- •«Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •1. Гульназым «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.
- •4. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Гульназ Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы.
- •9.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •10. Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
- •11. 1917 Жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық және Қазан революциялары.
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары
- •24. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •26.Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 Диана 20ғ,2жарт халыққа білім беру
- •39 Билет. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •46. 20 Ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі
- •47. Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. Ормаш Дархан Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ерболат. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Анель Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.
- •88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды. Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. • 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. • 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы» атанды). Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: - Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру. - Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
