- •1/Саясаттанудың обьектісі және пәні. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •2/Саясаттану заңдары, категориялары және әдістері.
- •3/Саясат туралы ғылымның қалыптасуымен дамуы. Саясаттану функциялары.
- •5/Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер(Дж.Локк,т.Гоббс,ш.Монтескье,к.Маркс).
- •8/Саяси лидерлік түсінігі, функциялары.
- •14/Саяси тәртіп (режим):мәні, мазмұны, сипаты. Тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері
- •15.Мемлекет:оның мәні, белгілерімен функциялары
- •19/Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар: мәні, фунькциялары, түрлері.
- •22. Сыртқы саясат, оның мәні және функциялары.
- •23. Саяси қызмет және оның құрылымы.
- •25.Әлемдік саяси үрдіс:түсінігі және құрылымы.
- •29/Саяси сананың құрылымы. Саяси менталититед.
- •30/ Хіх ғ.Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (а.Құнанбаев, ы.Алтынсарин, ш.Уалиханов)
- •31/Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
- •35. Экономикалық цикл, фазалары
- •2. Инфляция, түрлері, себептері
- •3. Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы
- •40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
31/Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді. Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады: 1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде. 2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы. 3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б. Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым. Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері. Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер. Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет. Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтін-дігін түсіндіреді. Кез-келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады: 1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. 2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету. 3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. 4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару. 5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту. 6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу. 7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу. 8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату. 9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбы-лысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру. Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады: 1. Экономикалық-математикалық үлгілеу. 2. Шекті талдау. 3. Функционалдық талдау. 4. Баланстық әдіс. 5. Экстрополяция.
