Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
angl-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

20.Жалқы атаудың аудармасы

транслитерация транскрипция транспозиция калькалау

Транслитерация  - бастапқы тіл формасының әріптік имитациясы.

Оның артықшылықтары – жазба варианты бұрмаланбайды, оның нұсқасы тілден әмбебап, тәуелсіз сәйкестендіріледі. Бұл айтарлықтай маңызды түсінік – мысалы, Ельцин тегі ағылшын тіліне Yeltsin сияқты, ал французша Eltsine, Афродита (Aphrodite) - [жfr 'daiti]

Транскрипция

Жалпы, қазіргі кезде есімдер мен атаулар графика жолымен беріледі, яғни транскрипция жолымен.

Мысалы , ағылшын дәрігері, лексикографы Peter  Mark  Roget, өмір бойы Англияда тұрған, бірақ француз ата-аналарынан Роже деп айтылатын тегін мұраланды.

Транспозиция

Транскрипция мен транслитерациядан басқа, кірме сөздер тәжірибесінде және есімдерді табыстауда тағы бір аз зерттелген қағида байқалады. Ол – этимологиялық сәйкестік қағидасы немесе транспозиция.

Аударма тәжірибесінде әуелгі кезден әдет болып кеткен: монархтардың және діндар қайраткерлердің есімдері, әдеттегідей, транпозиция әдісімен аударылады. Басқа сөзбен, James патшасы орысша Джеймс емес, Иаков деп аталыну керек. Папа римскийдің орысша атауы Джон Пол немесе Джованни Паоло емес, ал Иоанн Павел.

Калькалауға әдетте терминдер, кең қолданыстағы сөздер және сөз тіркестері ұшырайды:

Winter Palace – Қысқы Сарай White House – Ақ Үй

көркем тынды атаулары: The White Guard – “Ақ Гвардия” Over the Cuckoo's Nest - «Над кукушкиным гнездом»; саяси партия мен қозғалыстар атаулары: the Democatic Party – Демократтық партия Our Home Is Russia – біздің үй - Ресей тарихи оқиғалар: the invasion of Batu-Khan – Бату-Хан шабуылы немесе сөйлемшелер the Fruits of the Enlightment – ағарту жемістері және т.б.

Аудармашының жалған достары.

Интернационал сөздер Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер. Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан. Ағылшын және орыс тілдерінде бірдей оқылатын және мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер осы тілдердің бір-бірінен алынған немесе үшінші бір тілден кіріккен (француз немесе латын тілдерінен). Мысалы: contras, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Әдетте интернационал сөздерді аудару қйындық тудырмайды. Егер олар бірдей мағына беретін болса. Бірақ, аудару кезінде интернационал сөздерді қолданғанда бұл сөздің аударылып жатқан мәтіннің стиліне қаншалықты сай екенін ескеру керек. Аудармашылар аударма жасау кезінде мағынасы жағынан әр түрлі, бірақ тұлғалары бірдей ағылшын және орыс сөздеріне жиі кезігеді. Бұл сөздерді псевдоинтернационал сөздер немесе “аудармашының жалған достары” деп аталады. Көпшілікке белгілі мысалдар: compositor сөзі композитор деп аударылмайды, наборщик деген мағынаны білдіреді; conductor сөзі кондуктор деп қана емес, режиссер деп те аударылады. Көбіне псевдоинтернационал сөздердің заттық-логикалық мазмұндарында айырмашылықтар болады. Мұндай айырмашылықтардың 4 түрін көрсетуге болады: 1.Орыс тіліне еніп кеткен ағылшын сөзі meeting ағылшын тілінде көп мағына береді. Олар “кездесу”, “жиналыс”, “дуэль” және т.б. Ағылшын сөзі record “рекорд” мағынасымен қатар “протокол”, “репутация” деген мағыналарда қолданылады. Nation сөзі “ұлт” мағынасынан басқа “халық”, “ел”, “мемлекет” деген мағыналарында жиі қолданылады. 2.Егер сөздер басқа бір үшінші тілден кіріккен болса. Аудитория сөзі екі мағына білдіреді: 1) кабинеттер және 2) люди, слушающие выступление. Ағылшын тілінде auditorium сөзі кабинет деген мағынаны білдіреді. Ал аудитория сөзінің екінші мағынасы audience деп аударылады. 3.Екі тілде де мағыналары сәйкес келуден басқа өзінің басқа мағыналары бар. Корреспонденция сөзінің ағылшын тіліндегі “correspondence” сөзімен бірдей келетін мағынасы “хат”, ал ағылшын тілінде жоқ мағынасы “газеттегі ағымдағы оқиғалар туралы ескерту”. Өз кезегінде ағылшын “correspondence” сөзінің орыс тілінде жоқ мағынасы “аналогия”, “сәйкестік”. 4.Тұлғалары ұқсас сөздер әртүрлі мағыналарды береді. Мысалы:

Story – история және ақылшын сөзіндегі екінші мағынасы бар. a part of a building comprising all the rooms that are on the same level. a three-story building Бір деңгейде орналасқан бөлімдер, соның ішінде ғимараттың бір бөлігі. Мысалы: Үш қабатты ғимарат. Box – коробка және орыс тәләндегі басқаша мағынасы “боксировать”, “бокс”.

Еркін тіркестерді аудару.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінеді. Еркін сөз тіркестерін аударған кезде сөздерді ауыстыру жиі кездеседі. Себебеі, ағылшын тіліндегі сөздер тіркестің мағынасын толық аша алмауы мүмкін. черная неблагодарность black – жай ғана қара Сол себепті, “a rank ingratitude” деп аударылады. Кейде мағынаны дұрыс жеткізетін сөзді табу қиын. Аудармашы семантикалық ауыстыруларды пайдаланады. Генерализация және конкретизация Бастапқы сөз аударма тілінде басқа, мағынасы кең сөзбен Орел поднялся выше и снова стал делать круги. The bird went up end circled again. немесе тар мағынадағы сөзбен Он взял ребенка на руки. He took the child in his arms. ауыстырылады. Метонимикалық аударма Метонимия – өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Свободная продажа – a free market Плохо работающее производство – a money-losing factory Семантикалық компоненттерді қайта бөлу Түпкі нұсқадағы сөз тіркестің мағынасын нәтижедегі аударылған толық сөйлемге байланысты ауыстыру. Правительству было поручено глубоко изучить предложения, высказанные депутатами. The government was asked to make an in-depth study of the deputies` proposals. Компрессия Қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі кейбір сөз тіркестері ағылшын тілінде жеке сөзге айналады. Ұлттар жағдайдың жақсы жаққа өзгеруін тілейді Nations wants to change the situation for the better. Народы желают изменения дел к лучшему.Nations wish to see improvements