді |
Педагогке қарап жаттығуларды орындайды. Педагогтің белгісі бойынша бір команданың барлық ойыншылары қарды жұмарлап алып, алдымен бірінші допты, одан кейін екінші допты, үшінші допты атқылайды. Балалар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта бір шанадан болады. Ойынның шартын бұзбай және жылдам сырғанаған топ жеңіске жетеді. |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Жүру, тыныс алу жаттығуларын орындау. |
Далада дұрыс тыныс алу жаттығуларын орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: шанамен сырғанау, қарды жұмарлап лақтыру дағдыларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-
әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Шаңғымен танысу (далада өтеді).
Мақсаты: 1. Балаларды шаңғы тебуге үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: ұзын жібі бар 5 жалауша, шаңғылар. Билингвальдық компонент:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
- Педагог шаңғы туралы қысқаша мәлімет береді және киім мен аяқкиімге қойылатын талаптармен таныстырады. Шаңғы - қар үстінде сырғанайтын, жұқа ағаштан жасалған спорт құралы (шаңғыны таяқшаларымен көрсетеді). Шаңғы тепкенде дене қозғалысына ыңғайлы жылы киім киіледі. Қолғап пен мойынорағыш міндетті түрде болу керек. Педагог шаңғыны қалай кию керектігін және шаңғыны қалай алып жүру керектігін іс жүзінде көрсетеді. 2. Залда таяқсыз шаңғымен жүру қимылдарын орындау. Педагог шаңғымен жүру қимылдарын көрсетеді. |
Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Педагогтің көрсеткен қимылын орындайды. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
. Даладағы спорт алаңына бір қатар тізбекпен шығу, шеңбер құрып тұру. 2. «Өз орындарыңа барыңдар!» ойыны. Шарты: педагог балаларды сапта тұрған жерден 50-60 м қашықтыққа алып барып, «Өз орындарыңа барыңдар!» деген команда береді, сонда ойыншылар қысқа жолмен орындарын тауып тұруы тиіс. 3. Мұзды жолмен сырғанау. Педагог қауіпсіздік ережесін сақтайды. |
Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды. Әр бала өз бетінше орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Шаңғыны шешіп, қардан тазарту, жинау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды; түсінед: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: шаңғымен сырғанау дағдысын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің
технологиялық картасы № 37.
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Далада таяқсыз шаңғымен сырғанау.
Мақсаты: 1. Бір орында тұрып, өкшемен бұрылуды үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Сырғанай адымдаумен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 20 жалауша, 4 жұп шаңғы таяқшасы мен шаңғылар.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Бір қатар сапқа тұру. Педагогтің санауы бойынша бір қатар тізбекке тұру. Жүрумен алмастыра отырып жүгіру (40-60 м). |
Тапсырмаларды педагогтің нұсқауы бойынша орындайды. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - сол аяқпен бір қадам жасау, оң қолдың саусақтарын жұдырыққа түю; 2 - оң аяқпен қадам жасап, сол қолдың саусақтарын жұдырыққа түю; - сол аяқпен қадам жасап, оң қолдың жұдырығын ашу; - оң аяқпен қадам жасап, сол қолдың жұдырығын ашу. Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - сол аяқпен қадам жасап, оң қолды шынтақтан бүгу; - оң аяқпен қадам жасап, сол қолды шынтақтан бүгу; - сол аяқпен бір қадам жасау, оң қолды бүгу; 4 - оң аяқпен қадам жасап, сол қолды бүгу. Б.қ.: негізгі тұрыс. 1-2 - сол аяқпен қадам жасап, екі қолды жоғары көтеріп, артқа иілу; 3-4 - оң аяқпен қадам жасап, екі қолды төмен түсіріп, алға иіліп жүру. 1.Бір орында тұрып өкшемен бұрылуды үйрету. Педагогтің командасы бойынша балалар «бір» дегенде сол жақ шаңғының басын көтереді де, оны шамамен 30 градус солға бұрып қояды, «екі» дегенде оң жақ шаңғыны сол жақ шаңғының қасына апарып қояды. Ал «үш-төрт», «бес- алты» дегенде 90 градус сол жаққа бұрылады. Тағы алтыға дейін санағанда бастапқы қалыпқа оралады. Келесі 12-ге дейін санауда оңға және солға бұрылу жүзеге асады. 2.Шаңғымен жүру, аяқтарды қатар қою, жартылай отырып, таяқшамен сырғанау. Педагог түсіндіреді, іс жүзінде көрсетеді. 3.«Кім жылдам?» ойыны. Шарты: педагогтің нұсқауы бойынша сөреге алғашқы он бала шығады. «Марш!» бұйрығы бойынша олар мәреге дейін жүгіреді. Педагог жеңімпаздарды айқындайды. |
Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Жаттығулар педагогтен кейін орындалады.
