- •1/Саясаттанудың обьектісі және пәні. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •2/Саясаттану заңдары, категориялары және әдістері.
- •3/Саясат туралы ғылымның қалыптасуымен дамуы. Саясаттану функциялары.
- •5/Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер(Дж.Локк,т.Гоббс,ш.Монтескье,к.Маркс).
- •8/Саяси лидерлік түсінігі, функциялары.
- •14/Саяси тәртіп (режим):мәні, мазмұны, сипаты. Тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері
- •15.Мемлекет:оның мәні, белгілерімен функциялары
- •19/Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар: мәні, фунькциялары, түрлері.
- •22. Сыртқы саясат, оның мәні және функциялары.
- •23. Саяси қызмет және оның құрылымы.
- •25.Әлемдік саяси үрдіс:түсінігі және құрылымы.
- •29/Саяси сананың құрылымы. Саяси менталититед.
- •30/ Хіх ғ.Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (а.Құнанбаев, ы.Алтынсарин, ш.Уалиханов)
- •31/Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
- •35. Экономикалық цикл, фазалары
- •2. Инфляция, түрлері, себептері
- •3. Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы
- •40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
19/Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар: мәні, фунькциялары, түрлері.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).
20/Саяси мәдениет түсінігі, құрылымы және функциялары. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады.
21/Саяси сана түсінігі, мәні деңгейлері Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы.Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
