- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
Нақты күн кестесін сақтау: баламен сабақты үнемі аптасына 2 рет, 45-60 минуттан өткізу керек. 2 ойыншықтар жинағы және құралдар болуы керек, олардың біріншісі күнделікті ойынға (машиналар, кубиктер, ыдыс-аяқ жинағы, жұмсақ ойыншықтар), екінші жинақ балаға ересектермен сабақ барысында ғана беріледі.
Барлық ересек адамдар баланы оқытуға бірыңғай талаптарды ұстану керек.
Күн режимі сәттерін орындау барысында ересектер баланың қолының саусақтарына массаж жасайды: 5-7 минуттан күніне 2-3 рет.
Массаж ересектің баламен эмоционалды және вербалды қарым-қатынас көрсетуімен жасалады.
Жаттығу түрлері:
ересек адам қол үстілерін (ішкі және сыртқы) «шетінен» «ортасына қарай» бағыты бойынша шынтағына дейін, әрбір қолын 6-8 рет;
ересек адам бала қолының саусақтарын бір мезгілде бүгу және жазу (үлкен саусағына жасалмайды), әрбір қолында 4-10 ретке дейін;
ересек баланың қолын мейірімділікпен 5-6 рет «шетінен» «ортасына» қарай сипалайды.
Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
Сенсорлық даму:
көріп қабылдау және зейіннің дамуы: ересек адаммен көз арқылы байланысты қолдау және ынталандыру: көзі және ауызына қарау;
өзін, таныс балаларды және ересек адамдарды фотосуреттен табуға; «қай жерде...?» сұрағына жауап беруді үйрету;
таныс емес заттардың ішінен таныс заттарды және ойыншықтарды тануды үйрету (доп қайда ?);
үстел үстінде, бөлменің әртүрлі жерлерінде заттардың жұбын табуды үйрету;
көлемді формаларды ажыратуды (шар, кубик, қырлы ағаш), сәйкес келетін кескіндерге салуды үйрету;
қарама-қарсы жалпақ геометриялық фигураларды (шеңбер, квадрат) ажыратуды, үлгі бойынша топтастыруды үйрету;
түстерді ажыратуды, заттарды белгілі түсі бойынша біріктіруді (қызыл, сары) үйрету.
Естіп қабылдау, есте сақтау, зейіннің дамуы
дыбыс немесе дауысқа реакция туғызу;
ересек адамның дауысын, ойыншықтардың дыбысын, музыкалық аспаптар дыбысын тыңдауға, дыбыстың неден шығып тұрғанын анықтауға үйрету;
музыкалық ойыншықтардың дыбысына қозғалыс реакцияларымен жауап беруді қалыптастыру;
ересек адамның дауыс интонацияларын ажыратуды (мейірімді, қатаң, ынталандырушы, сұраулы) үйрету;
сыбырлап айтылған сөзді тыңдауға үйрету.
Айналадағы қоршаған дүниемен таныстыру
баланы қоршаған адамдар туралы көзқарас қалыптастыру;
өз есіміне жауап беріп қарауды үйрету;
айналадағы қоршаған орта туралы түсінік қалыптастыру;
қоршаған дүние заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыс заттары (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.).
Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
1) Айтылған сөзді түсінуді дамыту:
«Қай жерде» сұрағына жауап ретінде баланың алдында тұрған;
ойыншықты көрсету немесе көзбен табуды үйрету;
баланың және ересек адамдардың есімдерімен, ойыншықтардың;
аттарымен таныстыру;
жиі қолданылатын тұрмыс заттарының аттарымен таныстыру (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз);
тұрмыстық және ойын әрекеттерін білдіретін сөздерді түсінуді үйрету (бер, жина, сүйрет, ал, жап);
белгілі тапсырмаларды түсінуді және орындауды үйрету: «машинаны бер», «бері кел», «бер, қуыршақты алып кел».