Педагогтің нұсқауымен бұрылуды орындайды.
Аяқтарын бүкпей сырғанайды. Балалар қалаулары бойынша сөре мен мәренің арақашықтығын өздері белгілейді. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Спортзалға дейін таяқшасыз шаңғымен жүру. |
Тепе-теңдікті ұстап тұра алу. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарт- тарын;
қолданады: шаңғымен сырғанау дағдысын.
Келісілді:
«Шапағат» ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:01.02.16
Тәрбиеші:Имангалиева Г.Н
Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Шаңғыны таяғымен жинап, шаңғыны тасу
Мақсаты: 1. Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс-әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру; таяқпен серпіліп сырғанай адымдаумен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 20 жалауша, шаңғылар, түрлі түсті доптар Билингвальдық компонент: доп - мяч
Іс-әрекет кезеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1. Топты бір қатарлы сапқа тұрғызу. 2. Шаңғыны таяқшаларымен жинауды үйрету. 3. Шаңғыны қолтыққа қысып тасу. Шеңбер бойымен жүру. |
Педагог түсіндіріп көрсеткеннен кейін өздері шаңғыны жинап, тізбекпен жүреді. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
Бір қатар сапқа тұру. №37- сабағының жаттығулар кешенін орындату. 2. Таяқшалардың қызметін түсіндіру: Шаңғышы таяқшаны сүйену үшін, тепе-теңдікті сақтау үшін және шаңғымен сырғанауда серпілу үшін пайдаланады. Таяқша мен ондағы ілмектерді дұрыс пайдаланғанда ғана жақсы итерілуге болады. 3. Таяқпен серпіліп сырғанай адымдау. Педагог қалай сырғанауды өзі түсіндіріп тұрып көрсетеді. 4. Алаңда өзіне лайық қарқын- мен сырғанап жүру. Екі ұл бала мен бір қыз баланы таңдап алып, барлық топ мүшелеріне сырғанау қимылдарын көрсетуді ұсыну. Педагог балалардың әр қимылдарына түсініктеме беріп тұрады. 5. «Допты көршіңе бер» ойыны. Шарты: ойыншылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер құрып тұрады. Шеңбердегі бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі ойыншының әрқайсысының қолында волейбол добы болады (доптардың түсі әртүрлі болғаны дұрыс). Педагогтің белгісі бойынша ойыншылар допты оңға қарай бере бастайды, мұнда бір доп бір допты қуып жетуі тиіс. Сонымен бірге белгі бойынша бағытты да өзгерту қажет және допты солға қарай дөңгелете жіберу керек |
Балалар таяқшаны қалай дұрыс ұстауды және таяқшамен қалай сырғанау керектігін көрсетеді. Бұл жаттығуды 3-4 рет орындайды. Ойын барысында шапшаңдық сияқты қасиеті дамиды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Таяқпен серпіліп сырғанай адымдауды қайталату. |
|
Күтілетін нәтиже: орындайды: шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарын қысып тасуды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: таяқпен серпіліп сырғанай адымдау дағдысын.
