Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
angl-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.71 Кб
Скачать

19.Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі

Эквивалентсіз лексика негізінен неологизмдердің, арнайы ұғымдар және ұлттық болмыс аталатын сөздердің, онша таныс емес есімдер мен атауларда кездеседі, олар үшін аударма үрдісінде тосын сөз сәйкестіктерін жасауға тура келеді. Ағылшын тіліндегі мұндай сөздер: conservationist, baby-sitter, backlog, etc.

Жекелеген морфологиялық формалар (герундий) мен сөз таптары (артикль), сондай-ақ синтаксистік құрылымдары (абсолюттік конструкция) эквивалентсіз грамматикалық бірліктер бола алады. Сәйкестіктер тәрізді эквивалентсіз бірліктер талдауға іліккен тілдер қосарының біреуіне ғана қатысты байқалады. Сол ПЯ-ға қатысты эквивалентсіз ИЯ бірлігінің басқа тілдерде жүйелі сәйкестіктері болуы мүмкін.

Эквивалентсіз бірліктердің болуы олардың мәні аудармада жеткізілмейді немесе тікелей сәйкестіктері бар бірліктеріне қарағанда дәл берілмейді дегендік емес. Сәйкестіктің аударылатын бірлік мәнінің шінара ғана сай келетінін және аудармада кейде жүйелі сәйкестігі бола тұрса да, контексуальды алмастырылатынын көрдік. Осылайша эквивалентсіз бірлікті аударғанда аудармашы белгілі бір тәсілмен тосын сөз сәйкестігін жасайды. Эквивалентсіз лексикасын аудару барысында тосын сөз сәйкестіктерінің келесі типтері қолданылады:

1. Шет тілдік формасын ПЯ-да тудыратын сәйкестік – алмасулар: tribalism – трайбализм, know-how – ноу хау, impeachment – импичмент. Мұндай сәйкестіктер аудармашылық транскрибирование немесе транслитерация көмегімен жасалады, бұл жайлы келесі тарауда сипатталады. Көп жағдайда бұлайша жасалған тосын сөз сәйкестіктері ПЯ-да бекіп, тиісті сөздерді аударғанда жүйелі қолданылады. Ағылшын сөздерінің орысша сәйкестіктерін мысалға келтірелік: London – Лондон, Wall Street – Уолл-стрит, beatnik – битник, pop-art – поп-арт, striptease – стриптиз, General Motors – Дженерал моторс және т. б.

2. Сөздің морфемалық құралы мен ИЯ-да тұрақты сөз тіркесінің құрамдық бөлігін сәйкестік – калькалар: backbencher – заднескамеечник, brain drain – утечка мозгов, work-to-rule – работа (строго) по правилам, people of good will – люди доброй воли. Мұндай жағдайда тосын сөз бен жүйелі сәйкестіктер арасындағы айырмашылық көбінесе уақытта болып шығады. Калькалау жолымен құрылған көптеген сәйкестіктер аудармашылық тәжірибеде кеңінен таралып, кейін ПЯ-да аударылмайтын материалдарда қолданыла бастайды. Соның нәтижесінде ИЯ-ның тиісті бірліктері эквивалентсіздер қатарынан шығып, тұрақты сәйкестік алады.

3. ИЯ-ның эквивалентсіз бірлігіне мәні жағынан жақын ПЯ бірлігін іздеп табу жолымен жасалатын сәйкестік – аналогтар: drugstore – аптека, witchhunter – мракобес, afternoon – вечер. Тосын сөз сәйкестіктерінің көп жағдайларындай, түпнұсқа мен аудармада эквивалентті бірліктерінің мәні мұнда толықтай емес, мұндай аударма белгілі бір контексте ғана лайықты. «Аптека» drugstore сөзіне толықтай сәйкес емес; орыс аптекаларында дәрі – дәрмектер мен гигиена құралдары ғана сатылады, ал американдық «драгстоларда» ең қажетті заттар, газеттер, журналдар, алкогольсыз ішімдіктер, кофе, балмұздақ және басқалар сатылады. Сондықтан Fool is awful in drugstores сөйлемін аударғанда «аптека» варианты қолайлы емес. Witchhunter – «мракобес» қана емес, американдық реакционер, прогресшіл адамдарды қуғындауды ұйымдастырушы. Мұндай адамдардың жалпы мінезіне «мракобес» жеткілікті сәйкес келеді, басқа жағдайларда сипаттама аударма немесе калька қолданылады. Afternoon, әрине, «вечер» емес, себебі evening те бар ғой, бұл – күннің түстен кейінгі екінші жартысы, алайда конференцияға қатысушылар күніне екі мәжіліс өткізсе – morning session және afternoon, онда орысша аталуы – «дневной» және «вечерний».

4. Аударма үрдісін сипаттағанда (қараңыз: 7 тарау) лингвистикалық теория қолданатын аудармашылық трансформация түрлері бірінің көмегімен контексте эквивалентсіз сөз мәнін беруде жасалатын сәйкестік – лексикалық алмастырулар. Мұнда тосын сөз сәйкестігі эквивалентсіз сөз мәнін семантикалық түрлендіру жолымен жасалады. Мәселен, түрлі жағдайларда орыс тіліне тура сәйкестігі жоқ ағылшынның exposure сөзін, мысалы He died of exposure сөйлемінде аударғанда кең контексіне қарай нақтылық немесе модуляция (мағыналық даму) трансформациясының қолданылуы мүмкін: «Он умер от простуды», «Он умер от солнечного удара», «Он замерз в снегах» және т. б.

5. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен сәйкестік жасау мүмкін болмаған жағдайда ауқымы кең сөз тіркесінің көмегімен эквивалентсіз. Сөздің мәнін ашатын сипаттау қолданылады: landslide – победа на выборах подавляющим числом голосов, brinkmanship – искусство проведения политики на грани войны, coroner – следователь, проводящий дознание в случае насильственной или скоропостижной смерти. Эквивалентсіз сөзді аудару үшін транскрипция немесе кальканың жиі пайдаланылуы осы сөздің мәнінің арнайы ескертпеде немесе сілтемеде сипатталуымен қосарланып отырады. Бұл транскрипциялау мен калькалауға тән айтылым құралдарының қысқалығы мен үнемділігін үйлестіру мүмкіндігін беріп, аударма Рецепторының тосын сөз сәйкестігін толық түсінуін қамтамасыз етеді. Аударылатын бірліктің мәнін бір рет түсіндірген соң аудармашының кейін транскрипцияны не кальканы түсіндірмей-ақ қолдана беруіне болады.