- •1/Саясаттанудың обьектісі және пәні. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •2/Саясаттану заңдары, категориялары және әдістері.
- •3/Саясат туралы ғылымның қалыптасуымен дамуы. Саясаттану функциялары.
- •5/Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер(Дж.Локк,т.Гоббс,ш.Монтескье,к.Маркс).
- •8/Саяси лидерлік түсінігі, функциялары.
- •14/Саяси тәртіп (режим):мәні, мазмұны, сипаты. Тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері
- •15.Мемлекет:оның мәні, белгілерімен функциялары
- •19/Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар: мәні, фунькциялары, түрлері.
- •22. Сыртқы саясат, оның мәні және функциялары.
- •23. Саяси қызмет және оның құрылымы.
- •25.Әлемдік саяси үрдіс:түсінігі және құрылымы.
- •29/Саяси сананың құрылымы. Саяси менталититед.
- •30/ Хіх ғ.Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (а.Құнанбаев, ы.Алтынсарин, ш.Уалиханов)
- •31/Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
- •35. Экономикалық цикл, фазалары
- •2. Инфляция, түрлері, себептері
- •3. Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы
- •40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
22. Сыртқы саясат, оның мәні және функциялары.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
23. Саяси қызмет және оның құрылымы.
Саяси қызмет - саяси қатынастарды өзгертуге немесе оны сақтауға бағытталған белсенділік түрі. Саяси қызмет құрылымы: субъект (жеке тұлға, әлеуметтік топ), объект(субъект қызметі бағытталған нысан) және әрекеттің өзі. Саяси қызметте екі негізгі бағытты көрсетуге болады: саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру. Ал бұл үшін саяси шындық туралы білім және құндылық бағыт болуы қажет. Осыған сәйкес саяси қызметтің үш түрі қалыптасқан: танымдық, құндылық және тәжірибелік. Саяси қызметті жүзеге асыру кезеңдері: объект жағдайын бағалау, болжау, объектінің нақты өмір сүру жағдайларына ұсынылған шараларын икемдеу, шараларды жүзеге асыру және қабылдағаннан кейін түзету енгізу. Саяси шешімдерді дайындау және жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде оған тұрғындардың барлығы қатыса алады.
24. ҚР-ның Конституциясы жеке адамның құқығы, бостандығы және міндеттері туралы заң.
Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
