- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
1 тапсырма (Шариктермен жұмыс)
Баланың алдына үстелге бірнеше шариктер қояды. Олардан бірнеше қашықтыққа қорап қойылады. Алдымен шарикты қалай домалатқан кезде шарик қорапқа соғылу үшін түсіндіру және көрсетуі керек. Бастапқы кезде балаға көмектеседі, содан кейін өз бетінше балаға тапсырманы орындауына жетуіміз керек.
2 тапсырма (Сақинамен жұмыс)
Үстелдің үстінде ағаштан жасалған оқтама және бірнеше өлшемі бойынша біркелкі сақиналар жатыр. Балаға бірнен кейін бірін кезекпен осы сақиналарды оқтамаға кигізуді ұсынады. Алдын ала ересектер осы әрекеттерді қалай орныдау керектігін көрсетеді және түсіндіреді.
3 тапсырма (Кубиктармен жұмыс)
Бала алдына өлшемі бірдей кубиктер қойылады.
Бала түсіндіргенен және көрсеткеннен кейін өз бетінше кубиктерден пирамида, сосын поезд, үйшік, орындық және т.б. жасау үшін бірінің үстіне бірін қояды.
4 тапсырма (Ағаштан жасалған ойыншықтармен жұмыс)
Үстелдің үстінде салынатын ағаштан жасалған матрешкалар, мұнаралар, қораптар қойылған. Баламен бірге оларды жақсылап қарап шығу керек, сосын балаға ойыншықтар қалай ашылатынын, оны қалай жинау және жабу керектігін көрсету керек. Балаға көрсетіп, түсіндіргеннен кейін өзі әрекетті орныдауға кірісуі керек:
5 сақинадан тұратын пирамида жинау;
4-5 кубиктерден бір үлкен кубик жасау;
3,5 орынды матрешка жинау.
5 тапсырма
А) «Жол» - бірнеше таяқтарды қатарлап жинау
Б) «Кішкентай қаша» - бірнеше таяқшаларды қабырғаға жинау
В) «Кішкентай орындық» - 2 кубиктен жасалатын көлденең жұқа тақтайша
Г) «Үстел» - орындық сияқты; көлденең жұқа тақтайша бір кубикке қойылады
Д) «Қоршау» - жұқа тақтайшаға перпендикулярлы кірпіштер қойылады.
6 тапсырма (Мозаикамен жұмыс)
7 тапсырма (Бауы бар карточкалармен жұмыс)
8 тапсырма (Қарындашпен жұмыс).
Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
1 тапсырма
Үстел үстінде формасы мен өлшемі бойынша бірдей, бірақ бояумен айқыршаланатын заттар: мысалы, 5 шарик қызыл, 3 шарик сары, 2-көк және т.б. бала алдымен қызылдарын, сосын сары немесе көк шариктерді (бірінші кезде қолдау ретінде үлгісі тұрады) алып жинақтау керек.
2 тапсырма
Үстел үстінде көлемі бойынша ерекшеленетін матрешкалар. Бала олардың қайсысы үлкен, не кіші екенін салыстырып, айтуы керек, оларды өсу мөлшеріне қарай, сосын керісінше қояды. Содан кейін матрешкаларды бір-біріне салады.
3 тапсырма
Үлгі арқылы баланы белгілі бір заттар санын санауға, әкелуге үйрету, мысалы, қанша кірпі болса, сонша саңырауқұлақ әкелу.
4 тапсырма
Карточкада түрлі түсті шарлар ұсынылады. Балалар шарға жіпті таңдауы керек.
5 тапсырма
Балада зат бейнеленген размері кіші карточка, ал ересекте осы зат бейнеленген өлшемі үлкен карточка.
Ересек «Менде пирамида үлкен», ал бала «Менде пирамида кішкентай» және басқа.
Артикуляциялық гимнастика кешені
№1 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Тұмсық» - ерін мен тістер жұмылған. Күшпен ерінді түтікшенің көмегімен тарту. Осылай 5 секунд ұстап тұру.
Астыңғы жақ алдыға шықпауы керек.
Мен пілге еліктеймін.
Ернімді тұмсық қылып тартамын
Енді оларды түсіремін
Өз орнына қайтарамын.
«Сағат» - Күлімсіреу, аузыңды ашу. Тіліңнің ұшын «бір-екі» дегенде аузыңның бір бұрышынан екіншісіне апару.
Астыңғы жақ алға шықпауы керек.
Біздің қуанышты тілдеріміз.
Бөшкеге бұрылады.
Оңға қарайды, солға қарайды.
№ 2 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Бақа» - тістелген тістерді күштеп ашып, күлімсіреу.
Міне бақаларға ұнайды,
Ернімізді құлағымызға дейін тартамыз.
Тартамын, қоямын
Бірде-бір шаршамаймын.
«Әйткеншек» - аузыңды ашып, күлімсіреу.
«Бір, екі» дегенде кезекпен тілді жоғарыға, сосын төмен тістерге тірелу. Астыңғы жақ сол кезде қимылсыз болуы керек.
№3 кешен.
«Күрек» - аузыңды ашып, күлімсіреу.
Ұзын тілді астыңғы ерінге қою.
