- •«Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •1. Гульназым «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері. Кезеңдеу, дерекер, тарихнама.
- •4. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Гульназ Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы.
- •9.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •10. Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
- •11. 1917 Жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық және Қазан революциялары.
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •16. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і) Ұлттық территориялық межелеу.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары
- •24. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •26.Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31. Жансая Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 Диана 20ғ,2жарт халыққа білім беру
- •39 Билет. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •46. 20 Ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі
- •47. Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. Ормаш Дархан Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •55.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ерболат. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Алмагуль қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Кәмшат қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Анель Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі ролі.
- •88. Әлемдік қауымдастықтың қр-ң егмендігін тануы.Қ-ң сыртқы саясатының қалыптасуы.Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді.
Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды.
Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты — әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Қазақстан Сталиннің басшылығы арқасында ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс аймаққа жатқызылды (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқа). Бірақ жергілікті шенеуніктер ұжымдастыруды белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға талпынды. Республика аудандары мен округтері ұжымдастыру қарқыны жағынан бір-бірімен жарысқа түсті. Газеттер «ұжымдастыру майданындағы» күнделікті ауысып жатқан ақпаратты беріп үлгере алмады.
1928 ж. - бүкіл шаруашылықтың 2%-ы ұжымдастырылды.
1930 ж. 1 сәуір - 50,5%.
1931 ж. қазан - 65%-ға жуық, ал Орал мен Петропавл округтерінде осы уақытта шаруашылықтардың 70%-ы колхоздарға біріктірілді. Шектен шыққан ұжымдастырушылар колхозға кіргісі келмегендерді кулакқа жатқыза салатын болды. Шенеуніктер осы арқылы кез келгенін қорқыта алды.
