Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері

Тақырыбы: «Жол жүру ережесі»

Мақсаты: жол жүру ережесін орындауға үйрету; қолдың және саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 5 есеп таяқтар; дайын нұсқалар; қызыл, сары және жасыл түске боялған бұршақ.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Менің саусақтарым»)

2.2 Есептік шыбықтардан сурет құрастыру (Зебра)

2.3 Аз қимылды ойын «Торғайлар және автокөлік»

2.4 Дидактикалық ойын «Бұршақтардан сурет құрастыру»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

Балалар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады. Бір-бірлеріне қарап, күлімсірейді.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Менің саусақтарым»)

Міне менің барлық саусақтарым,

(қолдардың білезіктердің бұрылуы)

Олардың қалай қалайсың, солай айналдыр –

Міне солай, және міне дәл осылай – (алдына шапалақ, үстелде жеңіл шапалақ, қолдардың білезіктерінің бұрылуларын қайталау

Ешбір өкпелемейді.

2.2 Санамақ саусақтардан сурет құрастыру

Әдістемелік нұсқау: Балалар суретті құрастырғаннан кейін бір ойыншықты алады да, оны зебра бойынша өткізеді.

2.3 Аз қимылды ойын «Торғайлар және автокөлік»

Әдістемелік ұсыныстар: Бір бала – автокөлік, қалғандары – торғайлар. «Торғайлар» алаңда ойнап жүреді, олар автокөліктің белгісін ести сала, жан-жаққа торғайлар ұшып кетеді.

2.4 Дидактикалық ойын «Бұршақтардан сурет құрастыру»

Әдістемелік нұсқау: Дайын нұсқада бағдаршам көздерін түрлі түсті бұршақтармен толтыру.

3. Сабақ қорытындысы.

- Бізге бағдаршам не үшін қажет?

- Шыбықтан біз не істер едік?

Тақырыбы: «Көкеністер»

Мақсаты: Балаларды түсінуге және жұмбақтарды шешуге, тапсырмаларды жүйелі орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: есеп таяқтар, суреттердің, жіптің дайын нұсқасы.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Тілектердің шумағы»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)

2.2 Есептік шыбықтардан сурет құрастыру

2.3 Аз қимылды ойын «Кім жылдамырақ жинайды»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық көңіл күй «Тілектердің шүйкесі»).

Барлық балалар шеңбер болып тұрады. Бір-бірлеріне шүйкені беріп, жақсы тілектер айтады.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)

2.2 Есептік шыбықтардан сурет құрастыру

2.3 Аз қимылды ойын «Кім жылдамырақ жинайды»

Әдістемелік нұсқау: Балалар педагогтың тапсырмасы бойынша бақшадан көкөністер жинауы керек. Кім жылдамырақ жинайды, сол жеңімпаз болады.

3. Сабақ қорытындысы

- Сендерге сабағымыз ұнады ма?

- Біз сабақта не істедік?

Тақырыбы: «Ағаштар мен бұталар»

Мақсаты: Тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 9 есеп таяқшалар

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастырушылық кезең (валеологиялық уақыт).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Саусақтар»)

2.2 Есептік шыбықтардан сурет құрастыру

2.3 Аз қимылды ойын «Ағаштар мен бұталар»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең (валеологиялық уақыт «Сәлеметсің бе, алтын күн»)

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Сәлеметсің бе, көк аспан!

Сәлеметсің бе, сен!

Сәлеметсің бе, мен!

Сәлеметсің бе, менің барлық достарым!

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Саусақтар»)

Мынау саусақ – ата (Бас бармақ көрсетеміз)

Мынау саусақ – әже (Балан үйрек көрсетеміз)

Мынау саусақ – әкешім (Ортан шерек көрсетеміз)

Мынау саусақ – анашым (Шылдыр шүмек көрсетеміз)

Мынау саусақ – мен (Кішкентай бөбекті көрсетеміз)

Мұның барлығы менің жанұям! (Қолдарымызды жұдырықтап жинаймыз)

2.2 Есептік шыбықтардан сурет құрастыру

2.3 Аз қимылды ойын «Ағаштар мен бұталар»

Әдістемелік нұсқау: ересектердің «ағаш» деген сөзіне балалар тұруы және қолдарын жоғары көтеруі керек, ал «бұталар» сөзіне Тізе бүгіп отырып, бұталарды бейнелеуі керек.

3. Сабақ қорытындысы

- Сендерге сабағымыз ұнады ма?

- Біз сабақта не істедік?

