Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.

Қарапайым ойын әрекеттерін дамыту.

  • Бірдей кубиктардан мұнара салуға үйрету.

  • Ойын әрекетін құрау (3,4 әрекет).

  • Құрылысты ойындар – кубиктарды тиеу, оларды үй құрауға апару, жануарлар саябағы.

  • Затттық және ойындық әрекетттерге баланың эмоциясын тудыру.

  • Бір іс-әрекетті екінші іс-әрекетпен жалғастыруға үйрету. Қарапайым қиын емес затттық құралдарды дамытуға үйрету.

  • Өзінен алыстатылған затқа қол созу, егер де оны қолымен алуға болмайтын болса.

  • Елегенде жүзіп жүрген ойыншықтарды аулау.

  • Банкідегі ұсақ ойыншықтарды жіңішке ағашты тік қой қаламммен ұстау.

  • Қар мен құммен ойнаған кезде күректі қолдану.

  • Ағаш балғаны ұстауға үйретіп, қалың заттарды соғуға үйрету.

  • Ойын іс-әрекетінде бірнеше рет әрекет жалғасатындай байланыс орнату.

  • Қарапайым сюжеттік ойындарда рөлдерді дұрыс орындауға үйрету: жүргізуші, мұғалім, дәрігер, аула тазалағыш, т.б.

8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы

Бейнелеуге үйрету (мүсіндеу, сурет салу, аппликация, құрау) шынайы заттарды бейнелеу.

Жапсыру:

  • Ұнмен, балшықпен, ермексазбен, сазбен әрекет жасауға қалыптастыру.

  • Бөліктерге бөлуге үйрету, жұмсарту, шұқылау, тегістеу, т.б.

  • Ермексазды үстел үстінде айналдыра отыра алақан көмегімен шелпек, шарик пішіндерін жасау.

  • 3-4 элементті біріктіруге үйрету.

  • Затты үлгісіне қарап мүсіндеу.

  • Өзінің жасаған затының мағынасын айтқызу

  • Өзінің ойлаған заттарын мүсіндеу.

Сурет салу:

  • Бейнелеу өнеріндегі сурет салатын әртүрлі құралдармен салуды үйрету (бояу, фломастер, қарындаш).

  • Әртүрлі сызықтарды салу: түзу, көлденеңінен, әртүрлі бағытта. Басқа образды, ирек, сызықша, тұйық, домалақ, сопақ, шеңбер, т.б.

  • Шаршы мен тік төртбұрышты формаларды салуға үйрету

  • Алақан саусағымен әртүрлі түсті таңбаларды бояғышпен салу.

  • Қарындашты көзімен бақылауға үйрету.

  • Қисық және түзу сызықтарды біріктіруге үйрету (шырша және оны безендіру шариктері).

  • Бір бағытта немесе бір бағытта емес сызықтардың ішін бояуға үйрету.

  • Қисық емес құбылыстарды салуға үйрету. Жаңбырдың тамшысын, нүктелер, арақтың ағып бара жатқанын, қардың жауғанын, шыршадағы шамдардың жануын.

  • Мынадай ережелерді сақтауға үйрету: түзу отыру, суретті тек қағазға салу, қағазды умаждамау, қарындаштың ұшын сындырмау, жұмыс аяқталысымен үстел үстін және материалдарын жинау.

Құрау:

  • Керекті құрылыс элементтерін үлгіге қарап құрастыру. 4-5-6 элемент «маған да сондай».

  • Бірдей кірпіш немесе кубик қаланған пирамиданы салуға үйрету.

  • Кірпіштерді көлденеңінен қойып темір жол салуға үйрету.

  • Өзінің құраған затымен үлгісін салыстыруға үйрету.

  • Кубиктермен кірпіш арқылы машина, үстел құрау.

  • Ұзын таяқтан және екі бірдей кубтан орындық жасау, екі бірдей тік кірпіштерден қақпа жасауға үйрету.

  • Кірпіштерден жиһаздарды құрастыруға үйрету: диван, төсек, үстел, орындық.

  • Кірпіштер мен кубиктерден баспалдақ жасауға үйрету.

  • Үш жақты шатырмен және төрт кірпіштен терезесі бар үй жасауға үйрету.

  • Баланың өзі ойлаған затын құрастыру және оған құрастыруға мүмкіндік беру.

Аппликация:

  • Қағазды екіге бүктеп жапсыру. Көрсетілген затты жасауға үйрету.

  • Заттарды қағазға ыңғайландыру, бояу, желім, матамен қолдануға үйрету.

  • Заттарды желімдеуге үйрету – саңырауқұлақ, үй, алма, қияр, шарик, кубик, т.б.

Еңбек тәрбиесі.

  • Баланы қарапайым тұрмыстық еңбекті орындауға үйрету – ойыншықтар мен өзінің жеке затын орнына қою.

  • Анасына бөлмені жинастыруға көмектесу (шаң сүрту, гүлдерді суғару).

  • Өзінің аяқ киімі мен киімін тазалықта сақтау.

  • Қайшы және балғамен жұмыс істеуге үйрету.

Ата-аналар үшін нұсқау:

Төмендегілерді ұстану:

Күнделік, ол ата-аналарға динамикалық жағымды дамуын бақылауға көмектеседі.

