- •2.Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық аудару ерекшеліктері
- •8.Лексикалық трансформация.
- •9.Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар
- •10.Аударма теориясының тарихы.
- •11.Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері.
- •12.Жағдайлық немесе денотаттық аударма моделі
- •13.Неологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •14.Компенсациялау әдісі
- •16.Аударма техникасы
- •17.Фразеологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •18.Қазақстандағы аударма мәселесі.
- •19.Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •20.Жалқы атаудың аудармасы
11.Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері.
Анри Ван Оф “Егер сіз аударма тарихы туралы жазғыңыз келсе, онда бірқатар сұрақтарға жауап беруге дайын болуыңыз керек. Аударма қашан пайда болды? Неліктен адамдар бірін бірі аударады? Барлық замандарда аударма ісі бірдей дамыды ма? Аударма тарихында оған аса қолайлы кезеңдер болды ма?…” «Аударма – әрбір ұлттың мәдениетінің ажырамас бөлігі»
«Аударма – сөз өнерінің дара, ерекше және дербес түрі, тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы» Аударма үрдісі – ұлт пен ұлттың тілдік, әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынастарына әсер ететін күрделі де жан-жақты сала. Аударма – шындық, бар нәрсе, орын алып отырған дүние. Ол қажеттілікке себепкер – табиғи тілдің сан түрлі екендігі. Этнологтар, тілтанушы мамандардың айтуы бойынша жер жүзінде 4-5 мыңдай тілдер бар. Аударманың мақсаты түпнұсқаны тіл білмейтіндерге таныстыру Аудару дегеніміз өзге тілдің құралдарымен баяндалған тексті екінші тілдің құралдарымен барынша толық, әрі дәл жеткізу Аударма мәселесіне арналған алғашқы теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырда шыға бастаған Хоттингер «Нечто новейшей фабрикации переводов из греков и римлян» Тайтлер «Эссе о принципах перевода» Аудармашының аударма мәтінін жасау әрекеті аударма үрдісі немесе осы терминнің тар ұғымында аударма деп аталады. Аударма үрдісі ең кемінде екі кезеңнен тұрады: аудармашының түпнұсқа мазмұнын түсінуі және аударма вариантын таңдау. Осы кезеңдердің нәтижесінде түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне көшу жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттерді аудармашы өз түйсік сезіміне сәйкес жасайды, ал кейде қандай вариантты таңдағанын сол мезетте ойға да алмайды. Дегенмен, бұл таңдау кездейсоқ немесе өз бетінше жасалынады дегендік емес. Ол көбіне ИЯ мен ПЯ-да хабарды құрастыру тәсілдерінің ара қатынасымен анықталады. Аударма теориясы түпнұсқадан аударма мәтініне көшу қалай өтетінін, аудармашының іс-әрекетінің негізінде қандай заңдылықтардың жатқанын анықтауға тырысады.
Аударманың нақты үрдісі аудармашының миы арқылы тікелей жүзеге асырылатындықтан оны бақылау да, зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан аударма үрдісін зерделеу оны сипаттауға толықтай немесе әлдебір қырына таяу, тіпті аса алшақ келмейтін түрлі теориялық модельдердің көмегі арқылы жанама жолдармен жүргізіледі. Орындау барысында аудармашы түпнұсқаның түгелдей немесе кейбір бөлігін тәржімелеуде ойлау операцияларының бірқатарын шартты түрде сипаттауы – аударма моделі деп аталады. Аударманың лингвистикалық теориясында аударма моделдері аударма үрдісін тілдік немесе сөз бірліктерінен біршама жоғары тұратын бірқатар ойлау операциялары сипатында, яғни таңдалуы түпнұсқаның тілдік ерекшеліктерін және аударма тіліндегі тиісті құбылыстармен байланыстырылатын лингвистикалық операциялар түрінде көрінеді. Аударма моделі шартты сипатқа ие, ол аударма мәтінін құрастыру үрдісінде аудармашының атқаратын іс-әрекетін дәл сипаттауды міндетіне алмайды. Мұндай модельдердің көпшілігінің түсіндіру күші шектеулі және кез келген мәтін аудармасын эквивалентті қажеттілік дәрежесінде жасалуына атсалыспайды. Модельдің міндеті аударма үрдісінің берілген жағдайларында сол аудармашылық тапсырманы шешуге көмектесетін іс-қимылдың сабақтастығын сипаттауда ғана. Аударма моделі аударманың лингвистикалық механизмі қызметтерінің жекелеген қырларын ашады. Аудармашы өз жұмысында бізге белгілі аударма модельдерімен қабыспайтын жолдар арқылы көздеген нәтижеге жетісіп жүрсе де, мұндай моделдерді біле түсуі оның аудармадағы небір қиын міндеттерді шешуіне көмектеседі.
Аударма модельдерінің көмегімен аударма үрдісін сипаттау өзара байланысты екі аспектіні қамтиды: 1) қолданылуы ықтималды саланы көрсетумен модельдің жалпы сипаттамасы (модельдің түсіндіру күші), 2) модель шегінде жүзеге асырылатын аударма операцияларының (трансформациялардың) типі. Аударма моделінің тілден тыс ақиқатқа немесе тілдік бірліктердің кейбір құрылымдық-семантикалық ерекшеліктеріне бағытталған басым бағдар ұстауы әбден мүмкін. Моделдердің бірінші түріне аударманың жағдайлық моделі, екінші түріне – трансформациялық-семантикалық модель мысал бола алады.
Аударма үрдісін түпнұсқа мәтінін аударма мәтініне түрлендіруші ретінде қарай отырып, И.И.Ревзин мен В.Ю.Розенцвейг бұлай түрлендіруді жүзеге асырудың екі жолын ажыратуды қажет деп есептейді, олар: ”өздік аударма“, онда бір тілдің бірліктерінен басқа тілдің бірліктеріне тікелей көшу жүреді және ”түсіндіру“, онда аудармашы алдымен түпнұсқада тіл бірліктерінің сыртында қандай ақиқат тұрғанын түсіндіріп, содан соң сол ақиқатты аударма тілі құралдарымен суреттейді.