2) Белсенді сөйлеуді дамыту:
баламен шақырысу айтып айтылған дыбыстарын қолдау;
сөздерді айтуға ынталандыру;
балаға жақын адамдарды атау: ана, әке, апа;
өтініштерді айту: бер, ал;
өз күйін одағай сөздер арқылы білдіру: ой, ах, уф;
жануарлар дауысына еліктеу: мяу, му, пи-пи, ав-ав;
музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына еліктеу: бам-бам, ля-ля-ля;
көлік шуларына еліктеу: в-в-в-в.
3) Коммуникациялық дағдылардың дамуы:
ересектермен эмоционалды қарым-қатынасқа түсу алғышарттарын дамыту;
баланың эмоционалды-жағымды реакцияларын ересек адамның күлімсіреуімен қолдау;
баланың дыбыстар «жиынтығын» қайта жаңғыртумен байланысты ойындар қолдану;
күлкі және қозғалысты жандандыруды дамытуға арналған ойын-сабақтар өткізу (ауа шарларымен, сабын көпіршіктері, тосын сый қобдишаларымен ойындар); қозғалыс ойындары «қуып жетемін-қуып жетемін».
4) Қоршағандардың сөзін қабылдауды дамыту:
ересек адамдардың сөзін түсіну, сұраққа жауап беру іскерлігін дамыту;
қоршағандардың сөзін зейінмен тыңдауды, әңгімелеушінің көзіне қарауды, оның сөзін бөлмеуді, сұрақ қоюды үйрету;
сұрақтарға жауап беруді үйрету: Апай қайда? Сенің есімің кім? Анаңның есімі калай?;
ажыратуды және сұрақтарға жауап беруді үйрету: Бұл кім? Мынау не?;
5) Заттық-ойын іс-әрекетін дамыту:
жасап көру әдісін проблемалық-практикалық мәселелерді шешудің негізгі әдісі ретінде қалыптастыру;
ойыншықтардың физикалық қасиеттеріне байланысты әртүрлі әрекет жасауды үйрету;
лақтыру, үйрету, допты еден бойынша сүйрету, доптарды, кубиктерді шелектен шашу, екі қолымен төңкеру, ұсақ заттарды, кубиктерді биікке саусақтарымен қою, шариктер жасау, арбаны жібінен сүйрету, каталки қозғалту;
сақиналарды желіден шешу және тағу, оны сақина көлеміне қарамастан толтыру;
столдағы тесіктерге сәйкес төлкені кіргізу (таяқшалар, саңырауқұлақтар);
бір құрамды матрешкаларды, қорапшаларды ашу және жабу.
4. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін дамыту:
1) Қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру:
осындай бер: үлгі бойынша қажетті құрылыс элементін таба алу іскерлігін қалыптастыру (3-5 элемент);
бірдей куб немесе кірпіштерден мұнара құруды үйрету;
бір мезгілде екі әрекет орындауға ынталандыру (бір қолымен бір затты ұстап, ал екіншісімен басқа затты алу);
көтеруді, созуды, ойыншықтарды лақтыруды, олардың формасы және көлеміне байланысты ұстап алуды үйрету;
сабын көпіршіктері екі қолымен ұстап алуға ынталандыру;
шапалақтауға ынталандыру;
ойыншықты бір қолынан екінші қолына беруді үйрету;
затты үлкен, көрсетпе және ортаңғы саусақтармен ұстап алуды үйрету;
затты көрсетпе саусағымен көрсетуге ынталандыру;
саусақтарымен борпылдақ материалдарды алуды үйрету;
кәмпиттің қағаздарын ашуды үйрету;
2) Қарапайым сурет салу дағдыларын қалыптастыру:
баланы қағаз және әртүрлі бейнелеу құралдарымен таныстыру: түрлі-түсті дақтарды саусақтарымен, алақаны, қылқаламмен салу;
ұсақ моториканы дамыту;
қолдарының жалпы қозғалғыштығын дамыту;
күшті қозғалыстарды дамыту;
жеке қозғалыстарды дамыту. Саусақпен іліп алуды қалыптастыру;
заттармен күштеу қозғалыстарын жасауды үйрету: сүйрету, итеру, қысу, созу, басу.
