Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.34 Mб
Скачать

Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері

Мақта өсірілетін суармалы аймақтарда ұзақ жылдар бойы суарулардың нәтижесінде 30-35 см топырақ қабатында оның су өткізгіштігін төмендететін, тамыр жайласатын қабатын нығыздайтын және сор шаю жұмыстарының ұзақ уақытқа созылуына алып келетін нығыздалған «қатты табан» қабаты пайда болған. Ағын суды үнемді пайдалану үшін және сор шаю жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында топырақтың терең қабаттарын қопсыту қажет, бұл оның су өткізгіштігін арттыруға және сор шаю кезінде су сіңірілуінің қажетті жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белсенді топырақ қабатының су өткізгіштігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агромелиоративтік әдістердің бірі терең қопсыту болып табылады.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі топырақтың көлемдік салмағы оның өңделуіне қарай біршама өзгеретінін көрсетті (2-кесте). Топырақтың 30-35 см қабаты табиғи жағдайларда өте жоғары тығыздығымен (1,50-1,52 г/см3) сипатталады. Көлемдік салмақтың мұндай көрсеткіштерінде мақта қозасының тамыр жүйесінің дамуы біршама тежеледі, нәтижеде өнімділікке кері әсерін тигізеді. Ал терең қопсытылған топырақ жағдайында бұл қабаттың көлемдік салмағының көрсеткіштері басқаша болады. Терең қопсыту астарындағы топырақтың 30-35 см қабатының көлемдік салмағы 7 %-ға төмендеді (6-сурет). Терең қопсытудың әсері алғашқы екі жылға дейін жетті. Зерттеудің үшінші және төртінші жылдарында топырақтың көлемдік салмағының көрсеткіштері бастапқы қалпына қайта жақындады. Топырақты өңдеу әдістері оның су өткізгіштігіне біршама жоғары әсер етті (3-кесте). Терең қопсыту топырақтың су өткізгіштігінің 6 сағат ішінде кәдімгі қарапайым жер жыртумен салыстырғанда 57 пайызға артуына жағдай жасады. Сор шаюдан кейін терең қопсытылған алқаптардың су өткізгіштігі төмендеді, алайда ол топырақты 35 см тереңдікке жырту жағдайына салыстырғанда едәуір жоғары болды. Сонымен топырақты терең қопсыту оның су-физикалық қасиеттеріне 3-4 жыл бойы оң әсерін тигізеді. Демек, терең қопсытуды 3-4 жыл сайын жүргізіп тұру керек.

Топырақтан тұздардың шайылуы терең қопсыту жағдайында да, сондай-ақ кәдімгі жер жыртуда да жүзеге асады (4-кесте). Сор шаю кезіндегі терең қопсыту астарында бір метрлік топырақ қабатынан тұзды қалдығының орташа шайылуы 35,1 %-ды, ал кәдімгі жер жыртуда 28,5 %-ды құрады.

2-кесте – Сор шаюдан алдын топырақты өңдеу әдістеріне қарай көлемдік салмақтың өзгеруі, г/см3

Топырақ қабаты, см

Жерді 35 см-ге жырту

Жерді 55 см-ге терең қопсыту

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

2009-20011 ж.

0-30

1,28

1,36

1,24

1,35

30-50

1,42

1,45

1,33

1,34

0-50

1,35

1,41

1,28

1,35

6-сурет – Топырақ үлгілерін алу

3-кесте – Топырақты өңдеу әдісіне қарай оның су өткізгіштігі, мм/мин

Бақылау сағаттары

Жерді 35 см-ге жырту

Жерді 55 см-ге терең қопсыту

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

2009-2011 ж.

1-ші

0,68

0,65

0,85

0,82

6-шы

0,07

0,06

0,40

0,10

6 сағ. ішінде орташа

0,22

0,20

0,36

0,27

4-кесте – Әртүрлі өңдеу әдістерінде топырақтың бір метрлік қабатында тұздар мөлшерінің өзгеруі, %

Нұс-қа нөмі-рі

Сор шаю мөл-шері, мың м3/га

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

орташа

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

сор шаюдан алдын

сор шаюдан кейін

Кәдімгі жер жырту 35 см

1

2,0

0,351

0,248

0,368

0,261

0,389

0,283

0,369

0,264

0,028

0,018

0,030

0,018

0,032

0,020

0,030

0,017

Терең қопсыту

2

2,0

0,365

0,232

0,362

0,238

0,352

0,230

0,359

0,233

0,032

0,012

0,026

0,010

0,028

0,008

0,028

0,010

Ескерту: алымы – тұзды қалдық, бөлімі – хлор-ион.

Топырақтағы хлор-ион тұздарының шайылуы қарқынды түрде жузеге асты. Егер кәдімгі жер жыртуда топырақтың бір метрлік қабатынан тұздардың бастапқы мөлшерінен 43,4%-ы шайылған болса, терең қопсыту жағдайында – 64,3%-ы шайылды.

Топырақты терең қопсытудың сор шаю кезіндегі тұздардың шайылуына әсері зерттеудің алғашқы жылында едәуір күшті болды. Оның әсері келесі екі жылда да біршама көрінді. Терең қопсытуды жүргізу кәдімгі жер жыртумен салыстырғанда топырақтан тұздардың шайылуын біршама арттыруға және сор шаю мөлшерін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. Суландырудың қабылданған тәртібі тәжірибенің барлық нұсқаларында топырақтың оңтайлы ылғалдануын қамтамасыз етті. Алайда алқаптың барлық жері бірдей сортаңданбағандықтан жоғары өнім алу үшін сор шаюдың әртүрлі мөлшерлерін қолдануға тура келді (5-кесте). Шитті мақтаның ең жоғары өнімі сор шаю мөлшері 2 мың м3/га болған терең қопсыту нұсқасында (41,7 ц/га) алынды. Кәдімгі жер жыртуға салыстырғанда қосымша өнім 7,9 ц/га құрады.

5-кесте – Топырақты өңдеу әдісіне және сор шаю мөлшеріне қарай шитті мақта өнімділігі

Нұсқа

Топырақты өңдеу әдісі

Сор шаю мөлшері, мың. м3/га

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Орташа, ц/га

1

Кәдімгі жер жырту

(35 см тереңдікке) (бақылау)

1,5

2,0

2,5

28,0

33,5

32,7

29,3

35,0

30,0

31,3

33,0

30,1

29,5

33,8

30,9

2

Топырақты терең қопсыту,

55-60 см тереңдікке

1,5

2,0

2,5

35,3

40,0

38,5

36,5

43,5

40,1

36,1

41,5

38,4

36,0

41,7

39,0

Сонымен, топырақты терең қопсыту нұсқасында сор шаю жұмыстарында ағын судың мөлшерін орташа 20 пайызға төмендетуге (2,5-2 мың м3/га дейін), және тамыр жайласатын топырақ қабатының оңтайлы сорсыздануына қол жеткізілді. Мұнда терең қопсытудың топырақтың тұздық тәртібін жақсартудағы және өнімді арттырудағы оң әсері 3 жылдан кем болмайды.