Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
angl-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

16.Аударма техникасы

Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді. Мысалы мына мысалда аудармашы екі бірдей сөйлемді біріккен сөйлемге айналдырады:

One of the fundamental aspects of the greatly strengthened United States imperialism following World War 1 was its fightening grip upon the other countries of the Western hemisphere.This was especially the case in Latin America.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ империализмінің экономикалық өсуі болып оның батыс елдеріне өз үстемдігін нығайтуы болды, әсіресе Латын Америкасында.

17.Фразеологизмдердің аударылу ерекшеліктері

Фразеологизмдер, жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені әр тілдегі фразеологазмдердің мағыналық және сталистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да әр тілде әрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді.

18.Қазақстандағы аударма мәселесі.

Қазақстанда аударма мәселелері туралы ғылыми ой-пікірлерін жазған М.Әуезов М.Қаратаев С.Талжанов Ә.Сатыбалдиев Т.ӘлімқұловӘ.Ипмағамбетов Е.Букетов Қ.Қанафиева А.Жовтис Е.Ғабдіров Ш.Сарыбаев Ә.Нұрпейісов М.Әлімбаев С.Нұрышев т.б.

Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару мәселелері орта ғасырдағы араб тілі түркітанушы ғалымдардың еңбегінен бастау алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей сөздерді, сөз өрнектерін араб тілінде қалай жеткізу керек деген мәселеге кезі келгенде назар аударып отырыпты.

Қазақ тіліне, қазақ тілінен аудару заңдылықтары туралы жекелеген қарапайым топшылаулар 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газетінде» елеусіз болса да бой көрсете бастады. Ал аудармасы жайындағы алғашқы пікірлер, үлкен теориялық деңгейде болмаса да, сыни дәрежеде 1914 жылы «Айқап» журналында жарияланған И.Лихановтың қазақ өмірінен жазған «Манап» дарамасының аудармасы жөнінде айтылады.

Осы ғасырдың 20-жылдары жазылған аударма жайлы еңбектер ретінде Ж.Аймауытовтың («Аударма туралы», 1925), Е.Алдонғаровтың, Б.Кенжебаевтың(1925) мақалаларын айтамыз. Бұл аудармалардың біріншісінде аудармалардың толыққандығы жайлы сөз болса, екіншісінде Пушкин поэмаларының қазақ тіліндегі аудармалары туралы, үшіншісінде Абайдың аудармашылық шеберлігі туралы сөз қозғалады.

30-жылдардағы аударматанудағы ең сүбелі үлес М.Әуезовке тиесілі. Ол өзінің «Пушкинді қазақша аудару тәжірибелері туралы», «Ревизордың аудармасы туралы», «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» сияқты мақалаларында түпнұсқадағы сөз,и ой байлығын, стильдік еркешеліктерді неғұрлым толық жеткізу мәселелерін салмақты әдеби-теориялық тұрғыдан сөз етті.

30-жылдары Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың да аудармаға назар аударғаны мәлім болды. 40-жылдары бір ғана С.Жиенбаевтың аударманың тіліне арналған мақаласы болған. Байқағанымыздай, 30-40 жылдары аударманың зерттелуі маңдымаған екен. Бұл ашаршылық пен соғыстың кесірінен болған.

Аудармаға ғылыми мән беріліп, теориялық құнды пікірлер айтудың белең алған тұсы – 60-жылдар. Бұл кезеңде жарияланған М.Әуезовтің, М.Қаратаевтың, С.Талжановтың, Ә.Сатыбалдиевтің, С.Нұрышевтің, К.Шәріповтің, З.Ахметовтің т.б. Ғылыми жарияланымдары Қазақстанда аударманың ғылым ретінде қалыптасуына айырықша әсер етті, аударма мәселелерін жолға қойды.

