- •1/Саясаттанудың обьектісі және пәні. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •2/Саясаттану заңдары, категориялары және әдістері.
- •3/Саясат туралы ғылымның қалыптасуымен дамуы. Саясаттану функциялары.
- •5/Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер(Дж.Локк,т.Гоббс,ш.Монтескье,к.Маркс).
- •8/Саяси лидерлік түсінігі, функциялары.
- •14/Саяси тәртіп (режим):мәні, мазмұны, сипаты. Тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері
- •15.Мемлекет:оның мәні, белгілерімен функциялары
- •19/Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар: мәні, фунькциялары, түрлері.
- •22. Сыртқы саясат, оның мәні және функциялары.
- •23. Саяси қызмет және оның құрылымы.
- •25.Әлемдік саяси үрдіс:түсінігі және құрылымы.
- •29/Саяси сананың құрылымы. Саяси менталититед.
- •30/ Хіх ғ.Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (а.Құнанбаев, ы.Алтынсарин, ш.Уалиханов)
- •31/Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
- •35. Экономикалық цикл, фазалары
- •2. Инфляция, түрлері, себептері
- •3. Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы
- •40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,
Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы. өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді: а ) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау б ) әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу в ) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау г ) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.
41) Еңбек ақы және оның мәні,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын тандау бірнеше факторларға тәуелді: - қолданылатын жабдықтын сипатына; - технологиялық процестің ерекшелігіне; - еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға; - материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға; - өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты. Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған. - Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасының сағаттағы пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
42/ Мемлекеттің әлеуметтәі саясаты:,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету. ақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат. ... ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
61. Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
Әлеуметтік өмір жеке индивидтің өмірімен тығыз байланысты және оның іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым «Әлеуметтіану» латының Societas (қоғам) және гректің logos (ілім) деген сөздерінен құрастырылып, негізгі мағынасын көрсетеді. Бұл терминді ғылымға француз ойшылы және жаңа заман философы Огюст Конт (1798-1857жж) еңгізді. Оны әлеуметтанудың қоғам салушы ретінде атайды. XIX ғ. Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, Лестер Уорд және басқа әлеуметтанушы ғалымдардың бірқатар жалпы әлеуметтік тұжырымдамалары мен әлеуметтік теориялары пайда болды. Қазіргі әлеуметтану-қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі, оның жүйелері және жеке элементтері туралы жеке ғылым. Әлеуметтану ең алдымен қоғамның қызмет ету механизмдерін, әртүрлі субъектілер ұйымдар және әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыстарды зерттейді. Әлеуметтік білім құрылымының элементтері қоғам өмірінің жекелеген салаларының қызмет етіп, мен дамуы жайлы түсініктердің өзара байланысты, мемлекет тұрғындарының, әлеуметтік құрамы және қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы білім, саяси әлеуметтенуге қатысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар, қоғамда қызмет етіп отырған әлеуметтік институттардың қызметі туралы әлеуметтанушылардың ғылыми түсініктері мен қорытындылары. Әлеуметтік білімнің деңгейлері (жалпы әлеуметтік теориялар, арнайы немесе жекелеген әлеуметтік теориялар,, нақты әлеуметтік теориялар) Әлеуметтанудың негізгі қызметтері (танымдық, тәжірибелік, идеологиялық қызметтер).
Зерттеу саласына байланысты:
Білімдік
Медициналық
Ғылыми
Спорттық
Гендерлік
Жастық
Құқықтық
62/ Антика, Орта ғасырда және жаңа замандағы әлеуметтік ойдың тарихы. Әлеуметтік ойдың дамуының негізгі сатылары.
Антик заманының философиясы
Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.
