Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POETS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.3 Кб
Скачать

1/Саясаттанудың обьектісі және пәні. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі - қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны – мемлекет.Сонымен қатар,қоғамның тұтастай алғанда,ы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады.Адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұрыс бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз б/ты. Адамзат саясаттың сықырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келеді.Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдардың мем-ң, саяси биліктің мәнмағынасы недеж/е кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар ж/е олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қасысы деген сияқты жауап іздеген. Ертедегі адамдар жер бетіндегіөміргеқұдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігіретінде қарады. Біздің з.б. 1 мың-ң ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер – Конфуций, Платон,Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыданм зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарастырды.Олар саясатты ад-ң мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. С-ң негізін қалаушы деп данышпан ғалымАристотельді атайды.Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбегін жазып, онда ежелгі грек мем-ң саяси жүйесін зе-ді. Орта ғ-да с-ң діни – этикалық түрі қалыптасады. Онң негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мем-т басшылары қдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген.Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның ХҮІ ғ-да өмір сүрген ойшылы Николай Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді.

2/Саясаттану заңдары, категориялары және әдістері.

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары)бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. М, «саясат», «саяси билік», «саясижүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат», ж/е т.б. қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан,жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де(тарих,әлеуметтану,фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

Әдіс деп – зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады.оларға: салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік. Салыстырмалы әдіс – әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып,олардың жалпы жақтарын ж/е жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүм-к береді.ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға,соның негізінде нақтылы саяси өлшемдер қабылдауға көмектеседі. Жүйелей әдісі –саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап,оны құрайтын эле-ң әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін, айналадағы ортамен,басқа құбылыстармен байланысты зерт-ді. Социалистік әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық әлеу-к құрылым, мәдениет ж/е т.б. жағдайына б/ты анықталады.

Тарихи әдіс – саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті заманына қарай бұрынғы,қазіргі ж/е болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін,белгілі бір саяси жағдайларда ад-ң өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Нормативтік әдіс – қоғамдық игілікті ең мол қам-з ете-н н/е адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүм-ті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]