Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІІК ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.57 Кб
Скачать

1-Билет

1.Студенттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі

2.Педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру.

3.Мұғалімнің сыртқы пішіні мен мәдениеті.

1.Жоғарғы оқу орындарында студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру,қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді. Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да , білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідің өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Қазіргі таңда сай өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. 2. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар жатады.Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысына басшылыққа алады. Мысалы,  А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетіне тәрбие құралы етіп «еңбекті» қолданған..Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде бірлескен коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал ретінде пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды ұйымдастырудан алған. Мұндай таңдау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі.Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойланатын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай , әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу. Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған.Шынымен де, кімде–кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алады. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алама? Дамыта оқытуды жүзеге асыра аладыма? Оқу–тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алама? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, оның ұғымдық аппаратын білгені жөн. Тек белгілі бір пән бойынша білім алып қоймай , сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. психологиялық–педагогикалық ғылым саласынан терең де жан–жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту–тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес.Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңдеулі және өңдеулі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие.Шебер–педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу–тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік шақта қол жеткізу мүмкін емес.3.Сыртқы келбет бұл имидж. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек.Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты талаптар болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса, пәнге деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары. Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайым көпшіліктің алдында. Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жан-жақты ашылып, жарқырап көрінуі, өзіңіз туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды. Имидж құрылымы: - сыртқы бейне; - вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы; - ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі. Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады. - Мәнерлі сөйлеу - Көндіре білу - Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу - Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу - Шыдамдылық - Көргіштік - Сезе білу Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады.

2-БИЛЕТ