50-жылдары аударманың стильдік, жанрлық, әдеби, тілдік мәселеліріне де назар аударылды. 60-жылдары жекелеген мақалалардан басқа арнайы іргелі еңбектер жиі жарық көре бастады, диссертациялық еңбектер көбейді. Бұл кезеңде аударма теориясына айырықша үлес қосқандар – С.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиев. Алғашқы ғалым аудармаға әдеби тұрғыдан келіп жеке жазушы (Н.В.Гоголь) стилін бағамдаса, Ә.Сатыбалдиев Л.Толстой шығармаларының қазақша аудармасын арқау ете отырып әдеби тұрғыдан келсе де, тілдік талдаулар жасауға айырықша ұмтылыс жасайды. Қазіргі кезеңде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлем мәдениетінің үлгілі де көрнекті еңбектерін қазақ тіліне аударып халыққа жеткізу қолға алынып тұр.

Қазақстандағы аударманың тарихы мен теориясын зерттеу жұмысы ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан С.Сейфуллиннен бастауын алады деуге келеді. Спандияр Көбеевтің "Үлгілі тәржімасы", Молданияз Өтетілеуовтың "Жиған-тергені" және басқа авторлардың жарияланған аударма туралы ойлары Қазақстанда аударма өнерін өркендетуге айрықша қызмет атқарды.

Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға ғылыми-зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді. Атап айтқанда: С. Нұрышевтің "Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен" , С. Талжановтың "Көркем аударма туралы" , Ә. Сатыбалдиевтің "Рухани қазына", М. Әлімбаевтың "Өрнекті сөз - ортақ қазына" және т.т. деген кітаптарында қазақ аудармасының әрқилы мәселелері зерттеліп, талқыланды.

Қазіргі уақыттағы аудармашылық белсенділіктің артуына мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасының әсері зор дей аламыз. Бүкіл адамзат баласының озық ойлы авторларының, өз саласының дүлдүлдері болып есептелетін ойшылдар, ғалымдардың шығармашылығын қазақ тілінде сөйлету талай қиянат көрген тілімізге серпіліс беріп, бұрындары тек көркем әдебиетпен шектеліп келген аудармашылық жұмысты жандандырады деген үлкен үмітіміз бар. Сол "мен мұндалаған" үмітке жету жолында біраз тер төгіп, үлкен жауапкершілік арқалау керектігі даусыз. Профессор Ж.Молдабековтың "Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады" деген мақаласында келтірілгендей, "аудармашылардың кәсіби деңгейі (сала бойынша және көркемдік шығармашылық тұрғысынан) қалыптаса қойған жоқ. Аудармадағы кәсіби дәстүр де, деңгей де бірдей емес

"Бірақ та аударма жұмыстары осы мамандардың кәсіби және өзіндік тұлғалық әлеуетін қатар жетілдіруде ме немесе қоғамның әлеуметтік және мәдени әлеуетін басқаруын тездетуде ме десек, әзірге бұл екі бағыттағы жүйелі жұмыс тіптен шамалы, қанағатсыз екенін мойындауымыз керек." Ал арнайы философиялық, психологиялық, әлеуметтанулық классикалық мәтіндерді филолог-аудармашылар қолына берсеңіз, онда да қиындық кезікпес еді деуге тағы да болмайды. Өйткені "аударма мәтінді талқылағанда оның мәдени мағынасын, идеялық бағытын, әлеуметтік-лингвистикалық дәстүрдің құрылымы мен стилін дұрыс ұқпайынша, бұл аударманың мәнді, түсінікті, сәтті болуы күмәнді." Бірақ, "көш жүре түзеледі" демекші, бірте-бірте аудармадан кенжелеп қалған ғылым салалары да өздерін қамтамасыз ететіндей аударылған мұра жинарына сенеміз.

Сол бір мақалды келтіріп, бұл жерде өзімізді өзіміз жұбатайын деп отырған жоқпыз. Осы үлкен мемлекеттік бастаманың арқасында ғылымның сала-саласы бойынша сұрыпталып келе жатқан интеллектуалды аудармашылар топтарының пайда болғанының қуанарлық жағдай екендігін әрі солардың арасынан "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққандай біреулерінің бой көрсететіндігін білеміз.

Әдебиеттер:1)Нұрышев С. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). - Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957 - 151 б.2)Талжанов С. Көркем аударма туралы. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. - б.3)Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. - Алматы: Жазушы,1987. - 171 б.4)Әлімбаев М. Өрнекті сөз - ортақ қазына. Алматы,1967.5)Молдабеков Ж.Ж. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады // Ақиқат. - 2006. - №4. - 41- 45 бб.