Тақырыбы: «Жыл құстары»

Мақсаты: Тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: есеп таяқтар, жіптер, машинаның рулі, құстардың маскалары.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қар бұтаға отырды)

2.2 Таяқтар мен жіптен сурет құрастыру

2.3 Дидактикалық ойын «Ұшады, ұшпайды»

2.4 Аз қимылды ойын «Торғайлар мен автокөлік»

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Өзіңді ата»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қар бұтаға отырды)

2.2 Таяқтар мен жіптен сурет құрастыру

2.3 Дидактикалық ойын «Ұшады, ұшпайды»

Әдістемелік нұсқау: егер педагог құстарды атаса, балалар қолдарын көтеру керек, ал егер педагог басқа заттарды атаса, онда балалар қолдарын алдына қоюлары керек.

2.4 Аз қимылды ойын «Торғайлар мен автокөлік»

Әдістемелік нұсқау: Бір бала – автокөлік, қалғандары – торғайлар. «Торғайлар» алаңда ойнап жүреді, олар автокөліктің белгісін ести сала, жан-жаққа торғайлар ұшып кетеді.

3. Сабақ қорытындысы

- Сендерге сабағымыз ұнады ма?

- Біз сабақта не істедік?

Тақырыбы: «Менің туған өлкем»

Мақсаты: туған өлкесі туралы білімін нығайту; сөздік қорын, қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 10 есеп таяқшалары, жіптер, әшекейленген өрнек пішіні, күріш.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қайырлы таң, туған өлкем)

2.2 Есеп таяқтарымен жұмыс

2.3 Сергіту сәті «Біз тату балалармыз»

2.4 Дидактикалық ойын «Өрнекті аяқта»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қайырлы таң, туған өлкем)

Қайырлы таң, күн!

(Бас бармақтан бастап, қолдың саусақтары бір-біріне тиеді, «амандасады»)

Қайырлы таң, су!

(Бас бармақтан бастап, қолдың саусақтары бір-біріне тиеді, «амандасады»)

Қайырлы таң, туған жер!

(Бас бармақтан бастап, қолдың саусақтары бір-біріне тиеді, «амандасады»)

Қайырлы таң, туған өлкем

(Бас бармақтан бастап, қолдың саусақтары бір-біріне тиеді, «амандасады»)

Қайырлы таң, біз екеуміз!

(Қолдардың саусақтары қысу)

2.2 Есеп таяқтарымен жұмыс

2.3 Сергіту сәті «Біз тату балалармыз»

2.4 Дидактикалық ойын «Өрнекті аяқта»

Әдістемелік нұсқау: ермексазбен бейнеленген өрнек пішінін күрішпен толтыру.

3. Сабақ қорытындысы

- Сендерге сабағымыз ұнады ма?

- Біз сабақта не істедік?

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Мақсаты: жабайы жануарларды атауды үйрету, қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту, жануарларды жақсы көруге тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 10 есеп таяқтары, ақ тиіннің пішіні, доп, аюдың маскасы, саңырауқұлақ, кәрзеңке.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қоян)

2.2 Есеп таяқтарымен сурет құрастыру (Кірпі)

2.3 Дидактикалық ойын «Жабайы жануарларды ата»

2.4 Аз қимылды ойын «Қылқанды орманда аюда»

3. Қорытынды

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

Шеңбер болып тұрамыз, оң қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан кейін алып тастаймыз (қуаныш сыйлаймыз). Сол қолымыз жүрегімзге қоямыз және оны қайтадан аламыз. Екі қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан шетке жылжытамыз.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қоян)

2.2 Есеп таяқтарымен сурет құрастыру (Кірпі)

2.3 Дидактикалық ойын «Жабайы жануарларды ата»

Әдістемелік нұсқау: Балалар шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір балаға доп лақтырады, бала жабайы жануарды атап, допты кері лақтыруы керек.

2.4 Аз қимылды ойын «Қылқанды орман ішіндегі аю»

(Балалар қимылды мәтінге сәйкес орындайды).

3. Сабақ қорытындысы:

- Есеп таяқшалар көмегімен біз кімді сипаттадық?

- Жабайы жануарларды ата.

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: Тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; ересектерді сыйлау тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 15 есеп таяқшалары, кесілген суреттері бар конверт.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы

2.2 Есеп таяқшаларымен сурет құрастыру (Көзілдірік)

2.3 Сергіту сәті «Біз тату балалармыз»

2.4 Дидактикалық ойын «Суреттерді жина»

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

Шеңбер болып тұрамыз, оң қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан кейін алып тастаймыз (қуаныш сыйлаймыз). Сол қолымыз жүрегімзге қоямыз және оны қайтадан аламыз. Екі қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан шетке жылжытамыз.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы («Саусақтар»)

Мынау саусақ – ата (Бас бармақ көрсетеміз)

Мынау саусақ – әже (Балан үйрек көрсетеміз)

Мынау саусақ – әкешім (Ортан шерек көрсетеміз)

Мынау саусақ – анашым (Шілдір шүмек көрсетеміз)

Мынау саусақ – мен (Кішкентай бөбекті көрсетеміз)

Мұның барлығы менің жанұям! (Қолдарымызды жұдырықтап жинаймыз)

2.3 Физминутка «Біз тату балалармыз»

2.4 Дидактикалық ойын «Суреттерді жина»

Әдістемелік нұсқау: анамызға сыйлыққа кесілген бөліктерден сурет жинау.

