Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасаммпаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. 1995 жылдың 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өтті. Референдумның барысын қолдарына бақылаушы куәлігі берілген 928 тұлға қадағалады. Бүкілхалықтық дауыс беру негізінде екінші, қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды. Нәтижесінде 55 бабына 1100 толықтырулар енгізілді. Сөйтіп жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Президент Н.Ә.Назарбаев «біздің Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы-таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өмірінің қожасы болуы кез келген қазынадан бағалы» дей келе мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Қолданыстағы Конституция арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және рухани даму бойынша жоғары биіктерге жетіп,құқығы бойынша дүниежүзілік бірлестікте лайықты орынға ие болып отыр. Конституциямыздың тағы бір жетістіктерінің бірі- бізде бұрын болмаған демократиялық қоғам ұстанымдарын бекітіп бергендігі. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның,Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), РесейдіңКонституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, ТәжікстанныңКонституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.[1]