Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POETS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.3 Кб
Скачать

5/Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер(Дж.Локк,т.Гоббс,ш.Монтескье,к.Маркс).

XVIIғ-да бружуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды.Ол феодолизмге күйрете соққы беріп,капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс(1588-1679)еді.Оның ойныша,мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақату үшін пайда болды.Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы тапсырылды.Адамдар өз тілектері мен еріктерін шкетеп,барлық билікті мемлекетке берді.Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.Франциядағы бружуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье(1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін,оның заңадарының айырмашылығын,қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырды.Карл Маркс (1818-1883).

6/Паритялық жүйелер,олардың типтері.Қазақстандағы партиялық жүйенің ерекшелігі. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады.Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады.Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.Партиялар:Ұлттық-демократиялық»Желтоқасн»партиясы; Қазақ-ң республ-қ «Азат»партиясы; Қазақ-ң социал-демократиялық партиясы; Қазақ-ң социалистік партиясы; «Қазақстанның Халық конгресі»партиясы; «Қазақстанның Халық бірлігі»одағы; «Ауыл»партиясы; «Ақ жол», «Асар», Руханият партиялары. «Нұр-Отан» партиясы.

7/Саясат қоғамдық құбылыс. Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]