  • Баланың әрекетімен жасалған альбом.

  • Фотоальбом, онда баланың суреті мен туған-туыстарының суреті болуы тиіс.

Сіз сабақ барысында мынаны ескеруіңіз тиіс:

Ойынды немесе жаттығуларды түсіндіргенде шыдамды болыңыз. Баламен сөйлескен кезде сөзін бөлмеңіз. Тапсырманы қарапайым және түсінікті түсіндіріңіз. Баланың әрекеттері үшін мадақтау және сұрақ қою. Баланың жетістіктеріне шынайы қуаныңыз, аямай мадақтау. Жаттығулар мен ойын формаларын ұйымдастыру. Іс-әрекетті ауыстыру жерде, үстел үстінде, қимыл-қозғалыс.

Сюжеттік ойындар үшін мынадай жинақ болуы тиіс: «Балалар ыдыс-аяғы», «Балалар жиһазы», «Жеміс-жидектер жинағы», «Құрылыс жинақ», т.б.

Танымдық әрекеттерді дамытушы ойындар: Сеген тақтасы «Пошта жәшігі», матрешкалар, пирамидалар, конструкторлар, мазайкалар, әртүрлі лотолар, т.б. Әртүрлі мамандыққа байланысты ойыншықтар, мысалы, капитан үшін дүрбі, фуражка болуы тиіс. Дәрігер үшін халат, үстел, таяқ, градусник, науқас адамдар – қуыршақтардың болуы тиіс.

Сурет салу үшін: түрлі-түсті қарындаштар жинағын, әртүрлі пішіндегі бояғыштар, қағаз жинағы керек.

Мүсіндеу үшін: ермексаз, саз, қамыр, жұмысқа тақтай керек.

Аппликация үшін: қайшы, түрлі түсті қағаздардың жинағы, қарындаш пен желім.

Тіл дамыту үшін: заттың суреттердің жинағы, жемістер, жидектер, жабайы және үй жануарлары т.б. лотосюжеттік суреттер балаларға арналған өлеңі бар кітаптар.

Ұсақ қолдың моторикасын дамытушы ойындар: моншақтар, банкадағы материалдар (бұрыш, фасоль).

Өз-өзіне қызмет көрсету үшін: баланың қол орамалы, тіс щеткасы, тарағы, айнасы, асханаға керекті құралдары (қасық, тәрелке, стакан, шанышқы) болуы керек.

Шыдамды болыңыз.

Мадақтау үшін қолыңызды беріңіз немесе бетінен сүйіңіз!

Бөлім 3

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналарды оқыту процесінде педагогикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу қажет. Ересек адамның баламен қарым-қатынасындағы мәдениет әрекеттері туғаннан берілмейді. Ол тек отбасының мықты тірегі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу барысында қалыптасады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей ата-аналарды арнайы біліммен қамсыздандыру арқылы баланы тәрбиелеуге болады. Ата-аналардан локотек мамандардың жұмысындағы жемісі көрінеді. Осылай олар баланың жұмысқа қабілеттілігін оқытады. Қазіргі кездегі концепция бойынша арнайы білімді қажет ететін балаға интегративті жол таба білу дефектілік құрылымына баға беру үшін баланың анасымен және отбасы мүшелерімен байланысы маңызды. Бірақ та бәріне мәлім отбасының өмірі әсіресе ерекше бала өсіп келе жатқан отбасы үшін. Мұндай отбасы қиын кезеңдерді басынан жиі өткізеді. Ал, кейбіреулері үшін өте қиын, елестету мүмкін емес жеңіс пен уайым, бақыт пен қуаныш қатар жүреді. Психофизиологиялық дамуында ерекшелігі бар балалардың отбасына жүйелі түрде беретін көмек ол педагогикалық іс-шаралардың және комплексті емдеу лекотекада жүргізіледі. Коррекциялық бағдарлама педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік көмек балаға және оның отбасына беру.

Лекотека мамандарының жұмысындағы негізгі бағыттар:

  1. отбасындағы қарым-қатынас гармониясы.

  2. психологиялық коррекция анасының жағдайы.

  3. баламен ата-анасы арасындағы коррекция (түзету)

  4. психофизиологиялық мүмкіндіктері бар балаға адекватты баға беру.

  5. Ананы маманданған түзеті және методикалық әрекеттерге үйрету баланы үй жағдайындағы жұмысқа үйрету.

  6. Анасын маманданған тәрбиелі тәсілдерге үйрету, бұл баланың жеке тұлғалық қасиеттері үшін.

Біз осыларға сүйене отырып, келесі бағыттарды жүзеге асырамыз:

  1. Анасының осы мәселе бойынша қалыптасқан түсінігін қалыптастыру, өзінің еркінен және қоғамның қабылдауынан ауысу. (Қалай үйренем? Мен білмеймін).

  2. Анасының өзіндік бағасын көтеру, өзінің еңбегін ол баласының жеткен жетістіктерінен көре алу.

  3. Анасының психологиялық ішкі жағдайының коррекциялық жағдайы: уайымдау, баласының ерекшелігіне байланысты оның жеткен жетістігін көру.

  4. Анасының жеке тұлғалық қасиеттері баласымен қарым-қатынас процесінде туындауы, анасының уайымдау күйінен енді ол шығармашыл тұлғаға айналып баласының мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысады.

