Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІІК ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.57 Кб
Скачать

1.К.С.Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принциптері.

2.Сөз мәдениеті, оның элементтері.

3.Педагогикалық қарым-қатынасты сендіру.

1)Педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі. К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік берді: оларды меңгеру педагогикалық қызметтің қыр-сырын жан-жақты танығысы келетін кез-келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға және өзін-өзі дамытуға жол ашады. Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславский рольмен жұмыс жасау барысында өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді. Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық іс-әрекет жағдайында мұғалімнің қабылдау мүшелерін жаттықтыруды талап етеді. Кез-келген әрекет, соның ішінде педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесімділігіне кедергі келтіреді. Станиславский іс-әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.2) Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бірі.Сөйлеу мәдениеті – бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен біріктіріу, сөйлемді дұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды.Сөйлеу мәдениеті екі компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті.Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) және т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің сөзі нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс.Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры – бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келісті сөздерді қолдану дәлдікке – сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі.Ауызша сөйлеуде қыстырма сөздерді (жаңағы, осылайша, яғни, әрине, сосын, ия және т.б.) қолдану тыңдаушыларға кері әсерін тигізеді.Сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі – сөздің грамматикалық сауаттылығы, яғни сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің формаларын қолданудағы норматив.

3)Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.

Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс. Сендіру құбылысы «сендіруші – сенуші» күрделі жүйесі болып табылады. Онда өзара байланысқан үш элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы). Суггестивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика). Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гипноз кезінде сендіру, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық практикада сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрлерін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын-ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын,саналы түрде ұйымдастырылып, мақсаты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б. сендіруді мақсат тұтпайды, бірақ оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсің!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсың!») оқушының бойында жағымсыз, қажетсіз күйлерді, ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін. Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықтайды. Тікелей сендіруге өсиет айту - императивті формада, ешқандай аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйрық беру, нұсқау, тыйым салу. Жанама сендіру түрлері: білдіру (намек) – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету. Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.

5-БИЛЕТ