Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POETS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.3 Кб
Скачать

3/Саясат туралы ғылымның қалыптасуымен дамуы. Саясаттану функциялары.

Қай ғылым болмасын. Белгілі бір қызметтерді (функцияларды)атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гнесологиялық)қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғадағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау (аксиологиялық) қызметін атқарады.ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге ж/е оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мем-де с-у саяси әлеуметтану міндетін ат-ды.ол аза-ты,халықтң демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік,басқару қызметін ат-ды. Оның ерекшелігі-қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін – өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. С-у саяси өмірді жетілдіру міндетін ат-ды. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы ж/е атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси –басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда н/е оның жеке аймақтарында қалыптасып, жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Ең соңында с-ң болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерт-ң құндылығы саяси проц-ң үрдісінайнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.

4/Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлер (Конфуций, Лао-Цзы, Платон, Аристотель) Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды.Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді.Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді.Саяси ұғым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды.Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды.Билеу түрі сан алуан болатын және жиі аучысып отырды.Саяси өмір қызу өрбіді,ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді.Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп.Солардың ішінде ең көрнекті өкілі-Платон мен Аристотель.Платон б.з.д. 427-347 жылдарда өмір сүрді.Шын аты-Аристокл.Жасында спортпен көп шұғылданды,жоғары көрсеткіштерге де жетті.Жауырыны кең болды.Сондықтан оны Платон (кең жаурунды)деп атап кеткен.Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгі қалды.Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын.Платон атақты Сократтың мектебінде оқып,оның үздік шәкірті болды.Ол қаза болғаннан кейін катты қайғырып,біраз елдерді аралыды.Кейін Афиныға келіп өз мектебін-академияны ашты.Платонның 200 еңбертері бар.Олардың ішінде: «Саясатшы», «Заңдар», «Мемлекет», «Софист», «Парменид» т.б. Платонның ойынша,адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды.Олар өмір сүру үшін тамақ,киім өндірулері,үй салулалры және т.б.жасаулары керек.Біреулері егіншілікпен,екіншілері тігіншілікпен,үшіншілері құрылысшылықпен,төртіншілері етікшілікпен және т.с.с.айналысады.Сөйтіп,олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді.Осы бірігудің арқасында қоғам,мемлекет пайда болады.Мемлекет адамдарды алаламай,байына да,кедейіне де,азына да,көбіне де қарамай-бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол билікті 3 түрге бөлді: 1)монархия;2)аристократия;3)демократия.Платон бойынша басқарудың үздік формасы аристократия н/е монархия. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып,фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель(б.з.б.384-322)болды.Ол 17 жасында Платон академиясын іздепкеліп оқуға түседі.Оны бітірген соң 20 жыл онда ұстаздық етеді.Оның еңбектері: «Саясат», «Афина саясаты», «Элита», «Риторика».Аристотель саясатқы кең мағына берді.Оған этиканы да,экономиканы да енгізді.Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі,оның мақсаты-адамды,мемлекетті жақсы тұрмысқа,молшылыққа,бақытқа жеткізу деп білді.Сөйте тұра,ол құл иеленушілікті қолдады,құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]