Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)

Ассамблеяның негізгі міндеті - этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) - оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативтік кеңесші орган. Ел президенті Н.А.Назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз полиэтносты поликонфессиялық мемлекеттің тұрақт дамуы тұрғысынан туындаған еді.Ассамблеяның негігі қызметінің арасында қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және кофессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретіінде қазақстан республикасының халықаралаық беделінің өсуіне ықпал етуде. Оның негізгі міндеттері: Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу. Қазіргі уақытта ассамблея құрамында 394 мүше бар. Басты ерекшелінінің бірі- оның еліміздің жоғарғы заң шығару органында-парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.