Басынан бастап отбасымен танысу ата-аналардың лекотек мамандармен жұмыс істеуге даярлығын тексеру.

Лекотека мамандар балалардың ата-аналарымен үйде жүргізілетін жұмыстармен таныстырады, оларға психологиялық -эмоциональдік көмек береді. Ата-аналар өздерінің қиындықтарын анықтауға қиналатын, өздері ойлаған мәселені: стандартты емес баланың тәрбие мәселесі ата-аналардың негізгі әрекеті болып табылады. Бұл негізгі сұрақ, ата-аналардың жауап алғысы келетіні, бірақ бұларға арнайы мамандардың да жауап беруі қиын. Шынымен де қарапайым жауап болмайды, бәрі де оқиғаның өзіне байланысты.

Ата-аналардың баланы түсінудегі қиындығы:

  • Ауыр қабылдау, ауырлық күйзеліс, жеңіске күмәнмен қарау.

  • Анасы мен баласының эмоционалды қарым-қатынас жеткіліксіздігінен.

  • Ата-аналар балаларының шынайы даму деңгейінің мүмкіндіктерін бағаламау

  • Арнайы таңдалатын дамытушы және қауіпсіз ойыншықтарды ескермеу салдарынан.

  • Ата-аналар балаға шамадан тыс қойған талаптар салдары.

  • Балаға аз уақыт көңіл бөлу салдарынан.

  • Ата-аналар өздерінің науқас балаларынан ұялуы.

Лекотека мамандар мына шарттарды ұсынғаны дұрыс:

  • әр бала жеке тұлға;

  • арнайы білім алуды қажет ететін бала өседі, оның өмірінің айналымы да басқа балалар секілді;

  • әр балада өзінің қабілетіне сай мүмкіндігі болады, оларды ашып көрсетуге тырысу керек, оларды қолдап, демеу беруіміз тиіс;

  • интеллектуалдық дамудың бұзылуы – ол түсініктің бұзылуы.

Әр отбасында баласының мүмкіндіктерін әртүрлі бағалайды. Кейбір ата-аналар баласының дамуындағы прогресті байқамай, немқұрайлы қарайды. Кейбіреуі баласының қабілетін асырып жібереді. Мұндай жағдайда педагогтар мен дәрігерге оңай соқпайды: олар баланың алда қандай қиындықтар күтетінін, тапсырманы орындау барысында, оларды қалай жеңу керектігін айтады.

Лекотека педагогтар ата-аналарға азғана болса да баланың жетістігін көрсетуге, дамуындағы өзгерістерді көрсетуге тырысады. Егер бала шилерден қарапайым фигура жасай алмаса да, ол шилерді қайтадан қорапқа жинауға шамасы келеді. Тек аздап шыдамдылақ танытып, баланың өзінің шамасына сай тапсырмаларды орындауы тиіс. Лекотек мамандар мұндай отбасылармен жұмыс жасағанда мұқият болып, отбасындағы татулықты сақтауға тырысады. Себебі, арнайы білімді қажет ететін бала отбасының сүйіспеншілігін сезінуі тиіс.

Қосымша көмектерге жүгінетін болсақ, біздің ата-аналар өздерінің мақсаттарына жете алмаған кездері де болды. Аналармен түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсетудің себебі оның жеке тұлғалық оқиғаларға байланысты ата-аналардың тоқтамдары, психологиялық жарақаттарға әкеліп соқтырады. Сондықтан да мұндай адамдар қоршаған ортадан үйлесімділігін таба алмай байланыс жасауды қиналады. Оларға мысал үшін бір ғажайып оқиға сену, ертегіден жазылу, т.б., баланы бір сәтте бақытты ете алады деп өздерін көндіреді, арнайы білім алуды қажет ететін баланы күнәһарлық үшін берілді деп, отбасындағы татулық ол туған соң бұзылды деп қабылдайды. Арнайы білім алуды қажет ететін балалардың ата-анасын баланы оқытудағы, сондай-ақ басқа да жеке тұлғалық мәселелер арнайы білім алуды қажет ететін ата-аналар үшін тәрбиелеудегі мәселелер, мінез-құлқын қалыптастыру т.б.

Лекотека мамандар мынадай психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастырады: топтық тренинг. Тренинг бір айда бір рет жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі көрсеткендей құрамы 5-6 адамнан тұратын «ашық» топтық жұмыстар.

Бірінші кезекте ана өзінің топтағы жұмысымен таныстырылады.

  • Сенімді қарым-қатынас орнату. Егер ана баласымен шынайы болмаса онда біз онымен араласа алмаймыз, басқаларға өзі туралы айтып, түсінік қалдырады.

  • Қарым-қатынаста шынайы. Егер шынайылық болмаса біз қалай араласа аламыз.

  • Топтағы құпияны сақтаушылық. Топтан тыс онда болып жатқан оқиғалар туралы ешкім ештеңе айта алмайды. Әрқайсы топта айтылған құпиялар құпия болып қалуы тиіс.

  • Топ әрқайсысына қолдау беруі тиіс (кеңес беру, мүмкіндігінше тыңдау, жылы сөз, т.б.)

Сабақ барысынды талқыланатын мәселе отбасындағы мәселе, дамуында кемістігі бар баланы тәрбиелеу.

