- •2.Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық аудару ерекшеліктері
- •8.Лексикалық трансформация.
- •9.Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар
- •10.Аударма теориясының тарихы.
- •11.Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері.
- •12.Жағдайлық немесе денотаттық аударма моделі
- •13.Неологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •14.Компенсациялау әдісі
- •16.Аударма техникасы
- •17.Фразеологизмдердің аударылу ерекшеліктері
- •18.Қазақстандағы аударма мәселесі.
- •19.Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •20.Жалқы атаудың аудармасы
1.Аударманың негізгі түрлері
Библия және басқа қасиетті, ұлағатты саналатын шығармалардың ертедегі аудармаларында түпнұсқадан ауытқымай көшіріп аударуға көбірек ден қойылған, соның салдарынан аударма анық емес, кейде мүлде түсініксіз болып шыққан. Сөзбе-сөз немесе еркін аударма. Сөзбе-сөз және еркін аударманы жақтаушылардың арасындағы пікір талас Россияны да айналып өтпеді. П.А.Вяземский, әсіресе А.А.Фет стильдің мәні мен әдемілігіне нұсқан келсе де, түпнұсқаға барынша дәл болуын жақтаса, Н.М. Карамзин, В.А. Жуковский, А.В. Дружинин және басқа белгілі әдебиетшілер мен аудармашылар түпнұсқаның рухын сақтай отырып, бірақ бүге-шігесіне дейін тәптіштемей дербес шығарма жасауға аудармашының құқығын қорғады. Олар, әсіресе, өлеңді аударғанда еркіндіктің көбірек болуын талап етті. Жуковскийдің: ”Переводчик в прозе есть раб; переводчик в стихах – соперник“,- деген қанатты сөзі кеңінен тараған. Аударманың түрлері
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі; 2) Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі)
Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне қарай ажыратылып жүр. Мысалы,
құрылымдық сипатына қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма); 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы
жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма [4, 94-
Ілеспе (синхронды) аударма– бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби аудармалардың бір түрі.
Ізбе-із аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Көбінесе ізбе-із аударма деп жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды.
Көркем аударма –көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару.
Көркем әдебиет аудармашысының алдында екіжақты міндет тұрады:
1) түпнұсқа мазмұнын, сюжетін, түпнұсқа авторының негізгі идеясын барынша толық сақтау;
2) аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.
Жазбаша аударманың келесі бір түрі – ақпараттық аударма. Ақпараттық аударманың негізгі қызметі әдеби-эстетикалық әсер ету емес, қандай да болмасын, ақпаратты мәліметтерді беру болып табылады. Түпнұсқаның белгілі бір қызметтік стильге, тілдік ерекшеліктерге және оның жанрлық жүзеге асуына қатысты болуына байланысты ақпараттық аударма мынадай түрлерге бөлінеді: ғылыми-техникалық, ресми-іскерлік, саяси-публицистикалық материалдарды, газеттік-ақпараттық материалдарды, патенттік әдебиеттерді, экономика және коммерциялық қызмет бойынша материалдарды, сонымен қатар өндірістік-сауда фирмалар қызметінің материалдарын аудару.
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы. Сондықтан аударма теориясына коммуникативтік лигвистиканың сөздік коммуникация үрдісінің ерекшеліктері, тура және жанама сөйлеу актілерінің айырықшылығы туралы, айтқандағы және мәтіндегі айтылған және астарлы ойдың ара қатынасы, қатынас контексі мен жағдайының мәтінді түсінуге, адамның коммуникативтік мінез – құлқын белгілейтін басқа факторларға әсері туралы деректері ерекше мәнді.