3.Сабақ қорытындысы

- Есеп таяқшалар көмегімен біз кімді суреттедік?

- Жабайы жануарларды ата.

Тақырыбы: «Шыршаны безендіру»

Мақсаты: жұмбақтарды шешуге үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 4 есеп таяқшалар, шырша бейнеленген сурет, кішкентай суреттер (шыршаны әшекейлеуге арналған), желім.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (таңғы шеңбер).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы

2.2 Есеп таяқшаларымен жұмыс

2.3 Сергіту сәті

2.4 Ойын жаттығуы «Шыршаны әшекейле»

2.5 Аз қимылды ойын «Тоңазытамын»

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең. Таңғы шеңбер.

Сәлеметсің бе, көк аспан!

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Сәлеметсің бе, сен!

Сәлеметсің бе, мен!

Сәлеметсің бе, менің барлық достарым!

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы «Екі үлкен қарағай»

2.3 Сергіту сәті

2.4 Ойын жаттығуы «Шыршаны әшекейле»

Әдістемелік нұсқау: суреттегі шыршаны дайын ойыншықтармен безендендіру.

2.5 Аз қимылды ойын «Тоңазытамын»

3. Сабақ қорытындысы

- Сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

- Біз қандай ойын ойнадық?

Тақырыбы: «Қысқы ойындар»

Мақсаты: Тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: 4 есеп таяқшалар, ақ қағаз.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы «Менің саусақтарым»

2.2 Есеп таяқшаларымен жұмыс

2.3 Сергіту сәті

2.4 Дидактикалық ойын «Кім көп қар жинайды»

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Күлімсіреу»).

2. Негізгі бөлім:

Міне солай, және міне дәл осылай – (алдымызға шапалақ, үстелде жеңіл шапалақ, қолдардың білезіктерінің бұрылуларын қайталау)

Ешбір өкпелемейді.

2.2 Есеп таяқшаларымен жұмыс («Шаналар»)

2.3 Сергіту сергіту «Біз тату балалармыз»

2.4 Дидактикалық ойын «Кім көп қар жинайды»

Әдістемелік нұсқау: ақ қағаз шамасынша өте ұсақ қылып жыртып, одан күртік қар жасау керек.

3. Сабақ қорытындысы

- Сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

- Біз қандай ойын ойнадық?

Тақырыбы: «Қысқы ойындар»

Мақсаты: Тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: ұсақ геометриялық фигуралар: 4 төртбұрыш, 1 үлкен шаршы, 1 кішкентай шаршы, 1 тік төртбұрыш. Дайын құстар бейнелері, түрлі түсті қағаздар.

Жоспар:

1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қар бұтаққа отырды)

2.2 Геометриялық фигуралардан сурет құрастыру

2.3 Дидактикалық ойын «Ұшады – ұшпайды»

2.4 Тапсырма

3. Сабақ қорытындысы

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең (психологиялық көңіл күй «Бір-біріне қуаныш сыйлау»).

Шеңбер болып тұрамыз, оң қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан кейін алып тастаймыз (қуаныш сыйлаймыз). Сол қолымыз жүрегімзге қоямыз және оны қайтадан алып тастаймыз. Екі қолымызды жүрегімізге қоямыз, содан шетке жылжытамыз.

2. Негізгі бөлім:

2.1 Саусақ гимнастикасы (Қар бұтаққа отырды)

2.2 Геометриялық фигуралардан сурет құрастыру

Әдістемелік нұсқау: үлгіге қарап геометриялық фигуралардан құстың бейнесін құрастыру

2.3 Дидактикалық ойын «Ұшады – ұшпайды»

Әдістемелік нұсқау: егер педагог құстарды атаса, балалар қолдарын көтеру керек, ал егер педагог басқа заттарды атаса, онда балалар қолдарын алдына қоюлары керек.

2.4 Ойын жаттығуы

Әдістемелік нұсқау: құстың бейнесін үзікпен түрлі-түсті қағаздармен әшекейлеу (қағаздарды шамасынша ұсақ етіп жырту).

3. Сабақ қорытындысы

- Сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

- Біз қандай ойын ойнадық?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]