Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды.

Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйе қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

1986 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басы /ресми емес бірлестіктердің қалыптасуы/;

1990 жыл мен 1991 жыл тамыз /партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы/;

1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары /КПСС таратылуы, КСРО-ның тарауы, тәуелсіз ҚР құрылу, саяси партиялардың тіркеуден өтуі, азаматтардың саяси белсенділігінің артуы/;

1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызы /бірінші қабылданған ҚР Конституциясынан жаңа Конституциясына дейін/;

1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шілдесі / жаңа қабылданған ҚР Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейінгі кезең/;

1996 жылдың шілдесінен 2002 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезең; Жаңадан ҚР саяси партиялар туралы Заңының қабылдануы

77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасу тарихына отыз жылдан астам уақыт өтіпті. Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар қызметі дамуының алғашқы кезеңі ХХ ғасырдың 80-ші жылдары мен 1994 жыл аралығын қамтиды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бағалауынша, бұл кезеңде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар құрылып, олардың дені негізінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс істеген. Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты мемлекеттік саясат аталған уақытта жалпы ұстанымдар мен бағыттарды анықтап алуға бағдарланды.

1994 жылдан 1997 жылға дейін жалғасқан екінші кезең үкіметтік емес ұйымдардың саны 500-ден 1600-ге дейін артты.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары дамуының үшінші кезеңі 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.

Президент тілімен айтсақ, «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған».

Біз – көпұлтты қоғамбыз. Ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауы тиіс»

Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір ұлт өкілі бүгінгі Қазақстан қоғамының бұған дейінгі құндылықтардан айнымайтынын, ұлтаралық татулық пен келісімді дамыта беретінін терең сезінуі тиіс. Қазақстан халқының сөзі мен ісінде бірлік бар екенін Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап көрсетті. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз ассириялықтар, рутулдар, лактар және басқа да этностар сияқты кішкентай этникалық топтардың өзінің мәдениетін барынша сақтап, олардың дамуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз», — деді.

Ендеше, бірлікті ел болудың барлық алғышарты Қазақстанда бар. Ел халқын біріктіретін бағыт та бар, ол – жаңа қазақстандық патриотизм. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жалаң экономикалық жетістіктермен жету мүмкін емес. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» біздің бүгінгі қоғамның басты құндылығы ұлтаралық татулық пен келісім екенін айқындап берді. Енді тек сол үдеден шығып, еңбек етуге тиіспіз.