Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.34 Mб
Скачать

2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары

Суармалы жердің негізгі ережесі – суды үнемдеу. Артық берілген су өнімді арттырмайды, керісінше мелиорациялық жағдайын төмендетіп, тұздануына ықпал жасайды. Суды үнемдеу мақсатында, мақтаны жаңбырлатып суару әдісі қолданылуы қажет. Мұнда мақтаға жіберілетін су үнемделеді, сушының еңбек өнімділігі бірнеше есе артады, мақта ерте піседі және жердің сорлануы азаяды. Сондықтан бұл әдіс жер асты сулары жақын аймақтарда кеңінен пайдалануы тиіс. Жаңбырлатып суаруда ДДА-100М машинасы қолданылады. Бұл екі қанатты агрегат. Шынжыр табанды тракторға орнатылып, су толтырылған арықтардың бойымен жүріп ондағы суды насоспен сорып алады. Екі жағындағы екі қанаты арқылы мақтаның үстіне жаңбырлатып себелеп шашып отырады. Бұл агрегат бір өткенде 120 м жерді қамтиды. Агрегаттың жүру жылдамдығы сағатына 360 м және ол бір секундта 100 литр су шашу керек. Суару жұмысы арықтың бас жағынан басталады. Агрегаттың жүретін жолының ұзындығы 100-150 м болуы керек. Уақытша арықтағы судың мөлшерін барлық жерлерде бір қалыпты ұстау қажет.

Жаңбырлатып суару суды үнемдей отырып, 200-500 м3/га суару нормасы арқылы топырақты бірқалыпты ылғалдануын қамтамасыз етеді.

Ал 200 метр келетін және одан да артық үлкен суару алқаптарында ортасынан уақытша суару арық-атызын жасау қажет. Одан су екі жағына бірдей жіберіліп тұрады. Әдетте ұлғайтылған участок бір рет суарылғанда ұзына бойына бірден суарылуы тиіс. Егер участок аумағы 20-25 гектарға жетсе, бөліп-бөліп екі кезекте суарған жөн. Бұл жағдайда мынандай ережені орындау қажет болады. 1) Ең алдымен бас арықтан неғұрлым қашық жатқан участок бөлегі, одан соң жақынырақ жатқандары суарылады. 2) Суару участогының белгіленген бөлігі бүкіл ұзына бойына суарылуына тиіс. Ал участоктың ұзындығы 1000 метр және одан да артық болса, участоктың ортасынан бастап суарған жөн. Жерді ұзына бойына және көлденеңнен дұрыс суаруға айрықша назар аудару қажет. Культиваторларды 6-7 күнге кешіктіргеннің өзінде, суарудан кейінгі қолайлы уақыт өтіп кететінін ескерген жөн.

2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары

Бұл әдіс жүйектерге судың біркелкі жайылуына және ағын суды үнемдеуде жүйектердің бас жақтарына әр түрлі реттегіш құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Б ұлардың ішінде ең тиімдісі түтікше-сифондар болып есептелінеді. Бұл әдіс бойынша реттелінбейтін жүйекпен суаруға қарағанда, жұмыс өнімділігі 2,5-3 есеге артып, әр гектардан 150-200м3 су үнемдеуге болады. Сушылардың жұмысы жеңілдеп, суару жұмыстары сапалы жүреді және су алқаптарға біркелкі тарайды. Бұл әдісті түнгі уақытта жүргізгенде өте жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады.

2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары

Бұл үшін жұмысын тоқтатып тұрған тік дренаждарды қайтадан іске қосу. Жер асты суларын пайдалану арқылы мақта өсіретін шаруа қожалықтарының суға деген сұранысының 20%-ын қанағаттандыруға болады. Тік дренаждарды қайтадан іске қосу арқылы әртүрлі дәрежеде сортаңданған 110 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.

Сонымен бірге қашыртқылардағы (сбростар) суды насостар көмегімен пайдалану арқылы, мақта егістігінің 10%-ға жуығын сумен қамтамасыз етуге болады. Лабораториялық анализдер жер асты суларының тұздану дәрежесі 3 г/л аспайтынын көрсетеді, сондықтан бұл суларды жазғы суару кезеңдерінде толығымен пайдалануға болады.