- •«Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •1. Гульназым «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.
- •4. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Гульназ Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы.
- •9.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •10. Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
- •11. 1917 Жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық және Қазан революциялары.
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары
- •24. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •26.Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 Диана 20ғ,2жарт халыққа білім беру
- •39 Билет. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •46. 20 Ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі
- •47. Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. Ормаш Дархан Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ерболат. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Анель Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.
- •88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.[11]. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.
Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.[12].
Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір үкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда үкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс...
Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық үкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.
15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.
1919 жылы Степан Разин атындағы алғашқы орынборлық қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды.
Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.
Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды.[24].