5 –ке дейін бір қалыпты жағдайда ұстап тұру.
Астыңғы ерінге күш түспеу маңызды
және астыңғы тістерге тартылмады.
«Бақа» - тістелген тістерді күштеп ашып, күлімсіреу.
Міне бақаларға ұнайды,
Ернімізді құлағымызға дейін жеткіземіз.
Тартамын, қоямын
Бірде-бір шаршамаймын
«Түтікше» - ауызды ашып, тілді түтікшемен орау
Осы түтікшнге ұзақ уақыт үрлеу
Тілді түтікшеге қосамыз –
Сыбызғыға ұқсайды
Сыбызғысыз біз жасай аламыз.
№4 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Трубка» - ауызды ашып, тілді трубкамен орау
Осы түтікшеге ұзақ уақыт үрлеу
Тілді түтікшеге қосамыз –
Сыбызғыға ұқсайды
Сыбызғысыз біз жасай аламыз.
«Тіс тазалаймыз» ауызыңызды ашып, күлімсіреңіз.
Тілдің ұшымен ішкі жағынан төменгі тістерді оңға-солға тіл қимылымен «тазалаймыз».
Астыңғы жақ сол кезде қимылдамау керек.
Тістеріңді тазала, тістеріңді тазала
Сыртынан да, және ішінен де
Олар ауырмау үшін
№5 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Қақпа» - күлген кезде еріндерімізді созамыз.
Тістелген тістердің астыңғы және үстіңгі қатарын көрсетеміз.
Тістерді үйде тығып, жабамыз.
«Шарик» - Беттерімізді үрлейміз, еріндерімізді жұмылған.
Барлық суды жинаймыз.
Барлық суларды шығарамыз.
№6 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Бетімізді торситамыз» - Бір уақытта екі бірдей бетімізді үрлейміз.
Оң және сол жақ беттерімізді алмастыра отырып үрлейміз.
«Арық» - астыңғы иекті түсіріп және еріндері жабылған күйде бетті ауыз қуысына тартамыз.
№7 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Күрек» - аузыңды ашып, күлімсіреу.
Ұзын тілді астыңғы ерінге қою.
5–ке дейін бір қалыпты жағдайда ұстап тұру.
Астыңғы ерінге күш түстпеу маңызды.
және астыңғы тістерге тартылмады.
«Тіс тазалаймыз» ауызыңызды ашып, күлімсіреңіз.
Тілдің ұшымен ішкі жағынан төменгі тістерді оңға-солға тіл қимылымен «тазалаймыз».
Астыңғы жақ сол кезде қимылдамау керек.
Тістеріңді тазала, тістеріңді тазала
Сыртынан да, және ішінен де
Олар ауырмау үшін
№ 8 кешен.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Түтікше» - ауызды ашып, тілді түтікшемен орау
Осы түтікшеге ұзақ уақыт үрлеу
Тілді түтікшеге қосамыз –
Сыбызғыға ұқсайды
Сыбызғысыз біз жасай аламыз.
«Шарик» - Бетімізге үрлейміз,
Ернімізді жұмамыз.
Барлық суды жинаймыз.
Барлық суларды шашамыз.
Саусақ ойындары
ҚАЙЫҚ
Екі алақаныңыз қабырғаға қойылған және қосылған «ожау сияқты», үлкен саусақтарым алақанымда қысылған
Кішкентай қайық өзенде жүзіп келеді,
қайық балаларды серуенге апарады.
ӨЗЕН МЕН БАЛЫҚ
Өзен –босаңқы қол буындарының иректі, толқынды қимылдары.
Балық – түзу алақандар бір-біріне қысыңқы жабысқан. Саусақтар «өзінен» жақтарға бағытталған.
Бір-біріне жабысқан алақандарды оңға және солға балықтың құйыршығы қимылын келтіріп қозғау.
ПАРОХОД
Алақан екі қосылған «ожау сияқты», барлық саусақтар, үлкенінен басқасы «өзіне» бағытталған, ал үлкен саусақтар жоғары көтерілген және қосылған, ол «құбыр».
Пароход өзен бойлап жүзіп келеді,
Пеш сияқты мұржасынан түтіні шығады.
ТУЛАР
Алақандарыңызды өз алдарыңа орналастыру. Бір уақытта қимылдарды тақпақпен бірге алақандарды жіберу және көтеру.
Егер бала мұны жеңіл орындаса, онда жаттығуларды алақандарыңызды саусақтарыңызды бүкпей көтеру және түсіруді ұсынуға болады.
Менің қолыммен ту ұстап тұрмын
Барлық балаларға былғаймын!
ШАРИКТЕР
Екі қолымыздың саусақтары «Шөкіммен» жиналған және ұштары бір-біріне тиелген.
«Шарды үрлейміз»: саусақтардан қолыңда доп немесе шар ұстағандағы қалып қандай болады, сондай қимыл жасау.
«Шар жарылды»: саусақтар бастапқы қалпына келеді.
КІРПІ
Алақандарды бір-біріне бұрыштап қоямыз. Бір қолдың саусақтарынан екінші қолдың саусақтары арасына орналастыру. Түзу саусақтармен қимылдаду.
Кішкентай тікенек кірпі,
Ол не деген жақсы!