Психокоррекциялық жұмыс нәтижесінде ата-аналарда отбасында, қоғамда белгілі бір мінез қалыптасты, жағымды ойлар, стресстік ситуациялардан қашуға көмектеседі. Ата-аналар жақсы қарым-қатынас орнатып, педагогқа өздерінің жетістіктері туралы айтып бөліседі.

Лекотека мамандар ата-аналарға үйретілмейтін бала болмайтынын көрсетті. Күнделікті сабақ оған оң әсерін тигізіп қоймай, ары қарай өмірге бейімделуге көмектеседі. Коррекциялық көмек беру жұмыстарының бағытында лекотек мамандар ата-аналарға ерекше дамуы бар балалар туралы керекті мағлұмат береді.

Әр жағдайда әр отбасының өмірі, оның құрамы, мәдениет деңгейі ескеріледі.

Арнайы білім алуды талап ететін балаларды тәрбиелеудегі негізгі қажеттіліктер:

  • Гиперопека – балаға эмоциональдік назар бөлінбеуі, тактикалық әрекет. Ата-аналар баланың күтіміне формальді қарауы, тек қана физикалық қажеттіліктерді өз-өзіне елестетіп қанағаттандырады. Бұл жағдайда бала өзінің ересек адамға керек еместігін сезінеді.

  • Гиперопека – шамадан тыс бақылау, баланың өз бетімен болуына қысым жасау. Көптеген заттарға тыйым салу, ал бұйрық орындалмай жатса жазалау, ескертудің жиі болуы.

  • «Отбасы кумирі» - бала өте қатты сүйіспеншілікте өседі, ылғи көзайым болуға тырысады, лидер, осыған ешқандай күш жұмсамайды.

  • Ересектер тарапынан баланың эмоционалдық бас тартуы. Бұндай тәрбиеде баланың өзіне сенімсіздігі, керексіздігі сезіледі. Балада коммукативтік байланыстары қалыптаспайды.

  • Қатал қарым-қатынас, ол немқұрайлықтың пайда болуы салдарынан немесе ашық физиологиялық күтім болмағандықтан ары қарай эмоционалдық бас тартумен жалғасуы мүмкін.

  • «Маятниктік тәрбие» - бұл айтылғандарға қарсы тәрбие, стильдердің күрт ауысымы. Бұл стиль әр кезеңдегі тәрбиенің ауысымынан болады (баланың ата-анасы мен ата-әжесі). Мұндай әрекет балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ішкі жан дүниесінде ыңғайсыздық туындауы мүмкін.

Отбасының күші өте зор, оның жеке тұлға болып қалыптасуына айналадағы жақындардың ұйымдасқан әрекеті, баланың өмірін максималды түрде дамуын жігерлендіріп, баланың психикалық дамуындағы теріс жақтарын жоюға көмектеседі. Ол үшін отбасыны дамуында ерекшелігі бар баламен таныстырамыз, оның мүмкіндіктері мен перспективалық дамуын, дұрыс тізімдік ретті талап ету, түзету жұмыстарының бағытын анықтау, өмірге қажетті қабілеттерін дамыту. Бала өз-өзіне қызмет көрсетуден тыс: өз бетімен киіну, т.б. жеке тұлғалық мүмкіндіктердің салдарына жүктелетін міндеттер: ойыншықтарды орнына қою, заттарын ыңғайландыру, үстел жасауға көмектесу, т.б.

Уақытылы көрсетілген түзету жұмыстары баланың дамуындағы жеткіліксіз тұстарын жетілдіруге, онымен қатар толық дамуды ыңғайластырады. Ата-аналарға қойылатын талаптардың бірі - мамандардың берген кеңестері мен үй жұмыстарының орындалуы. Сонымен қатар, отбасының әлеуметтену жолдары қарастырады, ересек балаға адекваттық тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиелеу. Ата-аналар баласының ерекше дамуы туралы мағлұматтарды ала отырып, олармен қалай жұмыс жасау керектігін, отбасы жағдайында ары қарай дамуды жетілдіру жолдарын іздестіреді.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары

Кеңес беру формасы. Ең алғашқы психологиялық-педагогикалық тексеру, қайтара педагогикалық-психологиялық консультация бару, тексеру. Бұндай жұмыстың нәтижелілігі ата-аналар кеңес алып, мамандардан қолдау тапқаннан кейін мамандарға қайта келеді. Қайтадан қайтып келудің оң әсері баланың психофизиологиялық дамуындағы динамика. Біз ата-аналарға балаға ойын керектігін, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, демалыс күндер, жол сапарлар, т.б. көрсетеміз. Әңгімелесу барысында отбасы бірінші баланы қолдаушы жүйе, сондықтан да оны отбасы өміріне қосуымыз тиіс. Жеке дара әңгіме барысында ата-аналар анықтауы бойынша:

  • Ескерту шаралары, психофизиологиялық дамуында бұзылысы бар балалардың;

  • Есту, көру, сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалармен қарым-қатынастағы әдістер;

  • Өзінің бақылауларын күнделікке түсіру;

  • Балаға шынайы көмек көрсету, жеңіске сену;

  • Шыдамды болу, күте алу

  • Өзінің эмоциясы мен сезімдерін бақылау.

