- •«Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •1. Гульназым «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.
- •4. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Гульназ Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы.
- •9.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •10. Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
- •11. 1917 Жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық және Қазан революциялары.
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары
- •24. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •26.Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 Диана 20ғ,2жарт халыққа білім беру
- •39 Билет. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •46. 20 Ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі
- •47. Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. Ормаш Дархан Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ерболат. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Анель Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.
- •88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды. 1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мәселені көтеріп, сталиндік саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау шараларын жүргізуге жол ашып берді. Ол Кеңес Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мәжбүр етті.Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
Теміртаудағы оқиғаЕліміз СССР деп аталын алып империя құрамында болған кездерде басынан түрлі нәубеттер өткерді. «Бізде бәрі керемет, бәрі жақсы» — деген жалған ұран Республиканың барлық аймағында шарықтап тұрған кездерде, қоғам арасында шешілмей қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерге байланысты түрлі көтерілістер, бас көтерулер болып тұрғанды. Бірақ олардың көпшілігі жарияланбай, жасырын сақталып ел жадынан ұмыттырылуға күш салынды. Теміртаудағы көтеріліс, сондай ірі көлемде болған бірақ көпке танылмаған көтерілістердің бірі… 1997 жылы Республика Президентi Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетiне берген сұхбатында: «Темiртау оқиғасында қанша адамның қырылғанын әлi күнге дейiн ешкiм бiлмейдi, ол тарих ашылған жоқ. Кiсi өлiмi көп болды, оның iшiнде талай адам сотталды, атылды» деген едi.
Теміртау қаласында 1959 жылдың тамыз айында, бүкіл одақты дүр сілкіндірген аты-шулы " Теміртау оқиғасы" орын алған. Теміртау қаласында салынып жатқан алып "Қазақстан магниткасы" бүкіл одақтық екпінді құрылыс деп жарияланып, оған комсомолдық жолдамамен КСРО-ның түкпір-түкпірінен мыңдаған жастар ағылып келіп жатты. Олардың қатарында ел ертеңі үшін еңбек етсек дейтін шынайы потриоттар да, барар жер, басар таулары жоқ босқындар да, түрмеден босап шыққан қылмыскерлер де көптеп кездесті.Ірі қалалардан жұмыс іздеп келгендер жатаханаларда, палаткаларда ұлттық ерекшеліктеріне қарай топтасып тұрады. Магнитка құрылысына келгендер қаласа тіркеуге тұрады, қаламаса тіркелмейді де. Тұрақты бақылау болмағандықтан, жұмысшы жастар арасында мәдени жұмыстар жүргізілмей нәтижесінде, жатақханаларда жағыдай ауырлап күнде қанды төбелестер орын алып тұрды. Бұларға қосымша, жұмысшыларды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолдары қыйынға соғып, қоғамдық тамақтандырулар дұрыс жолға қойылмайды. Жұмысшылар айлар бойы еш санитарлық талаптарға сай келмейтін палаткаларда тұрып еңбектенуге мәжбүр еді. Отандық жұмысшылар осылай қыйын жағдайда жұмыс істеп жүргенде сыртан келген яғни Болгарлық жұмысшыларға барлық жағдай жасалынып, асханаларда әуелі солар тамақтанатын болған… Осылардың барлығы жиналып келіп қоғамдық наразылықтардың туындауына алып келді.