Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
angl-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.71 Кб
Скачать

12.Жағдайлық немесе денотаттық аударма моделі

Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі тілдің барлық бірліктерінің мазмұнының, түптей келгенде, әлдебір құбылыстарды, заттарды, әдетте денотат аталатын нақты ақиқат қатынастарын білдіретін күмәнсіз фактіден туады. Тілдің көмегімен жасалған хабар (cөз бөлігі) әлдебір жағдай туралы, яғни бір-бірімен белгілі қатынастағы денотаттардың кейбір жиынтығы туралы ақпарат береді. Жағдайлық модель келесі үш жағдайда барынша айқын «қызмет етеді»: эквивалентсіз лексиканы аударғанда; түпнұсқада сипатталатын жағдай аударма вариантын таңдауды бір мағынада анықтайды; сипатталған жағдайдың хабарда пайдаланылған тілдік бірліктердің мәніне енбеген қырларын айқындамай түпнұсқаны немесе оның әлдебір бөлігін түсіну және аудару мүмкін болмағанда.

Болымсыз айырмашылықтарды есепке алмасақ, бізді қоршаған нақты ақиқаттың бүкіл адамзат баласына бірдей қатысты екенін мойындауымыз қажет. Тіліне қарамай барлық адамдарға қоршаған әлемнің, биологиялық құрылымның, өндірістік және тіршілік үрдістерінің ортақтығы кісілердің негізінен ақиқат құбылыстары жайлы ой бөлісуіне әкеледі. Негізінде кез келген ойлау жағдайы қандай болмасын дамыған тілдің көмегімен бірдей сипатталады.

13.Неологизмдердің аударылу ерекшеліктері

14.Компенсациялау әдісі

Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы

Компенсация (өтем) – бастапқы тіл бірлігінің семантикалық немесе стилистикалық жағынан шарасыз кемуінің аударма кезінде екінші тілдің құралдары арқылы толықтырылуы болып табылатын аударма тәсілі. Өтемнің түпнұсқадағы орнына қойылуы міндетті емес.

Компенсация тәсілі шет тілінде мәтіннің кейбір элементтері әр түрлі себептермен аударма тілінде баламалары жоқ болса, және оның құралдары арқылы берілуі мүмкін емес жағдайларда қолданылады.

Мұндай жағдайларда семантикалық жоғалудың орнын толтыру үшін аудармашы дәл сол ақпаратты, оның ішінде мәтіннің орны міндетті емес, кез келген басқа да құралдармен тасымалдайды

Ең алдымен, компенсация тәсілі жалпы мәтіннің стильдік өзгешелігі сақталу үшін қолданылады. «Над пропастью во ржи» атты Сэлинджер әңгімесінің аударма мысалын қарастырып көрейік .

  • My parents would have about two haemorrhages apiece if I told anything pretty personal about them.

  • Мен агамның жеке істері туралы ата-анама айтсам, бәлкім, оларда екі реттен инфаркт болатын еді

Parents және tell деген ағылшын сөздері бейтарап стилистикалық өзгешелікке ие болып тұр.

Аударма баламалы болады, ол әр жердегі мәтіннің стилистикалық өзгешелігінің жоғалу орнын толтырады, мысалы:

If there is one thing I hate, it`s the movies.

Егер мен жек көрсем, яғни бұл – кино.

Компенсация шет тілінің грамматикалық формасының орнын аударма тілдің грамматикалық формасымен ауыстыруы мүмкін.

«Ме?» exclaimed Mrs Allbert Forrester, for the first time regardless of grammer.

-Не? – деп, Форрестер ханым өмірінде бірінші рет грамматика туралы умытып

наразылық білдірді.

Осындай жағдайда компенсация қажетті тіл ерекшеліктерін жеткізу үшін қолданылады. Тіл ерекшеліктері деп диалектті өзгешеліктер, бұзылушылықтар немесе жеке тұлғалық сөйлеу ерекшеліктері, сөз ойындары т.б. айтамыз.

15.Аударманың трансформацилық-амантикалық моделі тусіндіру күшіне ие.Ол аударма процесінің тікелей бақылауға келмейтін көптеген жақтарын сипаттауға мүмкіндік береді.Әсіресе ситуациялық моделден айырмашылығы бұл модель бастапқы мәтінінің мазмұнындағы тілдік бірліктердің мағынасының рөлін, және бұл бірліктердің аудармада қолданылатын аударма тілі құралдарына тәуелділігін көрсетуге мүмкіндік береді: Last year saw a rapid growth of industrial production-Өткен жылы өндіріс өнімдерінің тез өсуі байқалды. She was preceded by her father.- Ол әкесінің соңынан ілесе кірді.

Мұндай парафразалар сол сияқты түсіріп тастау немесе қосып аудару тәсілдері арқылы жасалады.