Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.

Қазақстанда президент институтының негізін қалау арқылы мемлекетіміздің дамуындағы жаңа бір кезең басталып, еліміздің демократиялық саяси институттарды енгізуге кеңінен жол ашылды. Бірақ президент институты кеңестік саяси жүйее бұрын-сонды болмағандықтан, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын анықтау барысында көптеген қиыншылықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бірі-президент институтын енгізу бірден бір мемлекеттік басқарудағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Алғашқы жылдары жетекші рөл Жоғарғы кеңес қолында сақталды. Президенттің басқа билік тармақтарымен қарым-қатынасын реттейтін механизмнің болмауы да біршама қиындықтар тудырды. Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтар мен теке-тірестерді 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конситуция шешіп берді. ҚР Конституциясы прездиент институтына жетекші рөл берілетін мемлекеттік құрылысты бекітті. Дегенмен, мұндай қадамның өтпелі кезең талабынан туындағанын уақыттың өзі дәлелдеді. Қазақстандағы президент институтының қалыптасу үдерісін төмендегідей кезеңдерге бөлсек:

1)1990-1995жылдар аралығы. Бұл ҚР-ң мемлекеттік басқару жүйесіндебұрын-сонды болмаған президент қызметінің енгізіліп, оның басқару жүйесіндегі өз орнын іздеу кезеңі.

2) 1995-2001жылдар аралығын қамтиды. 1995жылғы Конституцияның Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп анықтауы президент институын саяси жүйедегі жетекші институқа айналдырып, оның мәртебесіне түбегейлі өзгерістер алып келді. 1995 жылғы қабылданған Конституция сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болды.

67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:

“ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралык интернаттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi.

68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы

2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.Осы мәселе бойынша Президент былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» .Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті. «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.

69. Әлеуметтік-экономикалық пәндер жүйесінде экономикалық теория ерекше орын алады. Адамның өмірі экономикамен тығыз байланыстылығымен шартталған және әрқайсымыздан экономикалық мәдениетке ие болуымызды талап етеді. Экономика заңдары мен принциптерін білу адамдарға сенімділік береді, оларға күрделі экономикалық үдерістерді дұрыс бағалауға және өз бетімен оңтайлы шаруашылық шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

70. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық.Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған.Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

71. «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ. Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болады. Демек, Қазақстанғақпараттық шу, туристік қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді. Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкеледі. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі. Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты». Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналады. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Парих көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде-де жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз. Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана көрмесінде-де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп сенейік. Алтыншыдан, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады. «Елдің дамуының „Жасыл“ жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған „ЭКСПО-2017“ қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» - деді Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

72. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталғым келеді. Бірінші – білім мәселесі. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыталғанымызды көрсетеді.

Екінші – ұлтаралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмақ емес. Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр, әрине бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті, дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтты. Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды - энергетикалық, тұрғын – үй жәнет.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай - ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс – шаралары жайлы атап өтілді.

73) Жибек Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару:кедейшілікті еңсеру,халықты еңбекпен қамтуды көтеру,жастарды,студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдармалар,зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы.

тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.