Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-10 билетАлтынгуль.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.81 Кб
Скачать

№10 Емтихан билеті

1. Рим клубының табиғатты қорғау мәселелері және қызметі

«Орнықты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.

Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.

Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» ([1]). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп түр.

Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік:

1 - қағида

«Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»

3 - қағида

«Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».

6 - қағида

«Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».

25 - қағида

«Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» .

2. Қайта қалпына келетін (келмейтін) табиғи ресурстарды қолдану және тиімді өндіру принциптері

Пайдалы қазбалар қоры тапшылығына байланысты қалпына келмейтін ресурстарды қалпына келетін ресурстармен алмастыру кеңінен қолданыс тапты.Әсіресе мұнайды алмастыру жұмыстары жүргізілуде.

Пайдалы қазбалар кен орындарын дұрыс пайдаланудың маңызды міндеті олардың толық таусылуын ұйымдастыру болып табылады.Технологиялық және экономикалық себептерге байланысты жер қойнауында кен орнының жұмысы тоқтағаннан кейін пайдалы қазбалардың белгілі бір көлемі қалып қояды.Осылай, әлемде қара және түсті металлдардың 15—20% тасталынады, шахталардағы тас көмірдің 40%, мұнайдың — 50—60% тасталынады.Калий тұзы мен слюда өндіруде 80% шикізат жоғалтылады.Технологиялық әдістердің жетіспеушіліктеріне орай кен өндіру кезінде пайдалы қазбалардың көп мөлшерінің зая кетуіне,толық барланбаған ,игерілмеген кен орнында жұмысты тоқтатуға әкеліп соғады.Көбінесе тау кен кәсіпорындары пайдалы қазбаларды бай пласттардан өндіреді, ал кедей пласттар өндірілмей, бос жыныстармен бірге үйінділерге көміледі.Соған орай,қалпына келмейтін ресурстарды дұрыс пайдалану жер қойнауынан кенді толық игеруге негізделеді.

Қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және олардың уақытынан бұрын таусылуының алдын алу мақсатында минералдық шикізаттарды кешенді ұйымдастыру қажет.

Көптеген кен орындарының рудалары бірнеше табиғи компоненттерден тұрады.Көбінесе соның ішінен басты бір ғана компонентті өндіріп, қалғандары қоқысқа кетеді.Мысалы, полиметалл өндіруде рудадан 1—2 металл ғана бөліп алады.Қалғандарының барлығы бос жыныстармен үйінділерге тасталады.Мысты байытуда, цинк,күміс, молибден, қорғасын жоғалады.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану тек қана қалпына келмейтін ресурстардың таусылуын тежеп қана қоймай, кәсіпорындарға тиімді,қоршаған ортаның қалдықтармен ластануының алдын алады.

Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу бір бірімен байланысты кәсіпорындар, яғни территориялық өндірістік кешен (ТПК) болған жағдайда ғана жүзеге асады.

5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми не-гізде жүргізу принципі.Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жургізуге болады.

6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мумкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауга болады.

7. Аймақтык принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші турімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принципті қолдануға мүмкіндік береді, Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажетгігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы, Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа турінде болады. Сонымен қоса минералдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.