2.Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық аудару ерекшеліктері
Газет-ақпараттық стильде саяси терминдердің, есімдер мен атаулардың маңызды ролімен қатар – бұл тақырыптардың ерекше сипаты, газет клишелерін кеңінен пайдалану, ауыз екі сөйлеу стилі элементтері мен жаргонизмдердің болуы т.б. осындай ортақ ерекшеліктермен қоса әр тілде ұқсас функционалдық стиль айрықша тілдік белгілерге ие. Ғылым немесе техниканың белгілі бір саласының мамандары қолданатын айрықша объектілер мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері термин деп аталады. Мәселен, электроника жөніндегі мәтіндерде кеңінен қолданылатын coercivity, keraumophone, klystron, microsyn сияқты лексикалық бірліктерді ғылыми-техникалық материалдардан басқа жерде кездестіру қиын. Ең алдымен термин ңақты болуға тиіс сол себепті термин дара мәнді және бұл орайда контекстке тәуелсіз болуға тиіс, оны кез келген мәтінде қолданғанда қандай мағына беріп тұрғанын сараптаудың қажеті жоқ. Араласудың белгілі бір саласында ғана қолданылатын, мамандардың шағын тобы іріктеп алған, оларға үйреншікті, айтылуына назар аудармай, істің мәнін бірден түсіндіретін сөздер мен сөз тіркестері. Арнайы лексикаға терминдер түрліше туындаған, терминологиялық белгіленген ұғымдар мен объектілердің, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерінің арасындағы байланыстар мен қатынастарды сипаттағанда пайдаланылатын сөздер, сол сияқты белгілі бір қатаң тіркесте қолданылатын, сонысымен мамандандырылған бірқатар жалпыхалықтық сөздер енеді. Мұндай лексика әдетте терминологиялық сөздіктерде тіркелмейді, оның мәні ғылыми тұрғыда анықталмайды, солай бола тұрса да терминге қарағанда ғылыми-техникалық стильге біршама тән. Электр жөніндегі ағылшын мәтіндерінде, мысалы, the voltage is applied( ср. напряжение подается), the magnetic field is set up(ср.магнитное поле создается), the line is terminated(ср.цепь выводится на зажимы), the switch is closed(ср.переключатель замыкается). Арнайы лексиканы қолдану нормаларын сақтау аударма мәтінін жаcағанда аудармашының алдына ерекше міндеттер қояды. Газет-ақпараттық стильге тән ерекшеліктің бірі саяси терминология мен ғылыми-техникалық терминологияға да тән негізгі сипаттарға ие. Сонымен қатар қоғамдық-саяси салада терминологиялық жүйелердің қатаңдығы мен реттілігінің босаңсуына, сол сияқты бірқатар терминдер мәнінің тиісті идеологиялық тұжырымдарға қатыстылығына байланысты кейбір айрықшылықтары да байқалады. Сын есім немесе предложный оборот предикатив ретінде жиі кездеседі: Тhe pipe is steel, Тhe surface is copper, Тhese materials are low-cost, Сontrol is by a foot switch, Wing de-icing is by ducting exhaust heated air through leading edge duct. Іс-қимылды нақты сипаттап атауға берілуіне байланысты баяндауыш сөйлемде үрдісті жалпы білдіруші, атаудың жанындағы «оператор» ретінде ғана қалады. Ғылыми-техникалық мәтіндерде effect, assure, perform, obtain, provide, give, involve, entail, imply, result in, lead to, to be ascribed to, to be attributed to, etc. сияқты етістік-операторлар кеңінен қолданылады Аудармасы арнайы мәтіндерде кеңінен тараған пассивті мәндегі ауыспайтын тұлғада ауыспалы етістіктердің колданылуына ерекше назар аудару керек: Тhese filters adapt easily to automatic processing of many materials. The steel forges well. The unit must test for adequate wiring. Газет-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, термин-синонимдер, қысқарған термин мен атаулар жиі кездеседі. АҚШ саяси терминологиясында state термині «мемлекет»-ті де, «штат» -ты да білдіреді: Both the state and Federal authorities are bent on establishing a police state. Бірінші жағдайда state термині «федералды» анықтауышымен бір қатарда тұр, сондықтан бүкіл елдің үкіметінен өзгеше штаттар үкіметін білдіретіні сөзсіз. Екінші жағдайда state «мемлекет» мағынасында қолданылған. Congressman терминінің барынша кең мағынасы – «американдық конгрестік мүшесі», сондай-ақ тар мағынасы- «(АҚШ конгресі) өкілдері палатасының мүшесі бар»: Last year a number of American Senators and Congressmen visited the Soviet Union. Congrressman – мен қоса тар мағынасында синонимі Representative қолданылады. Түрлі ұйымдар жарғыларының ағылшынша аталуы мүмкін: Regulations, Rules, Constitution, Statues немесе Charter. Кеңінен мәлім терминдер мәтінде көбіне қысқарған түрде қолданылады: Youth is also virtually excluded from Congress, the average age of members of the Senate being 56 years and the House 51 years. Мұнда қысқарған House толық термин the House of Representatives -тің орнына қолданылып тұр.
