Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты:

Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіргізу.

Міндеттері:

1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының құрылымын жаңарту.

2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.

3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.

75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.

Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау өзінің саяси-экономикалық доктринасын қайта құрушы мемлекет үшін реформаландырудың аса күрделі және ауыр бөлімдерінің бірі болды. Тұрғындардың еңбекпен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауылшаруашылығында төмендеді. 1991-1995 жылдары экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа мөлшерінің төмендеуі 3,7% құрады. Қазақстан Республикасының алдында әлеуметтік реформалар жүргізудің тетіктерін анықтау міндеті тұрды. ҚР еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптарынан басқа жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрету мен білімін көтеру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары қарастырылды. 1994 жылы Министрлер Кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші Қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге, қызметшілерді босатуға тоқтау салатын және басқа бір қатар қаулылар қабылданды. Республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік реформалар баяулау болса да жүріп жатты.

ҚР-ң индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік экономикалық саясатқа бағытталған. Оның негізгі бағыттары келесідей:

• өндеуші өнеркәсіптің өнім шығару деңгейінің негізгі қорларын жоғарылату;

• кәсіпкерлікті дамыту; қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын өзгерту;

• жоғары сапалы, экспортқа шығуға мүмкіндігі бар өндірісті дамыту;

• елдің экспорттық әлеуетін диверсификациялау; сапаның әлемдік стандартына көшу;

аймақтық және әлемдік экономикамен интеграциялық дамуды қамтамасыз ету; ауыл өмірін жақсартуды жан-жақты қарастыру болып табылады.