Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІІК ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.57 Кб
Скачать

1.Педагогикалық қарым – қатынастағы сендіру.

2.Әлеуметтік педогог мамандығына қойылатын талаптар.

3.Педагог қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтар.

1) Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру. Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс. Сендіру құбылысы «сендіруші – сенуші» күрделі жүйесі болып табылады. Онда өзара байланысқан үш элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы). Суггестивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика). Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гипноз кезінде сендіру, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық практикада сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрлерін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын-ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын,саналы түрде ұйымдастырылып, мақсаты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б. сендіруді мақсат тұтпайды, бірақ оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсің!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсың!») оқушының бойында жағымсыз, қажетсіз күйлерді, ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін.Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықтайды. Тікелей сендіруге:- өсиет айту - императивті формада, ешқандай аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйрық беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғалім мен оқушының арасында тұрақты конфликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат.- команда, бұйрық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқа да нұсқа формада берілетін вербальды ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйрықтар дене шынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуацияларында кең қолданылады.Жанама сендіру түрлері: білдіру (намек) – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету. Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады2) Әлеуметтік педагогқа қойылатын біліктілік талаптарыЛауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.Біліктілікке қойылатын талаптар:- Жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагоглауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.- Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:- Екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; - Озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.3)Адамның белгілі бір мамандыққа қабілеті оның іс-әрекетінің ерекшелігінен және ойлауынан көрінеді. Е.А.Климовтың ұсынған жіктелуі бойынша педагогикалық кәсіп – пәні басқа адам болып табылатын мамандық тобына жатады. Бірақ педагогикалық мамандықты ең алдымен оның қайраткерлерінің көзқарастары мен жауапкершілігі тарапынан таңдайды. Осыған байланысты педагогикалық мамандық жеке топ болып жіктеледі. Оның басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі жеке тұлғаны қалыптастыру, оның интеллектуалды, эмоционалды, дене тәрбиесін басқарып, рухани әлемін қалыптастыру. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады.Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік – жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.Ұжымдық сипаттамасы. «Адам-адам» тобының басқа мамандықтарында нәтиже бір маман иесінің іс-әрекет жемісі болып табылса, мысалы, дәрігер, сатушы, кітапханашы, ал педагогикалық мамандықта – тәрбиеленушіге әсер етушілердің педагогтың, отбасының және т.б. еңбектерін атап көрсету өте қиын.Шығармашылық ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекет кез келген әрекет сияқты сандық қана емес, сонымен қатар сапалық ерекшелікпен сипатталады. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын өз іс-әрекетіне шығармашылық қарым-қатынасының деңгейі негізінде ғана анықтауға болады. Педагог іс-әрекетінің шығармашылық деңгейі өз мүмкіндіктерін алға қойған мақсатқа жету үшін қолдануынан көрінеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық ерекшелігі оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ғылым, техника, өнер сияқты сфералармен салыстырғанда педагог шығармашылығының мақсаты жаңа бір бағалы, әлеуметтік құндылықты құру емес. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, оның ішінде жаңашыл педагог өзінің педагогикалық жүйесін құрады.

23-БИЛЕТ