Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.02 Кб
Скачать

Технологиялық карта 6

Ортаңғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: орында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты: орнында тұрып ұзындыққа секіруге жаттықтыру. Балаларға көшеде лақтыруға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын жаттықтыру. Допты жоғары лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай секіртпе, бау, қалта жіне доптар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello

Сау болындар-До свидания- Goodbye, Текшелер-кубики-blocks, Бау-шнур-cordДоп-Мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Бойына қарай бір-бірден сапқа тізіліп тұру. Сәлемдесу.

« Орындарына бару» ойыны.

Педагог орындарына өзгелерді итермей, жылдам барған балаларды атап өтеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Бір бағытта бүкіл топпен жүгіру.

Сапта бірінші ең ұзын бала тұрады. Балалар өздерінің орындарын және көршілерін есте сақтайды. Нұсқаушының белгі беруіне қарай балалар зал ішінде жан-жаққа шашырайды және оның ішінде дабылдың соғуына қарай жүреді. Белгіден кейін олар өз орындарын жылдам барып тұрулары керек.

Доппен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде алдында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген. Осы күйінде қолдарын айналдыру қимылдарын орындайды. Қолдарын кезек-кезек айналдырады.

Б.қ.:аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа қарай жіберілген. Отырып,

Барынша жоғары тартылу.

Тізені бүгпеу.

Денені түзу ұстау.

Ұйымдастыру кезеңі

қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с.

Б.қ.:аяқтарын ашып отыру, қолдары артқа жіберілген. Еңкейіп, аяқтарынаң Ұштарына қолдарын тигізу, тік тұру, қолдарын артқа қарай жіберу, қайтадан алғашқы қалыпқа келу.

Б.қ: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру, түсіру.

Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарын беліне қою. Өзінің айналасында екі аяқпен секіру.

Бір орынан ұзындыққа секіру. Педагог бір орынан ұзындыққа секіруді көрсету.

Допты еденге ұру және екі қолды жоғары көтеріпқағып алу, 8-10 рет жерге түсірмей қағып алу.

«Төбеге қапшық қойып жүр» ойыны:

Осыдан кейін аяқтарын бүгіп, еденнен күштеп тіреліп, бір сәтте қолдарын алға қарай сермеп, екінші жіптің арғы жағынан тізесін бүгіп, жеңіл секіріп өту.

Жіпке жақындау, аяқтарын бір-бірінен шағын қашықтықта қою.

Әрі қарай қолдарын алға қарай сәл көтеріп, аяқтың ұшымен тұру, одан соң қолдарын төмен түсіріп, артқа жіберіп, жартылай отыру.

Допты кеуденің тұсына келетіндей етіп, еденге қатты ұру, допты екі қолмен қағып алу. Егер доп домалап кетсе, оның артынан жүгірмеу, өйткені өзгелерге кедергі келтіреді.

Басқа қапшықты қойып, нысанаға жету, жартылай отыру, тұру, айналып бұрылу және қайтып оралу.

Рефлексиялық түзетушілік

Жүру: сегіз рет санағаннан кейін қолдың қалпын өзгертіп отыру, әрбір төртінші санақта шапалақтау.

«Алыптар мен құртақандар» ойыны.

Қолдарын белге қою, артқа жіберу, төмен түсіру.

Балалар «алыптар» деген белгі бойынша аяқтың ұшымен жүреді, «құртақандар» деген белгі бойынша жартылай отырып жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір орынан ұзындыққа секіруді.

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: допты қағып алу дағдыларын.