Бір терминнің өзі қолданылған мәтіннің идеялық бағытына қарай түрлі мән алуы мүмкін. Idealism термині философиялық мағынада материализмге қарсы дүниетанымның атауы ретінде қолданылып, автордың идеялық тұрғысына қарай не оң, не теріс реңк алуы мүмкін. Дегенмен ideals – «идеал» ұғымымен жанасып, «жоғары идеалдарға(немесе ұстанымдарға) қызмет етуге берілуді» білдіргенде оң мағынасында жиі қолданылады, мысалы: The Foreign Secretary’s most elaborate and numerous speeches seem to prove that idealism in his guiding star.
Газет-ақпараттық стильде есімдер мен атаулардың кеңінен қолданылуы хабарды нақтыландырып, жеткізілетін мәліметті белгілі бір адамдармен, мекемелермен немесе аудандармен байланыстырады. Бұл Рецептордың атауда айтылған объектімен байланыстырып, бұрыннан білетінін есінде қайта жаңғыруына көмектеседі. Мысалы, ағылшын Рецепторында park lane-көше, Piccadilly Circus- алаң, ал Columbia Pictures- кинокомпания екені айтпай-ақ түсінікті. Атаулар мен есімдер газет-ақпараттық материалдарда көбіне қысқарған түрде қолданылады. Бұл қысқартулар қалың оқырмандарға беймәлім болса, сол мақалада немесе хабарда толықтау түрі келтіріледі. Алайда, газет оқырмандарына бұрыннан таныс, түсіндіруді қажет етпейтін қысқарған сөздер де жеткілікті. Қысқартулардың көптігі қазіргі ағылшын тіліндегі газет-ақпараттық стильге тән екенін таныта түседі. Мысалы, партиялардың, кәсіподақтардың, түрлі ұйымдар мен лауазымдардың атаулары:
AFL-CIO = American Federation of Labor-Congress of Industrial Organizations, GOP = Grand Old Party(Republican), DD = Defense Department, NAACP = National Associаtion for Advancement of Colored People, DA= District Attorney, белгілі саяси немесе қоғамдық қайраткерлердің фамилиялары мен лақап аттары: JFK=John F. Kennedy, Rocky= Rockefeller, Ike= Eisenhower, RIS=Robert Louis Stevenson, географииялық атаулар N.J=New Jersey, MO.=Missouri, SF=San Francisco, S.P.=South Pacific, E-W=East-West, etc.
Лексикалық трансформация
Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар
Аударма теориясының тарихы
Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері
Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
Компексациялау әдісі
Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
Аударма техникасы
Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
Қазақстандағы аударма мәселесі
Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
Жалқы атаудың аудармасы
Компрессия дегеніміз не?
Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
Грамматикалық ауысым деген не?
Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
20.Сипаттама аударма (экспликация) – белгілі бір ұғымды басқа тілдің құралдарымен сипаттаудан (оның мағынасын экспликациялаудан) тұратын аударма тәсілі. Бұл тәсіл аударма тілінде сәйкес атаудың болмаған жағдайында немесе аудармашының оны білмеген жағдайында пайдаланылады.
Сипаттама аударма – аудармашыға ең қиын жағдайларда көмек көрсететін әмбебап тәсіл. Ол әлеуметтік, географиялық не ұлттық ерекшеліктерге байланысты аударма тілінде сай ұғымды белгілейтін сөз жоқ болғанда өте тиімді. Сипаттама аударма таныс емес реалий сөздерді (баламасыз лексиканы) оқырман мен тыңдаушыға түсіндіріп жеткізеді. Бұл тәсіл транслитерация немесе транскрипция арқылы жиі қолданылады. Бұл аудармашы үшін өте қиын, ал оқырман не тыңдаушы үшін өте жеңіл тәсіл. Сипаттау – сызықша, жақша, сілтеме, кітап соңындағы ескертпелер арқылы беріледі.
Тікелей контекстегі реалий сөздерді түсіндіру – көркем аударманың ерекшелігі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының 1960 жылғы А.Садовский жасаған орыс тіліндегі аудармасында осындай мысалдар кездеседі: «…Омар кинулся на него с поднятым в руке шокпаром– короткой, с утолщенным концом дубинкой»; «И шелковое платье, и эта бархатная безрукавка -бешмет,…роскошные косай-калош – низкие сапожки…»; «По самому обрыву тянулись в ряд какие-то сооружения, напоминающие мазары– надгробные памятники богатых людей; …свирепо рявкнул [Жуман]: - «Подай камчу!» Кошкарбай молча подал ему ременную плеть».
2. Грамматикалық трансформация кезінде түпнұска бірлігінің грамматикалық мағынасы өзгеріледі:
· сөйлемдерді біріктіру,
· сөйлемдерді бөлу,
· грамматикалық алмастырулар.
Сөйлемдерді біріктіру – түпнұсқадағы екі не одан да көп жай сөйлемнен тұратын синтаксистік құрылымды біріктіру жолымен құрмалас сөйлемге айналдыру негізінде жасалатын синтаксистік трансформация, аударма тәсілі.
Мысалы: Біресе жүк батқан түйе бақырады. Енесінен адасқан бота боздайды. Әр ауылдың өш иттері бір-біріне арсылдасады. (М.Әуезов, Абай жолы).
Там кричит верблюд, которому тяжелый груз режет спину; тут жалобно ноет верблюжонок, отставший от матери; здесь рычат друг на друга сторожевые собаки (пер.А.Никольской, Т.Нуртазина и Л.Соболева).
Сөйлемдерді бөлу -түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді екі не одан да көп жай сөйлемге айналдыру негізінде жасалатын синтаксистік трансформация, аударма тәсілі.
Грамматикалық алмастырулар – түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынаға ие тіл бірлігімен алмастырылатын грамматикалық трансформация.
Мысалы: Раушанның онда жас кезі (Б.Майлин. «Раушан коммунист»). Вот она еще совсем молоденькая девушка (пер. Г.Бельгера).
3. Компрессия (мәтінді ықшамдау) –біршама жинақы пішінге келтіру үшін, бастапқы мәтінді өзгерту арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі. Контекспен немесе тілден тыс жағдаятпен анықтала алатын сөйлемнің артық элементтерін түсіру, сондай-ақ біршама жинақы құрылымдарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Мысалы: Күзеуден жеті көшіп отырып, Қызылшоқы, Қыдырға, Қөлқайнарға жеткен Құнанбай ауылдары енді осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын (М.Әуезов. «Абай жолы»).
Аулы Кунанбая дошли до Кольгайнара в семь перегонов (пер.А.Никольской, Т.Нуртазина и Л.Соболева).
4. фразеологиялық бірліктер образды және образды емес болып бөлінеді.
5.
