Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.34 Mб
Скачать

Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу

Топырақты өңдеу негізгі (сүдігер жырту) және егіс алды өңдеу болып екіге бөлінеді. Бұл екі жүйе де ортақ және әр бірі жеке, өзіндік талаптар мен міндеттерге ие.

Сүдігер жыртудың ұйымдастырушылық жағынан елеулі маңызы ол көктемгі алқаптық жұмыстарды оңайластырады осы арқылы егісті оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік береді.

Жерді негізгі өңдеу.

Сүдігер жырту – суармалы жерлерді жоғары дәрежеде игерудің маңызды және міндетті шарты. Ол бір бірлік өнімге кететін еңбек шығынын қысқартумен бір уақытта мақта қозасының және басқа да ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда маңызды іс-шара болып табылады.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүргізген көп санды зерттеулерінің нәтижелерінен және озық тәжірибелердің жетістіктерінен жоғары сапалы сүдігер жыртудан шитті-мақта өнімін 10-20 %-ға арттыру мүмкіндігін көруге болады.

Агротехникалық тәжірибелер мен өндірістік тәжірибелердің мәліметтері негізінде сүдігер жыртудың тереңдігін топырақтың түріне, алдыңғы жылдары қолданылған агротехника деңгейіне байланысты болады.

Ашық сұр топырақ жағдайында сүдігер жырту бірден 25 см тереңдікте жүргізуге болады. Болашақта әрбір 1-2 жылда жыртылатын қабатты тереңдете отырып (2-3 см-ге) 30 см-ге дейін жеткізуге болады.

Алдыңғы жылы жерді 23-24 см тереңдікте жыртқан шаруашылықтарда 30 см тереңдікке өту алқапқа көң және басқа да органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде ендіру арқылы жедел түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Жерді 40 см тереңдікте жыртудың тиімділігі төмен болды, өйткені жер бетіне топырақтың аз игерілген, қоректік заттары аз, биологиялық белсенділігі төмен және органикалық заттары төмен мөлшердегі қабаты шығарылды. Мұндай жер жыртуда микроағзаларының тіршілігі барлық өңдеу қабаттарында әлсірейтінін және қалыпты биологиялық белсенділік өңдеуден кейін 5-6 айдан кейін ғана тіктеледі. Сондықтан да жерді 40 см тереңдікке жыртудың біршама жоғары тиімділігіне вегетациялық кезеңі біршама ұзақ мақта өсіруші оңтүстік аудандарда күзі жылы және ұзақ болған жылдарда ғана қол жеткізуге болады.

Жер жырту мерзімі шектелген және агротехникалық оңтайлылықпен бірге ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктермен де санасу керек.

Тракторларды қолданудың және мақтадан босаған алқаптарды толық сүдігер жыртудың жұмыс өнімділігін біршама арттыру мақсатында оларды алқап босаған кезде ертелеу бастайды.

Сүдігер жыртудың өте кеш мерзімдерінде суықтың топыраққа оң әсері азаяды, сәйкесінше оның өңдеу сапасы төмендейді.

Топырақты егіс алды өңдеу.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көп санды зерттеулерінен және мақта өсіруші шаруашылықтардың тәжірибелерінен дұрыс жүргізілген негізгі (сүдігер жырту) топырақ өңдеуінен кейін көктемгі терең қопсытудың қажеті болмайды. Ол мақта қозасының талаптарын қанағаттандыратын жағдайлар жаратпайды, яғни шиттер басылған, егістен кейін одан әрі шөкпейтін топыраққа егілуі керек. Ол өсімдіктің ақырын өсуіне, тамырларының үзілуіне және олардың саңырауқұлақ ауруларына шалдығуына алып келеді.

Бірыңғай өскіндер алу үшін ең маңызды және басты іс-шаралардың бірі – ерте көктемгі тырмалау болып табылады. Сүдігер жыртқанда алқап қаншалықты жоғары деңгейде өңделгенмен ерте көктемгі тырмалау жүргізілмесе, жер құрғап кететіні, жинаған ылғалын жоғалтатыны, соның нәтижесінде сүдігер жыртудың артықшылықтары жойылатыны тәжірибеде айқындалды.

Осындай тәжірибелердің бірінде ерте көктемгі тырмалау 10 күнге кешіккен жағдайында ылғалдың булануы гектарына 200-300 текше метрді, ал ертекөктемгі тырмалау мүлдем жүргізілмеген алқаптарда ылғал кебуі гектарына 1000 текше метрді құрады.

Ертекөктемгі тырмалау топырақтың үстіңгі жыртылатын қабаты дайын болған уақытта жүргізіледі. Бұл жұмыстар жер асты сулары терең жайласқан еңісті жерлерде жер асты сулары жақын жайласқан тегіс жерлерге қарағанда ерте мерзімдерде жүргізіледі. Көктемгі жауын-шашын аз мөлшерде түсетін және жел күшті соғатын аудандарда тырмалау жұмыстарын мүмкіндігінше ерте бастау керек.

Барлық алқаптарда бірыңғай өскін алу үшін әрбір шаруашылықтағы егістік жерлерінің жағдайын есепке ала отырып көктемгі және егіс алды топырақ өңдеу жүйесін саралау талап етіледі. Кейбір жағдайда бұл саралау бір алқап аумағында да жүргізу қажет болады және мұнда өнімділікті одан әрі арттыру үшін әлі толық пайдаланылмаған мол қорлар ашылуы мүмкін.