Лекция арқылы таныстыру формасы – бұл ата-аналардың қажетті теориялық тәрбиелеу мен баланың дамуы жөнінде мағлұмат беру. Баланың дамуында медициналық негіздерді қарастыра отырып, лекция жүргізу, мұндай жұмыс формасына ата-аналар да топқа қатысады. Лекция арқылы тану формасының негізі болып ата-аналардың буклет жасауы, оқытылым пакеттері, белгілеп алу , т.б. Ата-аналар басқалардың лекциясы мен сұрақтарын тыңдап, өзінің мәселесін сезініп шешуге тырысады. Сонымен қатар, олар бір-бірімен танысып, бір-біріне көмек беріп, қолдау көрсетеді.

Таныстыру формасы 3 кезеңнен өткізіледі.

Бірінші кезең баланың дамуына бағытталған жұмыстарды ата-аналар көрсету. Ата-аналарды сабақ кестесімен таныстыру, тексеру қорытындысымен, олардың сұранымдары туралы білу.

Біз ата-аналарға балаларының ерекшелігі туралы толық ақпарат бердік, оның осал және мықты тұстары туралы. Анасының балаға тек қана оның көмегі басқа ешкімнің көмегі керек еместігін, тек қана ол дамуымен айналысатынын айту. Ары қарай лекотек мамандармен жұмыс жүргізу керектігі туралы айтылады.

Екінші кезең ары қарай оқыту бағытының жұмыс тактикасы мен стратегиясы анықталады. Негізгі жұмыс формасы: әңгіме, бақылау, кеңес беру, консультация, бір кесе шай барысындағы кездесу, ата-аналарға телефон шалу, т.б. Біртіндеп ата-аналарды күйзеліс әрекеті байқалады, олар команда мүшесі саналып, мамандарға көмектесуге, баласының мәселесін түсінуге тырысады.

Үшінші кезең – ата-аналар оқыту процесінің негізгі қатысушылары. Мамандар оларға ойын өткізуге, жаттығу жасауға, психикалық даму процестеріне, әлеуметтік бейімделуге, қозғалыс координатының дамуы ұсақ моторика, т.б.

Практикалық жұмыс – бұл ата-аналармен өткізілетін жұмыстың ең ыңғайлы формасы. Олар өздеріне керекті тәжірибені жинай алады. Кең қолданатыны баласымен бірге сабақ қарау, анасына баласымен жұмыс істеуді демонстрациялау, әдебиеттерді оқу.

Дөңгелек үстел, семинар, тренингтерді ұйымдастыру ата-аналарға пайдалы ақпарат береді. Толғандыратын сұрақтарын бірігіп қарым-қатынас жасау барысында табады.

Психологиялық тренингтер арнайы білім алуды қажет ететін балаларды негізгі әлеуметтік белсендіру әдісі болып саналады.

Тренингтер – бірлесу нәтижесінде туындаған байланыстардың нәтижесінде тұлға арасында әртүрлілікті қабылдау.

Жеке дара жұмыс жасау егер ата-аналар маманды тыңдай алса, сабаққа дайын болса,ата-аналарға жақсы нәтиже береді. Ата-аналармен және балалармен жекелей жұмыс жүргізу өзіне мынаны қосады:

  • баламен жұмыс жасауды көрсету;

  • педагогпен өткізілген сабақтарды конспектілеу;

  • анасына тиімді әдебиеттерді оқыту;

  • ата-анасы мен баласының ойластырған шығармашылық ойын өткізуге көмектесу.

Топтық жұмыстар - тек қана ата-аналар жекелей жұмыс жасау барысында әріптестік танытып өткізілсе ғана жүргізіледі.

Мұндай жұмыстардың мақсаты – ата-аналар басқа балалармен байланысқа түсіп, бала мен балаңыз, үлкендер тіл табысу.

Балалармен ұйымдастырылған жұмыс түрлері әртүрлі: рөлдік ситуацияларды көрсету, релаксация.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде уақыт өте келе ата-ананың баласына оң көзқараспен қарағанын көре аламыз. Олар жұмсақ, түсінгіш, шыдамды келеді. Дамудың әржақты заңдылықтарын көрсете отырып, тәрбиенің дамуындағы әртүрлі модельдерді, баланың мінезіндегі ерекшеліктерді ескеруге болады. Ата-аналар баласының дамуындағы өзгерістерді оптимистік тұрғысынан бағалайды.

Мүмкіндігі шектеулі балардың динамикалық өзгерісі, емдік түзету іс-шаралары мен әлеуметтік оқытуға бейімдеу. Ол оның жеке бас клиникалық ерекшелігіне, интеллектуалдық құрылымына, сөзіне, физиологиялық кемістігіне, жеке тұлғалық ерекшелігіне байланысты болады.

ҚОСЫМША

Ата-аналармен жекелей әңгімелесу

Тақырыбы: «Көздің көруін қалай сақтауға болады?»

Сіздің отбасыңызда көзі нашар көретін бала өсіп келеді, оған ертеден-ақ алуан түрлі жоспарлы ақпараттар алуға мүмкіндік беру керек. Көздің көруі – біздің сыртқы әлем туралы біліміміздің ең күшті қайнар көзі, тірі табиғаттың ең бір күрделі, таң қаларлық және тамаша қасиеті, ақпараттардың 80%-ы көру канал байланысы арқылы түседі. Мамандардың айтуынша, қоршаған әлемді ми «көреді», ал көз торындағы оптикалық бейнелер түрінде жарық толқындарын ретпен қабылдау жүзеге асырады. Қоршаған ортаның бүкіл тамашалығын көру қабілеті адамдардың туа біткен қасиеті болып табылмайды.

