- •«Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •1. Гульназым «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.
- •4. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Гульназ Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы.
- •9.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •10. Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
- •11. 1917 Жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық және Қазан революциялары.
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары
- •24. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •26.Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 Диана 20ғ,2жарт халыққа білім беру
- •39 Билет. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •46. 20 Ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі
- •47. Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. Ормаш Дархан Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ерболат. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Анель Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.
- •88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Қазір Желтоқсан оқиғасына себеп болған нендей жағдай еді деген сұраққа жауап жиі ізделінуде. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылық мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болды. 1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметiнен байқауға болады. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды iрiктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды.
57.Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
Ұлттық интеллигенция өкілдері қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, экокномика, ауыл шаруашылығы мәселелерін сөз ете отырып, жер мәселесін шешуге ұйытқы болды. Олар қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне ұлт-азаттығын алу үшін күресуге жұмылдыра білді. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие [29]. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде [30]. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді[31]. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті.Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар , жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті. 1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.
