Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.

88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.

89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.

Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы болып табылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы философияда «еуразияшылдық ағым» деп аталған осы идеяны жақтаушылардың еңбегімен де жақсы таныс болса керек. «Соңғы еуразияшыл» атанған Л.Н.Гумилевті ол жоғары бағалайтынын көруге болады. Астанадағы Еуразия университетіне Л.Н.Гумилевтің есімінің берілуі де соның көрінісі деп білеміз. 2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы» атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті» Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.

90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.  

2016 жылдың 14 қаңтарында Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласы аясында өткен іс-шара өтті

Жарайсыңдар! 22.11.2016жыл сағат 13:43

(с) Кәмшат