Бала өмірінің алғашқы аптасында тек жарық пен қараңғы арасындағы күрт құламаларды ажыратады және 1 метр қашықтықта айқын контурларды қабылдай алады. Көздің көруі ең жылдам және басты фазалардың дамуы өмірінің бірінші жылдарында болады, бірақ бала өмірінің барлық кезеңінде «көруге» үйренеді, тек 7-8 жаста көздің көруі «толық жетіледі» және ересек адамдардыкы сияқты болады. «Көздің көруінде терең бұзылуы бар» балалардың көбінде көріп қабылдауы да дамиды, бірақ оның сапасы мен даму деңгейі нормаға жетпейді. Қазіргі заманғы медицинада оларды әр түрлі әдістермен емдеуге болады. Емделудің нәтижесінде кейде ұзақ мерзімді және үнемі көздің көруі қалпыдай болып келеді.

Көздің көруін сақтау баланы оны рационалды пайдалануға үйретеді – бұл отбасы жағдайында ата-аналарының ең басты міндеті. Баланы 2 жасынан бастап көзге арналған әр түрлі жаттығулар, оларды ойынға айналдыра отырып үйрету керек, сосын бұл ойындарды әдетке айналдыру керек. Көзге арналған барлық жаттығулар шамамен баланың жекелей ерекшеліктерін есепке ала отырып, офтальмолог-дәрігерлермен талқыланады (көз ауруының диагнозы, операциядан кейінгі кезең, емделу кезеңдері және т.б.).

Балаңыздың көздің-қимылы реакцияларының ерекшеліктерін білгеніңіз маңызды. Егер ол машинамен, қуыршақпен ойнағанды ұнатса, осы атрибуттарды қолданып ойнайтын ойындарды таңдау және ойлап табу керек. Қарапайым ойындардан бала мынадай «қимылды бағыттау» сияқты түсінікті игеруі қажет, көзқарасын байқау, тіл бағытына қарай заттарды жылжыту - бұрылыс, қарама-қарсы бағыт.

Мұндай ойындар үстел басында өткізген жақсы. Осы сияқты ойындар баланы объекті қимылы көзқарасымен «басқаруға» біртіндеп үйретеді. Балалармен кеңістік ұғымдары игеріледі: «көз алдында, солға қарай, оңға қарай, өзінен, кері, өзіне» және басқалар.

Ойын кезінде үнемі түрлі түсті ойыншықтарды қолданып, мейірімді атмосфера тудыру керек, баланың мінез-құлқын, оның көз қимылын, кеңістіктегі қимылсыз объектілерді қалай бөліп қарайтынын бақылаңыз.

Мынаны ұмытпаған жөн, көздің көру гимнастикасының негізгі принциптері келесілер болып табылады: жас кезеңін есепке алу, көздің көруінің бұзылуы, денсаулық жағдайы, үнемі жүргізуде біртіндеп қысымды көбейту.

Ерте жастағы көз көруінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің қалыптасуына және баланың жеке басына да теріс әсер етеді. Ерте адекватты, коррекциялық оқыту және тәрбиелеудің болуынан осы бұзылулар азаюы немесе тіпті жеңуі де мүмкін. Қалған көріп қабылдауын қалыптастыру және дамыту, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы осыған байланысты.

Нашар көретін мектеп жасына дейінгі балалар арнайы балабақшаларда немесе жалпы даму типті балабақшаларындағы арнайы топтарда тәрбиеленуіне болады. Сіздің балаңызға коррекциялық көмек көрсету, тифлопедагогпен бірге жұмыс істеу қажет. Сізге балабақша педагогымен жиі кездесіп тұру керек. Педагог Сізге балаңыздың қиыншылығы мен жетістіктері туралы айтады.

Балаға Сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз қажет, ол сіздің оны жақсы көретініңізді білуі қажет. Онымен үнемі атын атап әңгімелесіңіз, себебі атының дыбыстары оған белгі болуы үшін. Оның қандай жақсы екенін айтыңыз, түскі тамаққа, кешкі тамаққа не әзірлейтіңізді, ауа райы туралы үнемі әңгімелесіңіз.

Тақырып: «Ерекше бала»

Сіздің отбасыңызда Дауна синдромы ерекшеліктеріне тән айталықтай бір-біріне ұқсас туылғанда бірден пайда болатын ұл бала дүниеге келді.

Сіздің ұлыңыз дамуы үшін не қажет? Ерте дамыту оқытуы. Бәріне белгілі бала миы балаға оқытуда көмек көрсетілу жағдайы кезінде өте нәтижелі және жылдам дамуына қабілетті.

