Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.31 Кб
Скачать

Тақырып 3 Технология пәнін оқыту әдістемесі Дәріс 3 Технология пәнінін бағдарламасының мазмұны (1 сағат)

Жоспар:

1. Технология 1-4 сыныптарға арналған пән бағдарламасының мазмұны

2. Технология 5-9 сыныптарға арналған пән бағдарламасының мазмұны

3. Технология 10-11 сыныптарға арналған пән бағдарламасының мазмұны

Технология 1-4 сынып

«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәні оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады және оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:

        бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;

      оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;

         оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;

         көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмүны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:

Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма қағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жұмыс.

Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.

Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.

Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.

Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында «Дизайн» бөлімі енгізілмеген, соңдай-ақ «Техникалық еңбек» бөліміңде ағаш және сымтемірмен жұмыс істеу түрлері көзделмеген.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады. Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

 Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік             әрекеттердің ір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі  бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

       1 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;

1         2   сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;

2          3 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;

3          4 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат.

«Еңбекке баулу» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы кескіндеме, мүсіндеу, керамика, көркем кестелеу, тоқу, құрастыру және заманауи көркемдік материалдармен жұмыс жасау технологиясын тереңірек оқытып, үйрету үшін және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей қосымша сабақтарды ұсынуға болады:

1 сыныпта: «Түрлі-түсті әлем», «Туған өлкенің сұлу табиғаты», «Әсем қала-Астана».

2 сыныпта: «Өнер мұражайлары», «Көне ескерткіштер».

3 сыныпта: «Халық қол өнер шеберлері», «Шебер қолдар».

4 сыныпта: «Әсемдік әлемінде», «Дизайн», «Мемлекеттік рәміздер».

Технология 5-9 сынып

Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің аутоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.

«Технология» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндетттер анықталған:

           оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын

түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі

арқылы қабілеттерін дамыту;

            оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын

қамтамасыз ету;

            технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру,- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;

Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты негізінде қарастырылған.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

5 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.

Технология 10-11 сынып

Бұл бағдарлама жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Технология» пәні бойынша білім беру мазмұнындағы талаптарды реттейді.

Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің аутоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.

«Технология» оқу пәні жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Технология» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Технологияны оқыту тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

«Технология» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

«Технология» пәніне жалпы кіріктірілген нысандары ретінде келесілер қарастырылады: материалдар, құралдар мен жабдықтар, техника мен технология, технологиялық процесс, жоба.

Оқу пәнінің міндеттері:

                   оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын

түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі

арқылы қабілеттерін дамыту;

                    оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын

қамтамасыз ету;

                   технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру,- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;

«Технология» оқу пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық ұстанымдар білім алушылардың жас ерекшелігіне, сондай-ақ іс-әрекеттік, денсаулық сақтау, тұлғалық-бағдарлы және құзыреттілік принциптеріне негізделген. Нәтижеге бағдарланған құзыреттілік тұрғыдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандартында көрсетілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде қарастырылған.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.

Әдебиеттер:

1 Ортаев Б.Т. "Технология" пәнің оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері. Оқу құралы/ Б.Т.Ортаев. - Шымкент: "Нұрлы Бейне", 2010. - 120 б.

6 ҚРЖМБС №1080, 2012-08-23

7 Типтік оқу жоспары №500

8 Білім заңы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]