- •2.Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық аудару ерекшеліктері
- •8.Лексикалық трансформация.
- •9.Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар
- •10.Аударма теориясының тарихы.
- •11.Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері.
- •12.Жағдайлық немесе денотаттық аударма моделі
- •13.Неологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •14.Компенсациялау әдісі
- •16.Аударма техникасы
- •17.Фразеологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •18.Қазақстандағы аударма мәселесі.
- •19.Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •20.Жалқы атаудың аудармасы
9.Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар
Француз гуманисі, ақын және аудармашы Этьенн Доленің (1509-1546) пікірінше аудармашы аударманың келесі бес негізгі ұстанымын ұстауы қажет: 1) аударылатын мәтіннің мазмұны мен аударатын авторының ниетін жете түсіну; 2) аударылатын тілді жете меңгеру және аударатын тілді соншалықты тамаша білу; 3) сөзбе-сөз аударудан аулақ болу, өйткені ол түпнұсқаның мазмұнын бұрмалап, формасының сұлулығын құртады; 4) аудармада жалпы жұрт қолданатын сөздерді пайдалану; 5) сөзді дұрыс таңдап, құрастыра отырып, түпнұсқадағы “әуезділікке” сай болатындай жалпы әсер беру. 1790 жылы ағылшын А. Тайтлердің “Принципы перевода” кітабында аудармаға негізгі талаптар былайша тұжырымдалған: 1) аударма түпнұсқаның идеяларын толық жеткізуге тиіс; 2) аударманың стилі мен баяндау мәнері түпнұсқадағыдай болуға тиіс; 3) аударма түпнұсқалық шығарма тәрізді жеңіл оқылуға тиіс. Бүгінгі күні айқын болып көрінгенмен мұндай талаптар өз мәнін жоғалтқан жоқ. . Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори түрлі авторлардың аудармашыға қоятын негізгі талаптарын біріктірмек болғанда бір-бірін жоққа шығаратын қызықты тізім алған: 1) аударма түпнұсқаның сөзін жеткізуге тиіс; 2) аударма түпнұсқаның ойын жеткізуге тиіс; 3) аударма түпнұсқа сияқты оқылуға тиіс; 4) аударма аударма тәрізді оқылуға тиіс; 5) аударма түпнұсқаның стилін көрсетуге тиіс; 6) аударма аудармашының стилін көрсетуге тиіс; 7) аударма түпнұсқа заманындағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 8) аударма аудармашы өмір сүрген замандағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 9) аударманың толықтырылуы немесе кейбір тұстардың алып тасталуы мүмкін; 10) аударма толықтыруды да немесе кейбір тұстарды алып тастауды да жасай алмайды; 11) өлең проза түрінде аударылуға тиіс; 12) өлең өлең күйінде аударылуға тиіс.
Аудармашылар нақты аудармашылық қызметті түрлі жағдайларда жүзеге асырады: аударылатын мәтіндер тақырыбы, тілі, жанры жағынан мейлінше сан алуан, аударма жазбаша немесе ауызша жасалады, аудармашыларға аударманың дәл және толықтығына қатысты әрқилы талап қойылады т.б. Аударманың жекелеген түрлері аудармашының ерекше білімі мен шеберлігін қажет етеді.
Қаншама елеулі болып көрінгенмен бүл айырмашылықтар аударма үрдісінің маңызын, жалпы лингвистикалық негізін алмастыра алмайды. Аударманың кез келген түрі ең алдымен тілдердің сәйкестігімен белгіленетін барлық ерекшеліктері бар аударма болып қала бермек.
10.Аударма теориясының тарихы.
“Қалай аудару керек?”- деген сұраққа жауап берместен бұрын аударма теориясы “аудару деген не?” деген мәселені зерделеп алуға тиіс. Қазіргі тіл білімінің көптеген күрделі проблемаларының бірі «аудармашылық қызмет». Аударма адам қызметінің ең көне түрі. Аударманың ғылыми теориясының негізі тек жиырмасыншы ғасырдың ортасында, аударма проблематикасына тіл мамандары назар аударғанда жасала бастады. Адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше адамдар тобы құрылғанда “әр тілді” ұжымдардың бір-бірімен араласуына көмектесетін “билингвтер” пайда болды. Жазудың шығуымен мұндай ауызша аудармашылардың қатарына ресми, діни және іскерлік сипаттағы түрлі мәтіндерді жазып аударатындар қосылды. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік функция атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени табыстарымен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Аударма шығармалар керемет туындылардың тууына, жаңа тілдік және әдеби формалардың жасалуына әсерін тигізіп, оқырмандарды тәрбиелейді. Дегенмен, адамзат баласының қызметінің басқа түрлеріндей мұнда да аудармашылық практика аударма теориясының алдына шығып кетті. Аудармашыларға деген орасан зор сұранысты қанағаттандыру үшін көптеген елдерде аудармашылар мектептері, факультеттер мен институттар ашылып, олардың алдына белгіленген мерзімде едәуір жоғары білікті аудармашылармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.
2. Аударма – күрделі, көп қырлы құбылыс, жекелеген аспектілері түрлі ғылымдардың зерттеу нысаны болуы мүмкін. Аударматану шеңберінде аударма қызметінің психологиялық, әдебиеттану, этнографиялық және басқа қырлары, сол сияқты белгілі бір елде немесе елдерде аудармашылық қызметтің тарихы зерттеледі. Зерттеу тақырыбына қарай психологиялық аударматануды (аударма психологиясын), әдеби аударматануды (көркем немесе әдеби аударма теориясы), этнографиялық аударматануды, тарихи аударматануды және тағы басқаларын бөлуге болады. Қазіргі аударматануда аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерделейтін лингвистикалық аударматану(аударма лингвистикасы) жетекші орында. Аударматанудың жекелеген түрлері аудармашылық қызметті жан – жақты сипаттауға ұмтылып, бір –бірін толықтыруда. 3. Аударма лингвистикасының теориялық бөлігін негізгі қағидалары осы оқулықта қарастырылатын аударманың лингвистикалық теориясы құрайды. Бұдан әрі баяндағанда «аударма теориясы» термині қосымша сөзсіз «аударманың линвистикалық теориясы» мәнінде қолданылатын болады. Осы мәнінде аударма теориясында «аударманың жалпы теориясы», «аударманың жеке теориясы» және «аударманың арнайы теориялары» ажыратылады. 4. Аударманың жалпы теориясы – аударма үрдісіне қатысушы нақты қөс тілдің ерекшеліктеріне, сол үрдісті жүзеге асыру тәсіліне және аударманың нақты актісінің жеке ерекшеліктеріне қарамастан аударманың барынша ортақ лингвистикалық заңдылықтарын зерделейтін аударманың лингвистикалық теориясының бөлімі. Аударманың жалпы теориясының қағидалары кез келген түпнұсқаларды кез келген бір тілден кез келген екінші тілге аударудың кез келген түрлерін қамтиды.