Сізге жағымды эмоциялық қарым-қатынасты дамытуға тырысуы қажет. Баламен әңгімелесе отырып, уақытша өзіңіздің қиыншылықтары мен жағымсыздық сәттеріңізді ұмытуға тырысыңыз, Сізге балаға өз стресстік жағдайыңызға берілмеу үшін тынышталуыңыз, босансуыңыз қажет. Балаңыз сізбен әңгімелесу үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады: көзқарасы, ым, жымиюы мен дыбыстары. Ұлыңыздың осы коммуникативті белгілерін байқау, түсіну және жауап беруіңіз маңызды. Балаға сөйлегенде көзіне қараңыз және күлімсіреуге тырысыңыз, басқа да отбасы мүшелерін баламен әңгімелесуге назарын аудартыңыз. Сіздің оған (сөздер, жесттер, ымдары) арқылы қатынасыңыздың мағынасы бар екенін, оның осы белгілерге белгілі бір мінез-құлықпен жауап беруді үйрету. Оны өте ұғынықты, қарапайым сөзбен, ұғынықты екпінмен айтуға үйрету. Осының нәтижесінде баланың сөздік қорын дамытуға көмектесесіз, балаңызға жақындағанда міндетті түрде есімін атап шақырғаныңыз жөн. Ойын кезінде және онымен бір нәрсе жасап жатқанда оның есімін жиі қолданыңыз.

Ересектермен біріккен іс-әрекет сөздің дамуын көтермелейді, оған үнемі ересектерден бір нәрсе қажет, яғни алу, алып беру, көрсеті, ойнау. Заттың атауын, әрекетті түсінуге үйретіңіз, оған суреттегі заттарды және суреттегі сюжеттік әрекеттерді көрсетуге үйретіңіз. Арнайы заттық-дидактикалық ойыншықтардың танымдық белсенділігін ынталандыру үшін ерекше маңызы бар, олардан құрастыруға, қорапты ашып, жабуға, шариктерді жинауға және жайып қоюға, пирамидадан сақинаны алып тастауға және тізуге болады. Сіз бала үшін сезімдік елестетулердің дамуында дидактикалық ойыншықтардың пайдалы екенін түсінуіңіз қажет, дегенмен олар тек заттың көлемі, формалары туралы ғана емес, сонымен қоса заттың байланысы мен қатынасу туралы нақты элементарлы ұғым, олар қоршаған ортамен өзара әрекеті туралы жалпы ақпарат береді.

Сіздің балаңыздың психикалық дамуы құрбыларынан айтарлықтай артта қалуда. Ұлыңызға түрлі әрекеттерді көрсете бастаңыздар: допты домалату, машинаны жүргізу. Допты бір-біріне қалай домалату керектігін көрсетіңіз. Машинаны алдыға-артқа жүргізуде қандай да бір дыбыстарды қолданып жүргізу, «др-р» немесе «би-би» секілді, егер ұлыңыз бірден сіздің допты домалату және машинаны жүргізу арқылы әрекеттеріне еліктемесе, онда оның қолын ойыншыққа қойып, дөңгелетіңіз, ойын кезінде 2 доп және 2 машина қолданыңыз, себебі біреуі сізге, ал екіншісі балаңызға. Машинаға әр түрлі заттарды (кубиктер, катушкаларды және т.б.) қаттап салуды және сосын қандай да бір жерге апарып, қай жерге төгетінін көрсетіңіз.

Пирамида сатып алыңыз, сақинаны оқтамаға қалай кигізу керектігін оған көрсетіңіз. Пластиктен жасалған, бір-біріне кигізілетін стақандарды ойнауға беріңіз. Оған міндетті түрде қалай жасалатынын көрсетіңіз және оған осылай ойнау керектігін айтыңыз. Балаға ойыншықтарды жәшікке салуды үйретіңіз, оған қолыңызбен ойыншықты көрсетіп «ал» деп айтып, сосын жәшікті көрсетіп «жәшікке апарып сал» деп айтыңыз. Пәтер бойынша баламен саяхат жасап жүріп, оған әр түрлі заттарды көрсетіп «мынау мамаңның туфлиі» т.б. деп айтыңыз.

Балаңызды сөзді түсінуге және айтуға үйретіңіз. Оны киіндіру кезінде оған көмектесуін сұраңыз: «Басыңды көтер», «Қолыңды бер» және т.б. Оған оңай, түсінікті әрекетті орындауды сұраңыз. Мысалы: ал, орнына қой, бер, көрсет, тербет және т.б.

Ойыншық пен заттарды қолмен көрсетіп және оларды атаңыз.

Ит немесе мысықты көрсетіп, бұл ит – ав-ав, мысық – мяу деп айтыңыз.

  • Балаңызды барлық қасиетімен қабылдаңыз және жақсы көріңіз, үнемі оны жақсы болу үшін тілектерін марапаттаңыз.

  • Балаға қалыпты сөздік ортаны құрыңыз.

  • Белсенді, пассивті сөздік қорды жинақтаңыз.

  • Форманы, түсті, көлемін, кеңістікті, қимылды қабылдауды қалыптастырыңыз.

Іс-әрекеттің продуквтиті түрлерін дамытыңыз (сурет салу, балшықтан жасау, құрастыру) және Сіздің жігеріңіз балаңыздың дамуына өз үлесін қосады әкеледі.

