Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.

1. Оқтамаға кигізілетін ойыншықтар: сақина, төлке, шарлар, кубтар, жартылай сфералар.

Осы секілді жаттығулар саусақтың моторикалары, қолдардың координациясын дамуына, әсіресе қарама-қарсы әрекетті – затты кигізу және алуда жүзеге асыруда көмектеседі. Тапсырманы орындауда екі жазықтықта жүзеге асырылады: көлденеңінен (кигізу және жұмсақ баумен алу) және тігінен (оқтаманы алу және тағу).

2. Көлемді геометриялық фигуралар: тесіп өтетін тесіктері бар шарлар, кубтар, призмалар және басқалар.

Осы заттар толық бағытты басқаруға түсі, көлемі және формасы бойынша топтастыру және ұқсастыру үшін арналған. Тапсырманы орындау – заттарды кигізу және қалау әртүрлі нұсқа беріледі. Мысалы, қорапқа түрлі формада және көлемдегі заттарды алып және салуда белгілі бір формалы және өлшемдегі тесік ұштарына итермелеп кіргізу, біріктіру және ажырату, қою және жұлып алу және басқалар.

3. Геометриялық қосымша-ойыншықтар, (түрлі түсті кубтар кішкентайларынан үлкендеріне қарай қойылады, конустар, жартылай конустар).

Осы ойыншық түрімен әрекетте балада кеңістікке бейімделуді дамытады, оны еден ойыншықтарының қасиеттерімен таныстырады. Еден ойыншықтарымен әрекет барысында балалар саусақ ұштарын жаттықтырады, үлкен, бас және ортаңғы саусақтарының рөлін дифференциациялайды.

4. Халықтық жиналатын-бұзылатын дидактикалық ойыншықтар (матрешкалар, кішкене бөшкелер, пирамидалар).

Екі жасар арналған барлық ойыншықтар – бір түсті, жазылмаған.

Олармен ойнау кезінде кеңістікке бейімделу, екі бірдей немесе біртипті бөлікті заттарды жинауға іскерлігінің дамуына көмектеседі.

Жалпы ережелер бойынша балаға осы типті тапсырманы көрсету келесілер болып табылады: 1 жас 8 айға дейінгі балаларға – екі орынды. Әдетте тапсырманы оңай орындалу кезінде балаларға біртіндеп күрделендіруге болады.

5. Сюжеттік ойыншықтар: қуыршақтар, машиналар, шыршалар, саңырауқұлақтар, жемістер, жидектер, сондай-ақ белгілі бір белгілері бойынша таңдалған заттар: қораптар, катушкалар, емен жаңғақтары және басқалары.

Тақырыбы: «Ерекше балаға – ерекше қарым-қатынас»

Отбасы мүшелері ересектеріне баламен тегіс мейрімді қатынас орнатуға, қысымды, отбасында жиі туындайтын невроз және түсініспеушілікті төмендетуге көмектесетін кеңестер ұсынамыз.

Эмоционалды-мінез-құлықтық бұзылулардан құтылуға, баланың конфликті мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік беретін бала мен ата-аналардың өзара әрекетінің негізгі принциптерін қолданыңыз.

Балалармен қарым-қатынастың негізгі принциптері:

  • Бет-жүзі - өте мейрімді, жылы жүзді, тартымды.

  • Баламен сөйлесуде дауыс ырғағы – шамамен мейрімді, тартымды, жылы жүзді кез келген жағдайда.

Лексикада мүмкіндігінше мыналарды қолданбауға тырысыңыз:

    • «Емес» есімшесін;

    • Бұйрықты сөздер;

    • «Бұйрықты»;

    • «Сен тиіссің», «сен міндеттісің» сөз тіркестерін.

Үнемі «біз» есімдік және шартты рай формада етістікті қолданған жөн.

Қажет емес:

  • Балаңызды кінәлап жария қылған адамды жақтауға (кейін сабырмен туындаған мәселені бөтен адамдарсыз талқылау);

  • Басқа балалардың көзінше баланы мақтау және оларды үлгіге қылу.

Есіңізде болсын:

    • Теледидар, бейне – бұл бала бағушы емес. Баламен бірге теледидар көру керек – бұл фильмді немесе бағдарламаны қабылдау процесінде пайда болған қобалжу мен қысымды босаңсытуға көмектеседі;

    • Егер сіз бір нәрсеге ашулы болсаңыз, оны балаға міндетті түрде түсіндіруге тырысыңыз, оған байлданысты емес екенін, енді сіз баламен бірге болатыныңызды, көңіл-күйіңіз көтерілетінін, себебі сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз – бұл қуаныш;

    • Сізден балаға тактилді контакт қажет: құшақтаңыз, сипаңыз, еркелетіңіз, оны мәпелеңіз.

Тырысыңыз:

  • Келекелеп және күліп сөйлеспеу;

  • Үнемі ескерту айтпау, әсіресе ұсақ-түйекке бола;

  • Балаға ұрыспау және айқайламау;

  • Әрдайым баламен мейрімді, сыпайы болу;

  • Баланы асықтырмау және айдамау;

  • Барлық мәселелерге қарамастан үнемі мақұлдау, мадақтау сөздер айту, тек бір нәрсе үшін емес, себебі ол сіздің балаңыз;

  • Балаға өзін «жаман» сезіндірмеу: «жаман – қылық, ал баланың өзі мейірімді, жақсы, ең сүйіктісі».

Баланың дұрыс емес қылық көрсеткен кезде оны басқа іс-әрекет түріне ауыстыру керек. Сіздің баламен сөйлесу кезінде мына ұран бойынша өту керек:

«Шыдамдылық, шыдамдылық

Әрқашанда - сүйіспеншілік».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]