Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС УДАЧИ ВСЕМ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.04 Кб
Скачать

31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары

НҰРКЕН ƏБДІРОВ Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың бірі – əскери ұшқыш Нұркен Əбдіров. Ол1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған. 1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Əбдіров майданға жіберіледі. Алғашқы əуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет əскери-əуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын жəне т.б. техникаларын, 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жау танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен Əбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып əкеліп, жау танкілерінің шоғырына соғады. Нұркен Əбдіровке əскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ПАВЛОВ ИВАН ФОМИЧ Павлов Иван Фомич 1922 жылы Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Чкалов атындағы əскери-əуе ұшқыштары мектебін, 1949 жылы М.В. Фрунзе атындағы Əскери академияны бітірді. 1942 жылдың желтоқсан айынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлік ұшу сапарына 200-ден астам рет шығып, өзі жаудың 3 ұшағын қиратты. 1944 жəне 1945 жылдары екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыстан кейін авиация полкін басқарды. Павлов 1950 жылы қызмет барысында қаза тапты. 2 рет «Ленин» орденімен, т.б. көптеген ордендермен жəне медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының орталық алаңына Павловтың қола мүсіні орнатылған.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ Момышұлы Бауыржан (1910 – 1982) – жазушы,даңқты жауынгер, гвардияполковнигі,панфиловшы,Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). Мектепті бітірген соңсоғысқа дейін мұғалім, ауатком хатшысы, милиция бастығы болып қызмет істеген.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығыменАлматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар-диялық) дивизиясы құрамында майданға аттана-ды. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. 1950 жылы Кеңес Əскері Бас штабының жанындағы Жоғары əскери академияны бітіріп, əскери академияда сабақ береді жəне тұрақты əскери қызмет атқарады. СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы Əулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында туылған.1940 жылы əскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына аттанды.Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт- Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып тұншықтырып, ерлікпен қаза тапты.1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке КеңесОдағының Батыры атағы берілді.

32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.

-КСРО кезiнде бүтiн бiр ұлттардың қуғын-сүргiнге ұшы­рап, қазақ елiне зорлықпен жер аударылғаны баршаға аян. Кеңес өкiметiнiң қаһарына ұшырап, арып-ашып келген халықтарға қазақ халқы аяушылық сезiммен қарап, үлкен жанашырлық танытты. Сол қамқорлықтың нәтижесiнде жер аударылғандар тезiрек аяғынан тiк тұрып кеттi.Әртүрлi әлеуметтiк топтар мен жiктердi, сондай-ақ, аз ұлттар мен этникалық топтарды күштеп жер аудару Ұлы Отан соғысына дейiн басталған. Мәселен, Қазан төңкерiсiнен соң Мәскеуден, Ленинградтан және Ресейдiң басқа да қалаларынан Оралға, Қазақстан мен Сiбiрге үстем тап өкiлдерi, бұрынғы патшалық әкiмшiлiк аппараты шенеунiктерi, ақсүйектер мен дiндарлар жер аударылады. Азамат соғысынан соң ВЦИК-тiң шешiмiмен «казачество» жойылып, Ресей, Украина және Белоруссияның орталық аудандарынан тәркiленген шаруалар көшiрiледi.  Сөйтiп, Қазақстан 30-жылдардың өзiнде жер аударылған халықтар үшiн резервацияға айналды. Ал, Қазақстанға басқа халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 жылдан басталады.Бұл ретте бұрынғы Кеңестер Одағында депортацияға ең бiрiншi болып ұшыраған кәрiс ұлты. Бұдан кейiн немiстер, қарашайлар, балқарлар, шешендер, ингуштер, күрдiлер, Ақысқа түрiктерi, Қырым татарлары, гректер, армяндар, еврейлер және басқалар, Қазақстанға барлығы 14 ұлт өкiлдерi депортацияланды.(кәрістер,немістер,орыстар татарлар)