Тақырып: «Сіз балаңыз – басқа»

Сіз енді білген шығарсыз, отбасы үшін басты қиындық кезең – баланың туғаннан кейінгі алғашқы 3 жылы. Ал бала үшін – жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі өте маңызды. Осы жаста балаларда заттық әлем туралы алғашқы білім қалыптасады, «жақын ортасымен» өзара әрекеті жасқара түседі: туыстарымен, отбасы, достарымен. Осы жаста әлемді тану қаншалықты нәтижелі болады, оның қоршаған ортамен қатынасы қалай қалыптасады – оның нәтижелілігі болашағына байланысты болады ма?

Баланың осы жасында негізгі процестерді дені сау баладан психофизикалық бұзылуларымен айрықшаланады. Сізге жаңа, ертеде кездеспеген өмірде міндеттерді шешуге тура келеді, ал баланың әрбір жасы өмірінің өз ерекшеліктері бар. Ал бала өмірінің әрбір жылының өзінше ерекшеліктері болады. Қағидаларға сәйкес дамуында ақауы бар балаларды үйге әкелмес бұрын баланы перзентханада ұзақ уақыт болған, онда оның өмірін, күн тәртібін дәрігерлер анықтаған. Мен білемін, Сіз белгіліге қарағанда белгісіздіктен көп қортыңыз. белгісіздікке қарағанда нақты диагнозын білу және болашақ перспективасы жеңіл ауысады. Жақын туыстарыңызға балаңыздың мәселесі туралы хабардар етуіңіз керек. Жақындарыңыздан өз сезімдеріңізді жасырмаңыз, науқас балаңыздың проблемасына тұйықталып қалмаңыз, басқа балалармен сөйлесіңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Күнделік бастап, балада болып жатқан жағдайдың барлығын жазып отырыңыз. Күнделікке қоршаған ортаға реакцияларын, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін жазып отырыңыз. Онымен қоса олардың қабілеттерін ынталандыру:

  • Ересектердің сөздерін түсінуін дамыту;

  • Адамдардың айтқан сөздерді түсінуге, тұрмыстық сипатта қолданылатын заттарды, элементарлы әрекеттерді түсінуге, сондай-ақ қарапайым сөздерді үйрету.

Бала өзінің есімін, жақын адамдардың есімдерін, бірнеше оған таныс жануарлардың, тұрмыстық процестерді (жуыну, ішу, жеу, ұйықтау, киіну, серуендеу), сондай-ақ заттың атауын білдіретін (үлкен доп, қызыл жалау) сөздерді білуі қажет, түстерді айыруға үйрету. Осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуы жүреді, өзі туралы ұғым қалыптасады. Ол өзінің тілектерін қалаймын деп айта алады. Оның өз бетінше болып келе жатқанын байқайсыз. Осы кезеңде барлығын жоғалтып алмаған жөн, себебі балада өзіне деген сенімділік пен сыйласымдылық дамиды. Егер бала өзін жақсы көріп, сыйласа, онда ол басқаларға солай қатынасады. Танымдық іс-әрекетін пирамида, мұнаралар, матрешкалар, машиналар және т.б. ойыншықтарымен ойнау арқылы дамытыңыз.

Бірінші аптада үлкен және кіші заттарды көрсетіңіз, үлкен және кіші қадамдар жасаңыз, үлкен және кіші қадамға секіртіңіз және т.б.

Ойында біртіндеп рөлдік позицияларды енгізіңіз: әке, жүргізуші, дәрігер және т.б.

Баланы эмоционалды қолдау, оларға таңдану өте маңызды. Онда өзін-өзі сыйлау және жоғары өзіндік бағалау дамиды. Балаға көңіліңіздің толмауын қажет кезінде көрсетіңіз, бірақ оны жұмсақ, қылықтары қаншалықты нашар болса да жасаңыз. Баланы мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларына үйрету өте маңызды. Бұл дегеніміз бала белгілі бір тәртіп кезеңдерін орындау қажет (ойыншықтарды жинау, ұйықтау). Ол өз тілегі мен қызығушылығын, басқалардың қызығушылығын ескере отырып байланыстыру.

Сондықтан ересектер өздері балалармен қалай сөйлесетіні, эмоцияларын қалай көрсететіні, бір-бірімен қарым-қатынаста өзін қалай ұстауы өте маңызды. Осы мінез-құлық модельдерін есінде жинақтап, бала оларды өмір барысында қолданылады. Психофизикалық дамуы артта қалған балаларға арналған балабақшаларда немесе жалпы дамытушы түрдегі балабақшалардағы арнайы топтарда тәрбиелене алады. Сіздің балаңыз педагогикалық ұжымның ерекше назарына мұқтаж. Оған максималды мүмкін көлемде коррекциялық көмек көрсету керек (қосымша сабақтар ұйымдастыру, психолог, логопед, педагог мамандарымен біріккен жұмыс).

Қандай жағдайда болмасын, Сіздің балаңызға адекватты коррекциялық көмек, жекелей жұмысты қоса қажет етеді. Сізге балабақша педагогымен жиі кездесуіңіз керек, ол Сізге балаңыздың дамуының жетістіктері және қиыншылықтары туралы айтады.

Көңіліңізді түсірмеңіз, егер барлығы болмай жатса, ертелі ме, кеш пе, әйтеуір сіздің біріккен күш-жігеріңіз өз нәтижесін береді.

Өз балаңызды сол қалпында жақсы көріп, қабылдаңыз, сонымен қоса оның жақсы болу тілегін әрқашанда марапаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]