- •1.Студенттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі
- •2.Педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру.
- •3.Мұғалімнің сыртқы пішіні мен мәдениеті.
- •1.Педагог сөзін жетілдіру жолдары.
- •2.Студенттің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.
- •3.Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті.
- •1.К.С.Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принциптері.
- •2.Сөз мәдениеті, оның элементтері.
- •3.Педагогикалық қарым-қатынасты сендіру.
- •1.В.А.Сухомлинский бойынша мұғалім сөзіне қойылатын талаптар.
- •2.Педагогикалық епті игеру шарттары.
- •3.Педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика мен пластика.
- •1.Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында.
- •2.Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
- •3.Үгіттеуде қойылатын талаптар.
- •1.Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі.
- •2.Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
- •1.Педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.
- •2.Мимика және пантомимика – байланыс орнату құралдары ретінде.
- •3.«Ххі ғасыр мұғалімі қандай болуға тиіс?» атты шағын әңгіме.
- •1.Көрнекі педагог шеберлігі /Шаталов/
- •2.Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.
- •3.Педагогтың сырт келбеті.
- •1.Педагогикалық шеберлік және оның компоненттері.
- •2.Педагогикалық техника – педагогтың әрекетін ұйымдастыру.
- •3.Микроәңгіме «Мен және мамандық» (3-5 минут).
- •1.Мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктері
- •2.Педагог пен тәрбиеленуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас.
- •3.Мұғалімнің қарым-қатынас стильдері.
- •1.Студенттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.
- •2.Мұғалімнің педагоикалық әдептілігі.
- •3.Жаттығу «Жазбаймын! Ештеңе оқымайды! » деп дәптерін лақтырып жіберді. Сіздің жауабыңыз.
- •1.Педагог қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
- •2.Мұғалімнің оқушылармен тіл табыса білуі.
- •3.Педагогикалық техника ұғымына анықтама бер.
- •1.Педагог қызметінде актерлік және режисерлік шеберлік.
- •2.«Мұғалім - оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастар.
- •3.Педагогтың оқушылар арасындағы жанжалды шешу шеберлігі.
- •1.Педагогикалық такт – мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас стилін орнату ретінде.
- •2.Сендіре білу – педагогтік әсер етудің әдісі ретінде.
- •3.Оқушылармен тіл табысуда, оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.
- •1.Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік.
- •2.Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
- •3.Дикция. Оның педагогикалық әрекеттегі орны.
- •1.Педагог мимикасы мен пантомимикасы.
- •2.Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
- •3.Педагогикалық қарым-қатынас мәні.
- •1.Педагог шығармашылығы - педагог шеберлігін дамыту факторы.
- •2.Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.
- •3.Педагогикалық шеберлік және оның тәрбиедегі мәні.
- •1.Мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.
- •2.Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік және режисерлік шеберліктің элементтері.
- •3.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың этикалық саласы.
- •1.Педагогикалық қызметтегі шеберліктің алатын орны.
- •2.Ххі ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар.
- •3.Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызметі.
- •1.Педагогикалық қарым – қатынастағы сендіру.
- •2.Әлеуметтік педогог мамандығына қойылатын талаптар.
- •1.Сөйлеу мәдениеті және оның элементтері.
- •2.Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы.
- •3.Педагогикалық стиль түрлері.
- •1.Педагог позициясы және оның тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісіндегі специфмкасы.
- •2.Педагогтың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу.
- •1.Педагогикалық қарым – қатынас.
- •2.Педагогикалық шеберліктің компоненттері.
- •3.Педагогикалық епті игеру.
1.В.А.Сухомлинский бойынша мұғалім сөзіне қойылатын талаптар.
2.Педагогикалық епті игеру шарттары.
3.Педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика мен пластика.
1)Педагогтың оқушылармен қалай сөйлесетіні, оларды қалай түсінетіні, олардың ойлау әрекетін бағыттауы, бағалауы үлгірім мен тәрбиелік ықпалға ерекше әсер етеді. Педагогтың қызметі – сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, материалды оқушылардың мүмкіндігінше меңгеруіне қол жеткізу, тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру. Оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану, теориялық дайындықтан басқа мұғалімнің оқушылармен тіл табыса білуі де маңызды. Сондықтан, оқушыларға бағытталған сөз салмақты, байсалды болғаны жөн. Мұғалім сөзі дөрекі, тіл тигізуші болмауы дұрыс. В.А.Сухомлинский былай жазған: «Байқаңыз! Сөзіңіз өмір бойы тыртығы қалатын нәзік тәнге тиген қамшыдай болмасын...Егер сөз шын жүректен шығып, шынайы болса ғана, сөзде өтірік, теріс түсінік, «ұрсу», «сөгіс беру» тілгеі болмаса ғана, сөз жасөспірімнің жүрегін қорғайды және сақтайды...Педагог сөзі ең алдымен жұбатуы керек»Мұғалім сөзі оқу-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне аудару және ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, көңіл-күйіне әсер ету – бұл қасиеттерсіз мұғалімді елестету мүмкін емес.2) Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап. Дегенмен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінң бір бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес, оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үн мен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуінің, толысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі. Оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:- балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;- балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;- нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;- ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...»;- балалармен әңгімелесу.Қарым-қатынастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық, өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құреметтеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн. 3)Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшықеттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалдық мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді.Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, ренжуді, көңілі толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады.Мимиканың мәнерлі бөліктері – қас-қабақ, көз. Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар сезімді білдіреді.Сонымен, жас педагогқа өзіңі сырт келбетінде неге көңіл бөлуі қажет?Денені тік ұстауы. Бүкірейе ме? Аудиторияда қысылады ма? Өзінің тұрыстары жасанды емес пе? Қалай тұрады? Отырады? Орнынан тұрады?Мимика. Әңгімелесіп отырған адамына қарайды ма? Сыныпқа ше? Бет-әлпетінде өз-өзіне сенімділік сезімі білінеді ме? Жылы шырайлы ма?Пантомимика. Қимылдары үйлесімді ме? Қаншалықты табиғи? Олар тым көп емес пе? Сынпта қалай қозғалады? Кітапты қалай қарайды?
6-БИЛЕТ