Іріңдеп тұрған қоғам дертінің жарылуына себеп болған, сейсенбі күні қаладағы барлық асханалар жұмыс істемейді. Келесі күні де жұмысшылар аш қалады. Әуелде ашынған еңбекшілер одан шығудың жолын бейбіт түрде қарсылық білдіру арқылы шешуді қарастырады. Бірақ араларындағы басбұзар жаппай көшеге шығып, дүкендерді тонап, асханаларға шабуыл жасап, қоғам мүлікін талан-таражыға салады. 1-2 тамыз күндері, жаппай тәртіпсіздік орын алуына байланысты, 2 адам ұсталып, қамауға алынады. Жалпы саны 1500 жуық жұмысшылар 2-тамыз күні түнгі сағат үштер кезінде оларды босатып алуға тырысып, ішкі істер органына келгенімен құқық қорғау органының қызметкерлері аспанға бес мәрте оқ атып нәтижесінде талаптарының орындалмасын білген жұмысшылар көшеге кетіп, дүңбіршектерді тонауға көшеді.Сол күнi кешкi тоғыз шамасында жұмысшылар жергiлiктi iшкi iстер бөлiмiне шабуыл жасайды. Темiртау қалалық партия комитетiнiң хатшысы А.Г.Коркин бұл туралы облыстық партия комитетiн хабардар етедi. Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исаев обком хатшылары мен Қауiпсiздiк басқармасының бастығы Шмойловты қатыстыра отырып, тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Қабылданған шешiм бойынша тәртiп орнатуға iшкi iстер күштерiн көтерiп, КарЛАГ-тың қарулы әскери жеке құрамын Темiртауға жiберуге ұйғарым жасалады.Сол күнi түнгi сағат 3-те Темiртаудан Қарағанды облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых тәртiп бұзушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағдай өз шеңберiнен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға Исаевтың келiсiмiн алады.2-3-тамыз күндерi орын алған тәртiпсiздiктi басуға КарЛАГ-тың конвой күзетiнен генерал Запевалин басқарған 500 сарбаз, КСРО IIМ iшкi әскерлерiнен 1400 сарбаз бен офицерлер қатысады. Сол күндерi 15 адам өлiп, 28 адам ауыр жараланады, 140 адам бұзақылық жасағаны үшiн қамауға алынады. 28 сарбаз, офицерлер мен iшкi iстер қызметкерлерi ауыр жараланып, 4 сарбаз бен офицер әртүрлi жарақаттан ауруханаға жеткізіледі.
СОКП Орталық Комитетiнiң ерекше бақылауында тұрған ерекше құрылыс нысаны айналасында тәртiпсiздiктiң белең алуы партияның бас штабын да әбiгерге салады. Оқиғаның терең бағыт алғаны соншалық, оған қарулы әскер қатыстырылады. Алғашында өз әскерiмiз халыққа оқ атпағаннан кейiн, Солтүстiк Кавказдан Дзержинский атындағы iшкi әскер дивизиясын шақырып, оқиғаны күштеп басуға тура келген.Бұл дивизия елiмiзде болып жатқан ауыр толқуларды басуға әркез қатысып тұрған. Кейiн белгiлi болғанындай 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да қатысқан осы дивизия.Теміртау көтерілісіне Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің саяси өмірінде ықпалы зор болған А.Казанник те қатысқан. «Өмiрдiң алғашқы ауыр сабағын 1959 жылы тамыз айында Темiртауда таттым» дейдi белгiлi профессор А.Казанник. — «Осы жылы комсомолдық жолдамамен Қазақстан Магниткасына барған болатынмын. Жастардың бiр тобы су жүйесiнде жұмыс iстедiк. Жұмыс ауыр, еңбекақы мардымсыз болды. Наразылығымыз үлкен қарсылықтарға тап болды. Содан түн iшiнде десантшыларды түсiрiп, олар жұмысшылар тұратын палаткаларды нысанаға алып оқ жаудырды. Өлгендер де, жараланғандар да көп болды. Жер-жерлерде өрт шықты. Кейiн бiздiң арамыздан 8 жасөспiрiмдi соттап, кәмелетке толмағандарын ату жазасына кестi. Оқиға үш күнге созылып, әскерилердiң күшiмен әрең басылады. Сөйтiп, әлеуметтiк кикiлжiңге килiктiрген жұмысшылардың әдiлеттi талабы жаппай жазалау мен қуғын-сүргiн жолымен тұншықтырылған. Оқиға басылысымен оған сараптама-зерттеу жұмыстары жүргiзiлмейдi. Келтiрiлген зиян, адам өлiмi ешбiр жерде айтылмаған, жарияланбаған. Ал, кейiн жылымық орнаған тұстарда жабулы қазан жабулы күйiнде қалып, бұл мәселе қайта көтерілмейді.
